70 жасында балалы болды

0

Ол Жер бетіндегі босанған әйелдердің ең кәрісі ретінде тіркелді. Бұл туралы «Азаттық рухы»  Mirror  сайтына сілтеме жасап хабарлады.

70 жастағы Дживунбен Рабари мен 75 жастағы Мальдхаридің шаңырақ көтергеніне 45 жыл болған. Олар ұзақ уақыт бойы балалы болуға тырысқандарымен,  барлық әрекеттері сәтсіз аяқталған. Нәтижесінде Дживунбен жасанды ұрықтандыру көмегімен жүкті бола алды.

Ерлі-зайыптылар жасанды ұрықтандыру қызметіне жүгінген доктор Нареш Бханушали журналистерге берген сұхбатында әуелде олардың бұл идеясын күмәнмен қабылдағанын айтты.

«Олар клиникаға алғаш келгенде, біз олардың жасына байланысты енді ата — ана бола алмайтындықтарын айттық, бірақ олар алған беттерінен қайтпады», — деді дәрігер.