Қазақ қызының мұңы: 6 жасымнан бастап туған екі ағам зорлап келді
Мамандардың айтуларынша, зорлық көргендердің 98 пайызы басындағы жағдайды айтпайды екен. Бұл кесел. Қоғамдағы дерт. Жас жеткіншектерді жәбірлеушілерге жаза қатаңдатылды. Былтырдан бері олар мерзімін тек қатаң тәртіптегі түрмеде ғана өтейді және мерзімінен шартты босауға құқығы жоқ. Алайда зорлық көргендер саны азайса кәні. Қазір қоғамдық ұйымдар белсене араласқан соң ішінара мұң шерін айтатындар табылып жатыр.
Бұл туралы «Басты бағдарламада» айтылды.
Не өзі кешіре алмай, не өзгеге айта алмай мұндай ауыртпашылықты арқалаған ару аз емес.
«Ол менің 6 жасымда болған оқиға. Ең бірінші ең үлкен ағам бастады, 75 жылғы. Күніне бірнеше рет зорлайтын», — деді ағаларынан зорлық көрген Асыл.
Әке-шеше малдың соңында. Қарындастарын қарайды деп екі ұлға қалдырған.
«Содан мамам қалай кетеді, екеуі тиіседі ғой бізге, зорлап қана қоймайды, қол жұмсайды, ұрып-соғады, неше түрлі жаман-жаман сөздер айтады. Мен 6-да болғанның өзінде үлкені 15-те, кішісі 14-те болады екен. Ол кезде олар толық жетіліп қойған балалар ғой уже. Содан мені 13 жасыма дейін зорлап келді», — деді Асыл.
«»Аудандық полиция бөліміне арыз жаздым. Суреттерімді апарып көрсеттім, міне, тілім тісімнің ортасында қысылып қалған ғой, қан талап кеткен тілім, мына мойным көгерген, ісіп кеткен, сөйтіп соны полиция қызметкерлері салғырттық қылып қараған жоқ арызды. Қазір мен 34-темін. Тұрмысқа шықпағам. Жігітпен де жүрген жоқпын. Ақыры соңында бір дертке шалдықтым. Қазіргі таңда мен сол диагнозбен өмір сүріп жатырмын. Жек көрем, шешемнің өзін жек көріп кеттім», — деді зорлық көрген Асыл.