Реферат: Факторинг Форфейтинг операциялары Траст операциясы

0

Факторинг операцияларының жүзеге асырылу негізіне факторинг туралы келісім – шарт жатады. Онда факторинг операциясының төмендегідей жасалу шарттары көзделеді: төлем талабының мәліметтері, факторинг операциясы бойынша сомадан төлейтін сома, өтеу сый ақысының мөлшері, факторинг келісім — шартын бұзу жағдайлары және тараптардың ойлары бойынша басқа да шарттар.
Сонымен қатар, онда тараптардың өздеріне алған міндеттемелерін орындай алмаған жағдайлардағы жауапкершіліктері де қарастырылады. Ондай жағдайда тараптар бірінің алдында бірі жауап беруге тиіс. Факторинг бөлімі өзіне алған міндеттемесін орындай алмаған жағдайда, оны құрушы банк материалдық жауапты болып табылады. Шетел іс – тәжірбиесі шағын және орташа кәсіпорындар үшін сондай – ақ келешекте өндіріс көлемі өсетін, алайда дебиторлардың төлемдерінің уақытысында түспеуінен ақшалай қаражатқа мұқтаж қайтадан құрылған кәсіпорындар үшін факторингтік айрықша тиімді болатындығы көрсетіп береді.
Факторингтік операциясының негізінде жөнелткен өнімі үшін жеткізушінің фактура – шотын банктің сатып алуы және жеткізушінің банкке өнімді сатып алушыдан төлемді талап ету құқығын табыс етуі жатады. Сондықтан да факторингтік операция, сонымен бірге, жеткізушінің сатуын несиелеу немесе жеткізушіге факторингтік несиені беру деп аталады.
Факторингтің екі түрі болады: ауқымды (конвенционды), шектеулі (конфедиенциалды). Тарихта оның ауқымды түрі бірінші пайда болды. Қазіргі жағдайда бұл – бухгалтерлік есеп, жабдықтаушылар және сатып алушылармен есеп айырысу, несиені сақтандыру және т.б. қамтитын клиенттерге қаржылық қызмет көрсетудің әмбебап жүйесін сипаттайды. Клиенттің мұндағы қызметі тек қана өндіру болып табылады. Бұл жүйе клиент – кәсіпорынға өндіріс пен өнімдерді сату шығындарын қысқартады. Өзінің мәні жағынан факторингтің бұл түрі жөнелтілген тауарларға берілетін несиені білдіреді. Соңғы жылдары шектеулі факторинг те біршама дамып келеді. Шектеулі факторинг бірнеше операциялардың орындалуымен байланысты; ақша алуға құқығын беру, қарызды төлеу және т.б. Шектеулі факторинг клиент – жабдықтаушы үшін жөнелткен тауары үшін берілетін несиені сипаттаса, ал клиент – сатып алушы үшін төлем несиесін сипаттайды. Факторинг операцияларын жасағаны үшін клиенттер банкке келісім – шартта көрсетілген төлемді төлейді, ол өзінінің экономикалық мазмұны жағынан несие үшін төлейтін пайызды білдіреді.
Факторингтің бірегей құқытық негізін құру үшін 1988 жылы Халықаралық факторинг туралы конвенция бекітілген. Халықаралық факторинг туралы кез келген келісім шарт төменде берілгендердің кемінде екеуін қамтуға тиіс:
• Аванс және несие беру жолымен жабдықтаушыны қаржыландыру;
• Төлем талаптарына жататын жабдықтаушының шоттарын бухгалтерлік жағынан өңдеу;
• Борышқорлардан ақшалай қаражат алу;
• Жабдықтаушыларды олардың борышқорларының төлем қабілетсіздігі жағдайынан қорғау.

Факторинг мәмілесін ұйымдастыру 1 — кесте

Факторинг мәмілесін жүзеге асырудан бұрын толық талдау жүмысы жүргізіледі. Кәсіпорыннан тапсырыс алғаннан кейін факторинг компания немесе банктік фактор бөлімі 1-2 апта ішінде клиенттің экономикалық және қаржылық жағдайын зерттейді. Егерде кәсіпорын факторинг компаниясы немесе банктік фактор бөлімінің клиенті бола қалған жағдайда, ол факторинг компаниясына сатып алушыға жіберілетін барлық шот – фактураны тапсырады. Әрбір құжат бойынша клиент төлеуге келісім алуға тиіс. Факторинг компаниясы барлық шот – фактурамен таныса отырып, сатып алушының төлем қабілетін анықтайды. Бұған 2-3 күн мерзім уақыт қажет етіледі. Факторинг компаниясы төлемнің уақыты жеткен кезде немесе мерзімінен бұрын төлей алады.
