Тоқаевқа Мәскеудегі парадқа шақыру келген жоқ — арнайы өкіл

0

Тоқаевтың жұмыс кестесінде Мәскеуге сапар жоспарланбаған. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли айтты.

«Президенттің Баспасөз қызметіне БАҚ өкілдерінен Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған парадқа қатысатын-қатыспайтынын сұраған сауалдар келіп түсіп жатыр.

Ресей тарапынан парадқа шақыру келген жоқ. Сондықтан Мемлекет басшысының жұмыс кестесінде Мәскеуге сапар жоспарланбаған» дейді Б.Уәли.