«АрселорМиттал Теміртау» комбинатындағы апатты тергеу мерзімі ұзартылды

0

Қарағанды облысы өндірістік қауіпсіздік департаментінің ақпаратына қарағанда, тергеу мерзімінің ұзаруының себебі, оттегі цехындағы құбырдың жарылуына жүргізілген сараптаманың нақты қорытындысы әлі дайын болмаған.

АМТ компаниясының атқарушы директоры Вадим Басин осыған дейін, алдымен апаттың себебін анықтау керек деп мәлімдеген.

10 қараша күні кешкісін комбинатта апат болып, бес адам зардап шеккен. 12 қарашада апатты тергеу комиссиясы құрылған.

Елдегі төтенше жағдай комитеті цехта үш құбыр (оттегі, азот және ауа сығындысы) мен газ құбыры жарылып, өртке ұласқанын хабарлаған.

Abai.kz

Дереккөз: https://abai.kz/