Қазақ қорлаған қызды шетелдік төбесіне көтеруде

0

Қара нәсілді жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызының оқиғасы қазақ қоғамын әлі де қызу пікірталасқа түсіруде. Өзге ұлт өкілімен қол ұстасқан қазақ қызының бұл әрекетіне қатысты пікірлер легі де қым-қиғаш. Солардың бірі Ainur Tolybayдың пікірі үлкен талқыға түсті. Әлеуметтік жазбаны назарларыңызға ұсынып отырмыз. Сіз де өз ойыңызбен бөлісіңіз.

“Бір құрбым Польша азаматымен тұрмыста, 2 қызы бар, шетелде тұрады, ауылдағы ата-анасына күйеуі екеуі қарасып, көмектесіп тұрады, өзі бақытты өмір сүруде.

Тағы бір құрбым бар палестиналықпен тұрмыста, Қазақстанда тұрады, үйлі-жайлы, 1 қыздары бар, жолдасы тек өзін ғана емес, анасын, туыс-бауырларының бәрін қалай құрмет тұтатынын көрсеңіздер, барлық қазаққа үлгі.

Тағы бір құрбым Америка азаматымен тұрмыста, тағы біреуі Бельгия азаматымен тұрмыста… біраз құрбыларым шетел азаматтарымен тұрмыс құрып, бақытты ғұмыр кешуде.

Ал енді Қазақстанға келсек, бір кластасым бар, қазақтың жігіті ізінен қалмай алып қашты, 2 балалы болғанда қолындағы 6-айлық баласымен қуып шығып, өзі бөтен әйелдің қолына кіріп алды, алимент төлемейтіні өз алдына…

Тағы бір кластасым бар, ауылда күйеуге шыққан еді, жолдасы наркоман, ұрып соғып, отбасын ойрандата берген соң әрең қашып шығып, басқа қалаға кетіп тығылып жүрді көп жылдар, кейінірек басқа ер азаматқа тұрмысқа шығып, дүкенде жұмыс жасайды…

Әйелін сабап, өртеп, пышақтап жатқан оқиғалар туралы айтпасақ та білеміз, әрбір Қазақстандықтың ең жоқ дегенде осындай бір көршісі немесе танысы бар. Енді осындай жағдайдан кейін ешкімді сынап-мінемей, үндемей отырса болады ғой. Әшейінде ұятшыл халықпыз, неге осындайда ұялмаймыз???

Ана тілі деген ұғым бар, қазақтың қызынан туылған бала әйтеуір қазақшаны қолданады. Ұлт қамын ойлаған жігіттер тек қазақша сөйлейтін қазақ қызына үйленсін, туған балалары қазақша сөйлейтін болады.

Менің айтқым келгені- қазақтың бәрі жаман деген сөз емес, қазақ қызы қайда жүрсе де аман жүрсін, бақытты болсын, балалы болып, туған баласы қазақ тілін білсін деген тілек. Қазақстанда «қазақ» пен «қазақ» здрасти деп жүргенге ешкім назар салмайды, күйеуге шыға алмаған, күйеуінен бас сауғалағандарды мүлдем ойламаймыз. Ал ілеуде біреу шетелдікке тұрмысқа шығып жатса, бөріше шулаймыз.

Еврейлерде қыздан туған бала да еврей, ұлдан туғаны да еврей. Осылайша санын көбейтіп жатыр. Өзі аз қазақпыз, бір-бірімізді бөріше талағаннан тиетін зиян тек өзімізге..”