Елжан Біртановтың соты – Қазақстан билік жүйесінің трагикомедиясы

0
425
Фото: Азаттық рухы

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың соты – Қазақстан билік жүйесінің кезекті трагикомедиясы.

Біріншіден. бұл «жария түрде жазалаудан» соң билікке деген халық сенімі өсе ме? Әрине, жоқ. «Жемқорлық», «қызмет бабын асыра пайдалану», «мемлекет қаржысын орынсыз шашу» сияқты істермен айыпталып, сотталған премьер-министр, әкім, министр сияқты үлкен қызметте болған шенеуніктің бірі ретінде бұл іс те халықтың «билік бізді тонап жатыр» деген тұжырымын бекіте түседі.

Екіншіден, бұл соттың қара қылды қақ жарар әділдігіне жұрттың сенімін арттыра түсе ме? Әрине, жоқ. Тағылып жатқан айыптарға, экс-министрдің қалай ақталғанына қарасаңыз, «кінәлілер жазаланады» деген Тоқаевтың бір ауыз сөзі үшін шама-шарқынша қызмет еткен азаматты «жазықты» етіп шығару әрекеті тұрғандай көрінеді.

Үшіншіден, бұл билік жүйесін жемқорлықтан, ысырапшылдықтан, парақорлық пен непотизмнен тазарта ма? Әрине, жоқ. Себебі, жүйенің өзі ең төменнен бастап осы «құндылықтар» негізінде қалыптасқан болса, әділ сот емес, «жоғарыдан түскен қоңырау» бәрін шешетін болса, бәрі сол қалпы қалатыны анық.

Мұхтар Сеңгірбай, Facebook парақшасынан