15 триллион теңгеден астам: Қазақстанның мемлекеттік қарызы не себепті өсіп жатыр

0

Қаржы министрі мемлекет қарызының не себепті өсіп, 15 трлн теңгеге жеткенін айтты.

Бұл жыл басындағы сома. Әлихан Смаилов мұның екі себебін айтты.

«Мемлекеттік қарыздың көлемі 2017 жылға қарағанда 1,8 трлн теңгеге артты. Мұның себебі — бюджет тапшылығын қаржыландыру және теңгенің әлсіреуі. Өткен жылдың аяғында мемлекеттік қарыздың көлемі 15 триллион 387 миллиард теңге немесе ЖІӨ-нің 25,8 пайызын құрады», — деді министр.

Мемлекеттік қарыздың көп бөлігі, 12 трлн теңге үкіметте. Борышкерлер ішінде екінші орында Ұлттық банк.

Смаилов 12 трлн теңге қарыздың азаматтарды шошытпауы керек екенін айтты. Қарз сомасы қалыпты мөлшер аясында. ЖӨӨ-нің 60 %-ынан асқан жоқ.

Еліміздегі ішкі қарыз жайлы айтсақ, 2017 жылмен салыстырғанда 5 млрд долларға азайып, 58 миллиард долларды құрап отыр. Бұл банктер мен өзге де коммерциялық ұйымдар алған қаражат.

stan.kz