«Бәрі жақсы болады»: Есей Жеңісұлы алты жылға сотталған Әлімбековаға жұбату айтты — новости Казахстана

0

Құрбысынан 40 мың АҚШ долларын алып, «алаяқтық» бабымен істі болған Гауһар Әлімбековаға танымал журналист жұбату айтты. Спорт комментаторы Есей Жеңісұлы өзінің де кезінде жұрттың арандатуына ұшырағанын жасырмады деп жазады NUR.KZ.

Есей Жеңісұлы, Гауһар Әлімбекова. Фото:Otyrar.kz, видеодан кадр. Коллаж: NUR.KZ

Есей Жеңісұлы, Гауһар Әлімбекова. Фото:Otyrar.kz, видеодан кадр. Коллаж: NUR.KZ

Журналистің айтуынша, біраз жыл бұрын өзінің басынан да пәтер мәселесіне қатысты қиындықтар өткен.

Сондай-ақ спорт комментаторы Гауһар Әлімбекованың адалдығын сөз етті.

Естеріңізге сала кетейік, 30 қаңтар күні Гауһар Әлімбекованың «алаяқтық» үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылғаны белгілі болды.

Ал танымал журналист Бибігүл Дәулетбекқызы көпшілікке әншінің қарыз болған 40 мың АҚШ долларын жинап беруді ұсынды.

Отандық әншілер де журналистің сөзіне қолдау білдіріп, Гауһар Әлімбековаға көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Дереккөз: kaz.nur.kz