Желіде ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«10 жыл бұрынғы оқиға қайталанды»: Роза Әлқожа сахнада аяғын қайырып, тобығын жарып алды

«10 жыл бұрынғы оқиға қайталанды»: Роза Әлқожа сахнада аяғын қайырып, тобығын жарып алды

Танымал әнші, кәсіпкер Роза Әлқожа сахнада құлап, аяғын ауыртып алды. Бұл туралы /Stan.kz ақпарат агентігі жазды. Әнші гастролдік сапармен Қарағанды өңірінде жүр.

  “Ғайыптан тайып, құлап отырмын. Сынықшы апамның үйінен бір-ақ шықтым. Рзагүл апа осыдан жеті жыл бұрын да аяғымды салып беріп еді. Сол оқиға тағы қайталанды. Сахнада құлап, аяғымды ауыртқанда да осы кісіге келіп едім. Қасымда жүрген інілерімнің қалай алып келгенін айтпай-ақ қояйын”, – деп жазды өнер иесі.

Сонымен қатар, әншінің ұлы мен қызы да қатар ауырып жатқанын айтты. Өзі болса ән сапарға шығып кеткен.
  “Қызың үйде қызылша болып ауырып жатыр. Балаң да ауырып бастады. Ал, сен аяқты қайырып, сіңірің созылып, тобығың жарылып жатыр. Аналар ғана түсінетін жағдай. Балапанымның туған күні басталды. Бастысы жаратқан баршамызға ұзақ ғұмыр берсін! Қалғанын кейін жасап аламыз”, – деп өзін жұбатты әнші.
Автор
Нұрсұлтан