Әлемдік тәжірибеде факторинг қызметінің құны мынадай екі элементтен тұрады: оған берілген құжаттарды оған берген мерзімнен бұрын төлеу барысында алынатын комиссия және пайыз. Комиссия шот – фактура сомасынан белгілі мөлшерде ( әдетте, 1,5 – 2,5 % ) деңгейінде белгіленеді. Мәміленің көлеміне қарай комиссия сомасы да өсіп отырады. Факторинг ережесі бойынша несие үшін төленетін пайыз мөлшерлемесі ақша нарығындағы мөлшерлемеден 1-2 пайыздай жоғары болып келеді.
Факторинг тік қызмет көрсетудің негізгі мақсаты – клиенттің дебиторлық шотын инкассациялау және оның пайдасына тиесілі төлемдерді алу. Бұл қызметті фактор клиентке қаржыландыруымен де көрсетуге де болады.
Бірінші жағдайда факторингтік компанияның клиенті шаруашылық келісімшартына сәйкес мерзімде ( 30 күннен 120 күнге дейін ) клиенттің пайдасына төлемді алу мақсатында өнімді жөнелтіп, компания арқылы өзінің сатып алушысына шотты ұсынады. Қаржыландырумен шотты инкассациялау жағдайында факторингтік компания клиенттен жөнелтілген тауар құнының 80-90 % — ін жедел төлеу шартыарқылы фактура – шотты сатып алады, яғни өз клиентінің айналым капиталын аванстайды. Жөнелтілген тауардың резевтік 10- 20% — і клиентке төленбейді, сатып алушыдан оған өнімнің сапасына, бағасына байланысты сақтық үшін жеке шотта брондалады.
Мұндай қызмет көрсетулер жұмыс істейтін кәсіпорындардың қажеттіліктерін толықөией алады, өйткені бұл оларға төлем мерзімі ұзартылған сатуды факторинг арқылы жедел төленетін сатуға айналдыруына мүмкіндік береді және осылайша өз капиталының қозғалысын жылдамдатады.
Фактура – шотты дисконттағаны үшін факторингтік компания клиенттен мыналарды өндіріп алады:
1. комиссиялық ( шотты инкассациялағаны үшін );
2. факторингтік несие бойынша процентті. Ол несиенің берілген күнінен бастап сатып алушыдан өнім үшін алынатын қаражаттың түсу мерзіміне дейін алынады. Бұл процент әдетте есептік мөлшерлемеден 1 – 2 тармақ жоғары болады.
Қаржыландыру (несие) факторингісі екі түрде болуы мүмкін: ашық және жабық.
Ашық факторинг – бұл жабдықтаушының факторингілік компанияға фактура – шотты табыс еткені жөнінде төлеушіге хабардар ететін факторингтік қызмет көрсетудің формасы.
Жабық факторинг – ол жеткізушінің тауарын сатуды несиелеуге арналған қаражаттың жасырын көзі ретінде қызмет етеді, өйткені, клиент контрагенттерінің бірде – біреуінің факторингтік компанияның оған фактура – шотты табыс еткенінен хабары болмайды. Бұл жағдайда төлеуші жабдықтаушымен есеп айырысады, содан соң ол төлемді алғаннан кейін оның тиісті бөлігін несиені өтеу үшін фактоингтік компанияға аударуы қажет. Жабдықтаушы мен факторингтік компанияның арасындағы келісім бойынша қаржыландыру факторингісі кезінде кері талап құқығы яғни факторингтік фирманың сатып алушының төленбеген шотын факторингтік фирмаға несиені өтеуді талап етумен қайтарып алу құқығы қарастырылуы мүмкін. Әлемдік тәжірбиеде кері талап факторингісі сирек қолданылады әрі факторингтік фирмалар төлемсіздіктің бүкіл қатерін әдетте өз мойындарына алады.
