Өз бауырыңның үйін паналап жатып, шаңырағына от қоюға бола ма?

0

Мен – Пантүркистпін. Барша түбі бір түркіні өз бауырым деп білемін.

– «Бауыр» деп білсең неге ұйғырларға көңілің жарты отырсың? – депті.

– Жауап берейін. Иә, ұйғыр менің бауырым. Оның басына келген қайғы менің де қайғым. Бауыр болғандықтан проблемаларымызды ашық талқылап үйренсек енді. Көпке топырақ шашпаймын.

Бірақ, ол бауырларымыз өздерін қажетті деңгейде ұстай алды ма? Олар бізді солай қабылдай алды ма? Қытайдағы қазақ не үшін ұйғырды ұнатпайды? Өйткені, ол жақтағы ұйғырдың да қазаққа жасаған әділетсіздіктері жетіп артылады. Не үшін елдегі қазақтар ұйғыр бауырларды жақтырмайды?

Өйткені, олар біздің елді паналап отырған бауырлардың ішіндегі ең «проблемный» бауыр. Өз бауырыңның үйін паналап жатып, шаңырағына от қоюға бола ма? Ол бауырластыққа жата ма? Неге Шонжыға яки Шыңжанға барған қазақтардың 90% ұйғыр ағайынға байланысты негатив пікір айтып келеді? Алматы облысындағы «бауырларымызбен» болған конфликттер әлі халықтың есінде. Сол бауырларымыздың әкімдікте тұрған Қазақстан туын алып тастап, «Ұйғырстан» туын іліп қойғаны ше? Ұйғыр жастарының мемлекеттік әнұранымызды бәрі дауыстап, «Туған жерім менің Ұйғырстаным» деп әдейі бұрмалап жүргендері ше? Өзара әңгімелессе, Ұйғыр ауданын автономиялап алу жөнінде айтылар әңгімелері ше? Қазақстан азаматтары бола тұра, көліктеріне ұйғырдың туын желбіретіп, қазақты менсінгісі келмейтін әдеттері ше? Өткізіп жүрген іс-шараларында «әлі құрылмаған мемлекеттерінің» жоқ туын көтеріп, ал өзі тұрып жатқан елдің, өзінің қазақ бауырының көк туын көтеруді «заподло» көретін қылықтары ше? Қазақтың жерінде тұрып жатса да, тұрғылықты жерлерінде қазақтың бір элементтерін көргісі келмейтін қандай «бауырластық» олардікі?

Шымкенттегі 90% өзбектер тұратын Сайрам ауданын қазақ аудандардың үлесіне бөліп тастаған кезде де өзбек бауырлар ештеңе деген жоқ. Қабылдады. «Қазақ бізді жұтайын деп жатыр» деп бос шулап ешқандай наразылық жасаған жоқ. Қалай өмір сүрді, солай өмір сүріп жатыр. Татумыз. Бәрі қазақша сөйлей алады. Бір топ өзбек жігіттің арасына барсаң, саған бәрі қазақша сөйлейді. Тіпті, көліктерінде қазақша әндер естіліп тұрады. Құрметтерін құрметтеп кеткенің соншалық өзің өзбекше сөйлеп кетесің, кейде. Бәрі өз тілдерінде білім алып жатыр. Мәдениетін білеміз. Тойларымызда өзбекше әнге билеуге ұялмаймыз. Керісінше, сол бауырмалдықтың себебінен локалдық брендтеріміздің біртұтас болып кеткен.

Ал, ұйғыр ағайындар ше? Ұйғыр ауданының атын Шарын деп ауыстырғалы ұсыныстың өзінен қазақтарды сыбап әлек. Араларына қазақ көшіп барса, сыйыстырмай жіберетін не әдет олардыкі? Ренжуге қақымыз бар ма? Бар.
Қара шаңырақта отырған қазақ бауырларына осындай қарым-қатынас жасап отырған соң, ұйғыр бауырларымыз Қытайдағы мәселе бойынша бізден қандай қолдау күтіп отырғанын түсінбеймін. Егер, Қазақстандағы ұйғырлар осы уақытқа дейін әлгіндей әрекеттерімен өздеріне негатив жинамағанда, бүкіл ел болып ұйғырды қолдайтын бірінші «бауыры» біз болар едік.

Сондықтан, егер бұл бауырларымыз біз тараптан мұңына ортақтасар деген қолдау күтсе, бірінші кезек өздерінің әрекеттері мен көзқарастарын қайта қарап, ақсақалдары мен ел ағалары жас буындарына дұрыс ақыл көрсетуі керек деп ойлаймын. Еліміздің азаматы боп жүргендер шаңырақ иесінің өз деңгейінде құрметін орнына қойып, бір кісідей осы елдің дамуына, халқымыздың біртұтас ауызбіршілікте болуына үлестерін қосуы керек. Қазақ елі күшейсе ғана қалған барлық «тұтқындағы» бауырлардың азат болуына жол ашылады. Біз оларды қолдамай жатқан жоқпыз. Қолдан келгенше әзірге аз да болса демеуіміз бар. Түркия сияқты «Қытайыңды қырып-жоя қаламыз!», «Әскер кіргізіп, быт-шытын шығарамыз!» деп ұрандап өтірік ұпай жинап, ал нақты іске келгенде дым болмағандай отырған жоқпыз. Біз шынайы мойындап отырмыз. Қазір әлсіздеу екенімізді, сөзіміз һәм тіліміз өтпейтінін, сес көрсете алмайтынымызды ашық мойындап отырмыз. Ол жақтағы қазақтың мәселесі шешілсе, ұйғырдың да мәселесі жеңілдейтінін онсыз да білеміз. Мемлекет белгілі деңгейде дипломатиялық күштерін салып әрекет жасап жатыр. Кейбір шолақ белсенділердің пікіріндегідей Қазақ Дипломатиясы тезек теріп жүрген жоқ деп ойлаймын.

Ұйғыр мемлекеті бір күн құрылады. Мен оған сенемін. Сенуім керек. Бірақ, қазіргі жағдай, қазіргі менталитет, қазіргі білімсіздік, қазіргі өз-өздеріне, өз бауырларына деген қарым-қатынас ол күнді жақындата қоймасы анық. Артық айтсам, кешірім өтінемін. Бірақ, бұл ойланатын мәселе деп ойлаймын. Екі жаққа да.

Садық Шерімбектің facebook парақшасынан

Abai.kz

Abai.kz