Кез келген білімді жүрекке тоқу маңызды |

0

Омар Жәлелеұлы. Өткен ғасырларда ескілік саналып, шыңырауға көмілуге шақ қалған ұлттық кодымызды қайта жаңғыртушы, насихаттаушы. Бір кезде «Халық жауы» деген айып тағылып, шығармалары ескерусіз қалған айбоздарымыздың ілімі арқылы ұлттық болмысқа қайтуға үндеуші бірегей тұлға.


…….

– Шәкәрімнің лексиконында «таза ақыл» деген сөз бар. Осы сөзге тоқтала кетсеңіз…
– Ақыл екі түрлі болады: таза ақыл және кір­лі ақыл. Адам тән, жан, ақылдан тұ­рады. Егер адамның ақылы тән қалауына қызмет етсе, онда ол кір­лейді екен. Оның көмектері теріс көмек. Ке­рі­сінше тән ақыл­­ға бағынған кезде ақыл та­за­ра­ды екен. Сонда ақыл тап-таза болып, ол өзі­нің дүниеге келген мақса­тын орындай бастайды. Жан құмары деген бар, ал жан құмары не десек:
Жан құмары істемек, біліп алмақ,
Бөгет бола бере дене салмақ,
Асыл іздеп асылды аласұрар,
Амал бар ма денесіз қайда бармақ, – дейді Шәкәрім. Сонда біздің ақылымыз қашан та­зарады? Нәпсінің құмарынан азат бо­лып, автономды еркіндікке шық­қан кезде та­зарады екен. Сол кезде ол адаспай осы өмірге келгендегі мақсатын орындай бастайды. «Рух деген – мінсіз таза ақыл» дейді Шәкәрім. Қазіргі көп адам­дардың ақылы ертең 70-90 жыл өмір сүріп, шіріп жоғалатын денеге кетіп жа­тыр. Ал шын мәніндегі ақыл Құдайды та­нуға, дүниені тануға, өзін тануға жұм­салуы тиіс. Қазіргі көп қазақтың ақылы отбасын асырауға жетпей отыр. Шәкәрім: «Ақыл әбден таза­рып нәпсі мәселесінен көкке көтеріл­ген­де, құстай шартарапты шарлағанда, бәрін барлай алады», – дейді.
«Ақыл құсы адаспай аспандаса,
Әлемде нәрсе болмас одан таса,
Жеті көк жерден оңай басқыш болып,
Ғарышқа қол жетеді қармаласа», –
дейді. Яғни, нәпсінің қармағынан құтыл­ған ақылды «таза ақыл» дейміз. Ал кірлі ақыл – денеге қызмет еткен ақыл…

Сұхбаттасқан
Едіге БӨКЕЙ


(Сұхбаттың толық нұсқасын газеттен оқи аласыздар)

Қазақ әдебиеті