« Фактураны дисконттаудан » басқа факторинг компаниясы клиенттің негізгі қаржы – шаруашылық қызметімен және есеп айырысумен байланысты бірқатар өзге қызмет көрсетулерді орындайды:
• дебиторлық берешектердің толық бухгалтерлік есебін жүргізеді;
• есеп айырысуларды ұйымдастыру, шаруашылық келісім шартын бекіту, төлемдерді уақытылы алу және т.б. мәселелері бойынша кеңес береді;
• өткізу нарығы, тауарлардың бағасы, келешектегі алушылардың төлем қабілеті және т.б. жөнінде ақпарат береді;
• көлікпен жеткізу, қоймада сақтау, сақтандыру, жарнамалау және өзге де қызметтерді ұсынады.
Бұл жағдайда факториг клиентке қаржылық тұрғыдан қызмет көрсетудің әмбебап жүйесіне айналады. Клиент тек өндірістік функцияны ғана орындаса жетіп жатыр. Факторингтің мұндай формасында клиент өзінің штатындағы қызметкерлердің санын қысқарта алады, бұл өнімді өндіру және өткізу бойынша шығынды кемітуге мүмкіндік береді. Алайда, клиенттің факторингтік компанияға толық тәуелді болып қалуы қаупі орын алады, өйткені, мұндай қарым – қатынас өз клиенттерінің ісіне фактордың толық хабардар болуына, фактордың ықпалы мен бақылауынан клиенттің шыға алмауына әкеп соқтырады.
Факторингтік компания мен клиенттің арасындағы өзара қарым – қатынастың құқықтық негізіне тараптардың міндеттері мен жауапкершілігін анықтайтын келісімшарт жатады. Ішінара алатын болсақ, онда факторинг түрі, факторингтік несиенің мөлшері және осы несиенің проценттік мөлшерлемесі, комиссиялық – делдалдық қызмет көрсетудің барлық түрі бойынша комиссиялық сыйақының шамасы, өзара міндеттемелерді орындаудың кепілдемесі және олар орындалмаған жағдайда тараптардың материялдық жауапкершілігі, құжаттарды ресімдеудің тәртібі, сондай – ақ тараптардың қалауына сәйкес өзге де шарттар қарастырылады.
Факторингілік операцияның қатерлі сипаты болдаы. Сол себепті де факторинілік компания клиентпен келісімшартқа отырмастан бұрын оның төлем қабілеттілігіне көз жеткізуі тиіс; оның балансының өтімділігі, дебиторлық берешегінің құрамы иен ұзақтығы, шығарылатын өнімдерді өткізудің мүмкіндігі, өткізу нарығының коньюктурасы, келешектегі клиенттің өнімдерін сатып алушылардың тобы және олардың төлем қабілеті секілді көрсеткіштерді талдауы керек.
Бұл үшін баспасөздегі ақпарат, өз агенттерінің мәліметтері, банк клиентурасының несиені өтей алатын қабілетін зерделейтін материалдар, клиенттің бухгалтерлік есеп берулері және өзге де материалдар пайдаланылады. Аталмыш талдау мәсележағымды жағына қарай шешілген жағдайда екі аптаның ішінде қарастырылуы керек. Клиент пен факторингілік компанияның арасында бекітілген келісімшартта шекті сома қарастырылады. Бұл сома бойынша клиентке факторингілік несие беріледі немесе құжат инкассоға қабылданады.
Лимиттің мөлшерін анықтау үшін клиент факторингілік фирмаға өзіндегі сатып алушымен жасасқан шаруашылық келісімшартын ұсынуы керек. Факторингілік қызмет көретудің келісімшарты әдетте кем дегенде 1 жылға жасалады.
Факторингтік бөлімнің міндеті – келісімшарт және ақылы негізде кәсіпорын үшін тауарлар мен қызмет көрсетулердің есеп айырысуын жылдам аяқтаумен байланысты бірқатар несиелік – есеп айырысу операцияларын орындау.
