Шығыс Қазақстанда іздеу салынған 23 жастағы Алматы қаласының тұрғыны Медетхан Серімбетов табылды. Осыдан 1,5 жыл бұрын із-түзсіз кеткен жігіт жайлы қуанышты хабарды оның ағасы Алтайньюс редакциясына хабарлаған.
Фото: altaynews.kz
Табылған жігіттің ағасы Тәуіржан Серімбетов айтуынша, Медетхан Алматыдан табылыпты.
"Көптің тілеуі қабыл болып, Медетхан табылды. Бастысы, өзі аман. Қазір анасы екеуі полицияда мән-жайды анықтап жатыр", – дейді Тәуіржан Серімбетов.
Ол Медетханды іздеуде көмектескендерге, жігіттің аман-есен табылуына тілектес болған жандардың барлығына алғысын білдіріп отыр.
Жігіттің осы уақытқа дейін қандай себеппен хабар-ошарсыз жүргені белгісіз.
Еске сала кетейік, Алматыда тұратын Қызылорда тумасы Медетхан Серімбетов 2017 жылдың жетінші қарашасында Алматы қаласында ұшты-күйлі жоғалып кеткен.
Жігіттің туысқандары оны телеарналар, Rina.kz еріктілерінің көмегімен, тіпті ресейлік "Жди меня" бағдарламасы арқылы іздеген.
Сіздің реакцияңыз
Тағы да оқыңыздар
Дереккөз: kaz.nur.kz