Студенттер далада қаңғып жүр

0
194

Түркістан қаласының дамуы қарқыны жоғары. Қала дамыған сайын Қазақ-түрік халықаралық университетіне түсушілерді көбейген. Осыны білген оқу орны былтыр жатақхана саламыз деп, жақсы жаңалықты жар салған. Бірақ сол жаңалықтары өздерінің бауының арасында қазылып, көміліп кетті.

Алыс шетелден келіп оқығандар елдеріне айтып барады екен. Біз қазақ қашанда қонағын сыйлаған халықпыз. Бірақ бұл универге бәрібір. Себебі бастаған ісін жарты жолда тастағандар студенттерін көшеге тастаудан арланбайды.

Ех, жарайды! Бұл шетелдіктердің басымы ер азаматтар. Ал, біздің қаракөз қыздарымызда қандай айып бар? Күнде әр бөлмеден-бөлме секіріп жүр. Оқу орнының басшылығының бірі келіп реттелетінін айтты. Бірақ оның жүрісі бөлмеден басқа нәрсені реттейтін сияқты.

Алдындары толық жататын жастарға 1-2 курс жоқ кезде қалай сыймай қалды. Ертең 1 семестрден соң олар келген соң 3-4 мың жас көшеде қалайын деп тұр. Ай санап жүрген көкелер, малдың жағдайын реттей алмадыңдар. Мүмкіндік болса адамның жағдайын реттеңдерші. Онсызда карантин деп студенттің білімдері әлсіреді. Ертең пәтер іздеп тағы нашарлайды. Сосын тек к… укол салғаннан басқасын білмейтін болады.

Тағы бір айта кетерлігі былтыр ғана жатақхана 25-30 мың арасы еді, биыл 80-100 мың арасы. Бірақ, сол баяғы жағдай. Айтарлық ештеңе өзгермеген. Міне деп айтатын уайфайдың өзі жоқ. Есіктің құлағымен душтың ағызатын бұрағышын айтпасамда болады.

Олжас МАМЫР  Facebook  парақшасынан алынды.