Балаларды жыныстық қатынасқа үйретіп жатқан қойылым

0

Фейсбук әлеуметтік желісінде ақын Балтабек Нұрғалиев ұрпақ тәрбиесіне қатысты ішкі жанайқайын өлеңмен жеткізді деп жазады Kznews.kz ақпараттық порталы.

«Құрметті Қырымбек Елеуұлы! Қазақстан Республикасының мәденит және спорт министрлігіне бағынысты Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атындағы мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында Чехов пьесасы бойынша «Шағала» атты спектакль жүріп жатыр. Мынау төмендегі суреттерде сол спектакльдегі көріністер. Балалар мен жасөспірімдер театрында бұндай спектакльдерге жол берілуі дұрыс па?

Ақтоты Рахметоллақызы бұл туралы 26 қыркүйекте білді, 28 қыркүйекте Президент Қ.К.Тоқаевтың қабылдауында болды. Бірақ министр бұл туралы ақпаратты Мемлекет басшысынан жасырып қалған секілді»,- деп жазады ақын. Сонымен қатар ол бұл сөздерін өлеңмен де өріпті.

 Елеуұлы Қырымбек,

Таныр халық «ұлым» деп.

Ақтотыдай бір ханым,

Қасыңда жүр күлімдеп.

Сол ханымның саласы,

Бүгін олқы білінбек.

Бір сауалды айтамын,

Бір салақтық байқадым.

Қойылымнан келеңсіз,

Басымды мен шайқадым!

Қойылым бұл – «Шағала»,

Қонбай қойған санаға.

Дүние ме бұл өзі,

Ұсынатын балаға?

Бұл қойылым бүгінде,

Таза қазақ тілінде,

Мүсірепов Ғабиттің

Театрында жүруде.

Көріп бұны, таң қалғам,

Министр қалай аңғарған?

Театр ғой бұл, білсеңіз,

Балаларға арналған!

Орын алған төрлерден,

Дәрежесі мөрленген,

Министр ханым бұндайға

Қалай ғана жол берген?

Президент бұны құптай ма,

Бұдан ластық шықпай ма?

Ақтотыдай министр,

Ұрпақ жайын ұқпай ма?

Балтабек НҰРҒАЛИЕВ