Бүгінгі таңда факторингілік бөлім өз клиенттеріне мынадай негізгі қызмет түрлерін ұсына алады:
1. жабдықтаушы кәсіпорыннан факторингпен мәліметтері алдын ала келісілген белгілі бір сатып алушыдан немесе сатып алушылардың тобынан тауарлық операциялар бойынша төлемді алудың құқығын сатып алу ( жөнелтілген тауарлар мен көрсетілген бойынша мерзімді берешекті сатып алу;
2. жабдықтаушы кәсіпорыннан жөнелтілген тауарлар мен көрсетілген қызметтер бойынша сатып алушы мерзімінде төлемеген дебиторлық берешекті сатып алуды жүзеге асыру ( мерзімі кешіктірілген дебиторлық берешекті сатып алу );
3. өз клиенттеріннен вексельді сатып алу.
Бөлім бірінші топтың қызметі бойынша өзінің қаражат есебінен жабдықтаушыға оның төлеушіге қойған төлем талап – тапсырмасының төлемін банкте инкассоға оны ұсынған күні төлеуге кепілдеме береі. Жабдықтаушы өз кезегінде факторингке сатып алушыдан оның шотына факторинг пайдасына төлемдерді кейін алудың құқығын береді.
Жабдықтаушының төлем талап – тапсырмасының бұрын төленген төлемі жабдытаушыға төлемнің уақтылы түспеу қатерін жоятын оның қаржылық жағдайының сатып алушының төлем қабілеттілігіне тәуелді болып қалдан сақтайтын факторингтік несиені оған берілгендігін білдіреді. Нәтежиесінде өз шотына ақшалай қаражатты бірден алатын факторинг клиенті өз кезегінде өзінің жабдықтаушысымен кешіктірмей ееп айыысу мүмкіндігіне ие болады. Бұл жылдам есеп айырысуға ықпалын тигізеді әрі шаруашылықтағы төлемсіздікті азайтады.
Факторинг шаруашылық органынан тауарлық операциялар бойынша мерзімі кешіктірілген дебиторлық берешекті сатып алу барысында ол жабдықтаушыға өзінің қаражат есебінен аталмыш берешекті белгілі бір шарттармен төлейді. Мысалы, төлемді ең көп дегенде 3 айдан артық мерзімнен кешіктірмегенде төлеуші банктен оның әлі несиеленетіндігі және оның төлем қабілеті жоқ деп жарияланбағандығы жөнінде хабарламаны алады.
Клиенттің факторингке мерзімі кешіктірілген дебиторлық берешекті табыс етуі бойынша операцияның қатер деңгейі жоғары болады. Бұл факторингтік төлем мерзімі әлі басталмаған, жөнелтілген тауар бойынша берешекті сатып алғандағысына қарағанда деңгейі 1,5-2 есеге дейін комиссиялық сыйақы мөлшерінің жоғарлауына себепкер болады.
Есеп айырысудың вексельдік формасының дамуына байланысты факторинг кәсіпорындарға жаңа қызмет түін көрсете бастады, ол – жабдықтаушыдан жедел төленетін вексельді сатып алу.
Мұндай факторингілік операция жабдықтаушыны вексельмен тауарды жөнелтуін, қарызгердің векселі бойынша мерзімін бір мезгілде сақтау арқылы вексель төлеміне ақшалай қаражатты алуын қамтамасыз етеді
Вексельдің еебі үшін факторинг клиентпен жасқан келісімшарт бойынша вексель валютасы мен факторингтен сатып алушы алған вексель сомасы арасындағы айырмашылықты білдіретін комиссиялық сыйақыны өндіріп алады.
Осылармен қатар факторингтің негізгі қызметімен комиссиялық негізде біржолғы операция тәртібі арқылы өз клиенттеріне әр түрлі қосымша қызметтерді көрсетеді:
• шаруашылық органдарына олардың жабдықтаушыларымен және сатып алушыларымен есеп айырысуын жетілдіру, қаржылық ресурстардың тиімді пайдалануын арттыру, қаржылық жағдайды жақсарту мәселелері бойынша және өзге де экономикалық мәселелер жөнінде тұрақты түрде және бір жолғы кеңес беру;
• заңды тұрғыдан қызмет көрсту ( іскерлік ағдайдағы қағаздар мен қаржы несие мәселелері жөніндегі құжаттарды әзірлеуге көмек көрсету);
• клиенттің тапсырмасы бойынша жөнелтілген тауарлардың, дебиторлық берешектің есебін бухгалтерлік есеп берулерді жасауда және төлемдік өзара қарым – қатынастың қалыптасқан іс – тәжірбиесін бағалауда осы есепті пайдалану мақсатында жүргізу.

Факторингтік операциялардың төмендегілер бойынша жасалмайтынын ескеру қажет:
— жеке тұлғалардың қарыздық міндеттемелері бойынша;
— бюджеттік мекемелердің қоятын талаптары бойынша;
— банктің несиелуден алынып тасталған немесе төлем қабілетінсіз деп танылған кәсіпорындар мен ұйымдардың міндеттемелері бойынша;
— кәсіпорындардың филиалдары немесе бөлімшелерінің міндеттемелері бойынша;
Факторинг негізінен жабдықтаушы мен сатып алушының арасындағы қатынасты сипаттайды, себебі ол жабдықтаушының қыржылық жағдайына, сондай – ақ оның сатып алушыларының төлем қабылетіне үздіксіз бақылауды білдіреді.

Факторингтік операциялар 2- кесте
Форфейтинг

Форфейтинг сөзі франсуз тілінде “ a forfаit ” , аударғанда «құқықтан бас тарту» дегенді білдіреді. Форфейтинг – тауарларды жабдықтау немесе қызметтерді көрсеу барысында пайда болатын және алдағы уақыттарда өтелуге тиісті міндеттемелерді сатып алуды білдіру үшін пайдаланылатын термин.
Форфейтинг қызметі халықаралық сауданы орта мерзімде қаржыландырудың балама тәсілдеріне жатады.
Форфейтинг – бұл форфейтордың, яғни коммерциялық банктің немесе арнайы компанияның экспортерға импортердың төлеуге тиісті төлем талабын сатып алуы.
Форфейтинг мәмілесі бойынша, алдымен экспортер өзінің тауарын несиеге алушыны – импортерді іздейді. Ал импортер болса, оған жай немесе аударма векселін, яғни қарыздық міндеттемесін жазып беруге тиіс. Егер вексель берушінің беделі немесе қаржылық жағдайы жақсы болса, онда вексельге кепіл беру талап етілмеуі мүмкін, дегенімен де импортер аудармалы векселі бойынша авальшыны ( төлеуге кепіл беруші тұлғаны ) табады. Осы жерде басты мән берілетіні мыналар: банк несиесінің сомасы мен мерзімі, сатып алушының төлем қабілеттілігі, аваль берушінің қаржылық жағдайы.
Форфейтинг мәмілесінде үш қатысушы болады:
1. Экспортер, яғни тауарды орта мерзімді несиеге беруші,
2. Импортер, яғни тауарды несиеге алушы,
3. Форфейтор, яғни мәмілені қаржыландырушы банк немесе арнайы ұйым.
Форфейтинг мәмілесі бірнеше кезеңнен тұрады. Біінші кезеңде мәміле дайындалады. Бұл кезеңде экспортер, экспортер банкі немесе импортер мәмілені бастаушылар болады. Экспортер үшін кепілдемеге қатысты форфейтордың талабын білу маңызды. Сонымен бірге, осы кезеңде форфейтор экспортердың өтінішін қарайды. Екінші кезеңде, болатын мәміле туралы ақпараттар жинастырады. Содан кейін барып, форфейтор – банк несиелік талдау жүргізеді. Келесі кезеңде экспортер вексельді алады және оған авальдың берілуін, яғни үшінші бір тұлғаның кепіл беруін талап етеді.

Форфейтинг мәмілесінің техникасы 3- кесте

1. мәмілеге қатысушылар арасында келісім – шарт жасалады;
2. тауарын несиеге береді;
3. аудармалы вексельді 5-7 жылға жазып береді;
4. аудармалы вексельді қайта сатады;
5. аудармалы вексельді есепке алып, оның 70- пайыздай мөлшерінде банк ссуда береді;
6. мерзімі жеткеде төлеуге ұсынылады;
7. вексель бойынша міндеттемесін өтейді.
Форфейтинг механизмін мынадай екі мәміле түрінде пайдаланады:
1. Қаржы мәмілесінде – орта мерзімді қаржы міндеттемесін тез арада іске асыру мақсатында.
2. Экспорттық мәміле бойынша – шетелдік сатып алушыға тауар бергені үшін экспортерға қолма – қол ақшада түсім түсуге ықпал ету мақсатында.
Форфейтинг мәмілесінің мерзімі 180 күннен 5 жылға дейінгі аралықты құрайды, кей жағдайларда – 7 жыл.
Экспортер үшін форфейтингтің мынадай артықшылықтары бар:
• Векселін форфейтор – банк сатып алғаннан кейін, экспотер валюта бойынша тәуекелге бармайды, яғни бұл тәуекелді банктің өзі кешеді.
• Уақытын кешіктіріп төлеуге берген операцианың қолма-қол акшамен жасалатын операцияға айналуына орай, экспортердің өтімділігі тез арада жақсарады, яғни экспортер тауарын жөнелткеннен кейінбірден банктен қаражат алады;
• Пайыз мөлшерлемесіне байланысты да тәуекел болмайды, себебі форфейтингтік қаржыландыру тұрақты пайыз мөлшерлемесі негізінде жүзеге асырылады;
• Құжаттаудың қарапайымдылығы және оны рәсімдеудің жылдамдығы;
• Форфейтор – банк несиелеу операциясына қарағанда өте жоғары табыс табады.
Форфейтинг екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропа елдеріне алғаш пайда болған. Қазіргі кезде форфейтинг операциясы бойынша бірінші орынды Швейцария алады және ол осы опрацияны бастаушылардың бірегейі болып табылады. Ал, біздің елімізде бұл операция түрі маңызды болғанымен, дамымай отыр, оның себебі вексель айналысының дұрыс жолға қойылмауымен байланысты және т.с.с.
Форфейтингтеуге әдетте, сауда тратталары ( аударма вексель) немесе жай вексельдер қабылданады.
Форфейтингтегі дисконт мөлшерлемесінің құрамдас элементтеріне мыналар жатады:
— еуровалюталар нарығындағы несиенің құны ( ЛИБОР – Лондондық банкаралық пайыз мөлшерлемесі);
— мпортер елінің тәуекел құны және валютаны аударуға байланысты тәуекел құны 0,5 – тен 6% — ға дейін жылдық мөлшері ауытқиды;
— несиені басқаруға қатысты форфейтордың шығындары ( 0,5 пайызға дейін жылдық );
— міндеттеме үшін алынатын комиссия ( 1- 1,5 пайыз жылдық ).

Траст операциялары

« Траст » ағылшын тілінен аударғанда « сенім » деген сөзді білдіеді. Тарст бұл сеніммен басқаруға берілген мүлікке деген құқықты анықтайтын және меншікті иеленудің ерекше нысаны.
Траст операциясы – клиенттің сенімді тұлғасы ретінде оның мүлкін басқаруға және тапсырмасы бойынша басқа да қызмет көрсетуге байланысты банктің операциялары.
Траст операцияларына қатысушыларға мыналар жатады:
1. Траст құрылтайшысы ( немесе оның негізін қалушы ) – сенімді меншік иесіне сенім хат арқылы басқаруға беретін, мүліктің немесе мүліктік құқықтардың меншік иесі. Траст құрылтайшысы ретінде кез – келген қолында мүлкі бар заңды немесе жеке тұлға бола алады.
2. Бенефициар – траст келісім шартын өзінің пайдасына жарататын кез келген заңды және жеке тұлға. Яғни ол, трастыны иеменденушіге берілген мүліктен түсетін табысты алып отыруға құқылы тұлға.
3. Тарстыны иеменденуші ( сенім тапсырған тұлға ) – траст келісім – шартындағы көрсетілген жағдайға сәйкес, мүлікті басқару құқығын өзіне қабылдайтын тұлға. Мұндағы мүлікке жылжитын және жылжымайтын мүліктер де жатады.
Сонымен, банктің траст операциясы – бұл банктің өз клиенттеріне көрсететін әр түрлі қызметі түріндегі сенім операцияларын білдіреді.
Тарст қызметіне: Біріншіден, жылжымайтын және жылжитын мүліктерді басқару; екіншіден, инвестициялық портфельді қалыптастыру және оны басқару; үшіншіден; құндылықтарды сақтауға қабылдау; қабілетсіз меншік иесінің мүраға қалдырған мүлкін басқару; төртіншіден, тұрақсыздыққа ұшыраған фирмаларға қатысты несие берушілердің қоятын талаптарын реттеу, бесіншіден, мұраға қалдыуға байланысты мүлікті басқару қызметтері жатады.
Коммерциялық банктің траст – бөлімінің атқаратын қызметі үлкен үш топқа бөлінеді:
I. клиенттердің мұраға қалған мүлкін иемендену;
II. сенім – хат бойынша операцияларды жүзеге асыру;
III. агенттік қызметтер.
Траст қызметі жеке тұлғаларға, сондай – ақ фирмаларға да көрсетіледі.
Жеке тұлғаларға көрсетілетін траст қызметтері
Мұраға қалдырған мүлікті иемндену. Мұраға қалдырған мүлікті пайдаланудың басты міндеті – бұл сот шешімін алу үшін мұраға қалдырған мүлікті жинау және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әкімшілік шығыстарды төлеу және қарыздары бойынша есептесу, салықты төлеу,, қалған мүлікті жанұя мүшелері арасында бөле отырып, оларға жекелей қызмет көрсету болып табылады.
Келісім — шарт негізінде клиенттің мүлкін басқару. Бұл операция сенім білдірген тұлға мен сенім иесінің арасындағы мүлікті жауапкершілігі бар тұлғаға берумен байланысты жасалатын келісімнен туындайды.
Агенттік ( делдалдық ) қызметтер:
1. Активтерді сақтау:
• Бағалы қағаздарды сақтауға қабылдау;
• Бағалы қағаздар бойынша табыс алу;
• Бағалы қағаздар бойынша шотына түскен қаражаты туралы сенім білдірушіге уақытылы хабарлап отыру;
• Бағалы қағаздарға айырбастап отыру;
• Мерзімі өткен облигациялар бойынша қарызды қайтару;
• Активтердің жалпы құнын сақтап қалу мақсатында бағалы қағаздарды сатып алу және сату;
• Мүлік куәлігі бойынша сомаларды алу;
• Клиенттерге бағалы қағаздар жеткізіп беру;
• Сейфтерді жалға беру.
2. Агенті немесе өкілі ретінде клиенттің активтерін басқару:
• Бағалы қағаздарды сатып алу – сату;
• Бағалы қағаздар қоржынындағы сақталған бағалы қағаздардың бағамдарын бақылап отыру және бағалы қағаздар қоржынын қалыптастыру;
• Клиенттің тапсырмасы бойынша барлық табыстарды алу;
• Сенім білдірушінің шоттарын төлеу;
• Сақтандыру полисін рәсімдеу.
Клиент келісім – шартқа сәйкес немесе сенімхат негізінде коммерциялық банкке, өзінің атынан агенттік қызметтіжүзеге асыруды тапсырады. Ол үшін банктің мынадай құқықтары болуға тиіс:
— клиент атынан келісім – шарт жасау;
— акциялар мен облигацияларды беру;
— ссуда алу;
— чек жазу;
— вексельді аударып жазу және т.б.
Тарст операциясын жасау үшін, ең бастысы, сенім білдірген банк пен ұйымның арасында жасалатын келісім шарт болуы тиіс. Осы келісім шарт негізінде мынадай қызметтерді атқарады:
— бағалы қағаздарға деген меншік құқығын бару;
— бағалы қағаздарды ұстаушылар, эмитертер және өзге де ұйымдар үшін шоттарды жүргізу;
— пайыздарды төлеу, қарызды өтеу және т.б.
— облигациялық зайымдар бойынша қарызды өтеу қорларын иемендену;
— мүлікті кепілдіктен босату;
— корпорациялардың және т.б. қорларын басқару;
— сенім – хатқа сәйкес бір бағалы қағазды алып, басқасын беру, яғни бағалы қағаздарды айырбастауға байланысты агенттік қызметті жүзеге асыру;
— акционерлік қоғамдардың акциялар бойынша дивидентер төлеу.
Банктің траст қызметін көрсетудің басты шеберін жеке тұлғалар, үкімет органдары, іскер кәсіпорындар үшін агенттік қызметті атқару құрайды.
Банк көрсеткен траст қызметі үшін комиссиондық сыйақы алады…..

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!