Курстық жұмыс: Тарих | Венгриядағы Бела ІУ кезіндегі Алтын Булла заңдар жинағы
Мазмұны
I Кіріспе……………………………………………………………………………………………………….3
II Негізгі бөлім
2.1 Венгриядағы Бела ІУ кезіндегі Алтын Булла заңдар жинағының
басылып шығуы……………………………………………………………………………………..5
2.2 Алтын булла заңыңдағы карольдік билікті дворяндардың
эканомикалық және саяси институт ретінде мойындауы………………..8
2.3 Алтын булла заңы тұсындағы магнаттардың Венгрияда билік етуі..13
ІІІ Қорытынды…………………………………………………………………………………………22
ІУ Сілтемелер……………………………………………………………………………………………24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………………………………25
2.1 Венгриядағы Бела ІУ кезіндегі Алтын Булла заңдар
жинағының басылып шығуы
XIII – ғ.екінші жартысында ең соңғы топ қарқынды түрде өсе бастады. Олардың қатары тек ғана шетелдіктермен ғана емес,сонымен бірге венгр крестьяндарының (сарай адамдары) қатарымен толыға түсті.Бела IV госпиттерді жерлерге орналастырды, сонымен қоса оларға госпиттер статусын берді. Госпиттердің рентасы табиғи жиналым және ақшалық берілімдер болды. Олар барщиналық міндеткерлікке тәуелді болмады.
Өткен кезеңдерге қарағанда,XII-ғ.екінші жартысы мен — XIVғ.20-ж. «иобогин» термині документтерде тәуелді халықтардың жеке категорияларын мағыландырмайды,яғни жеке аталымдық тәуелді адамдар масасын көрсетті. Иобагиондар «халық», «адам»(populus) секілді әртүрлі түсініктермен көрініс табады.Иобогиондар ең алғашқы бастамалықтан – ақ феодальдық тәуелді халық массасы ретінде белгіленген борыштылықтарға ие болды. /1/
«Иобогиондар» қатарына жекелей тәуелді крестьяндар,және тәуелсіз – госпиттер де кірді.Jobagiones сөзінен венгрлік jobbagy – феодальдық тәуелді крестьян сөзі шығады.Осылайша бірлік класстық тәуелділік түрдегі Венгриядағы крестьяндық аяқталды.Бұл процестің заңды хатталу нәтижелері 1314 – 1315 ж.ж. сай келеді,осы жылдары декреттер қабылданып, жариялылыққа ие болды.Ол 1299ж.заңның 44 – 77 бабы ретінде де көрініс тапты. 69 – бап Венгрияның барлық крестяньдарын (rustici) феодальдарға тәуелді адамдар (jobagiones) ретінде (Decr,1298,р,181) қарастырады.Дерек көздері мынаны көрсетеді яғни крестьяндарда ренталық түрде барщиналық жүйе де орын алған. «Халықтардың» борыштылықтары – табиғи және ақшалық салымдардан құралды.Барщиналықтың жоғалуы – XIVғ.б. маңызды әлеументтік дамудың нәтижесі болып табылды. /2/
XIII – ғ.екінші жартысында «халықтар»,иеленушілердің рұқсатынсыз өз аттарынан шыға алды.Осы уақытта сонымен қоса крестьяндардың тәуелсіз ауысу құқықтары болды.Ескерткіштер феодальдардың ұмтылыстарынан да хабар береді.Крестьяндық халық кетер алдын жерлік ақшаны төлеуі тиіс болды (Decr,1298,р.181).Осылайша крестьяндық кетуді шектеуге деген алғашқы маңызды қадам жасалды.
Эканомикалық және құқықтық қатынастардағы феодальдық тәуелділік түрдегі крестьяндық бірлік класстың пайда болуы обьективті процестің нәтижесі болды, бұл Венгриядағы феодализмнің қалыптасуы мен хатталуын аяқтады.Оған әсер еткен фактор тәуелді халықтардың класстық күресі болды.XIII– ғ.екінші жартысы елдің әскери қақтығыстарынан хабар бермейді .Мұның барлығы әлі де сақталып қалған крестьяндықпен байланысты,яғни жер иеленушілерге тәуелді масса (jobagiones,populi),сонымен қоса госпиттер, біріншіден қиын борышкерлікке тәуелді болмады, жекелей алғанда барщиналықпен, екіншіден, өздерінің жағдайларын жақсарту үшін бұл жұмыстан кез – келген уақытта бас тарта алды.
XIII – ғ.екінші жартысындағы ең көп таралған класстық күрестің формасы болып борышкерлікті орындауға деген міндеткерліктен бас тарту болды деп айтуымызға болады, яғни шамалап алғанда (1250,1255,1263,1268,1269 ж.ж.) қашқындылық, бұл көптеген құжаттар бойынша көрсетілген.1257 және 1291 жылдар аралығындағы актлер тәуелді халықтардың көп бөліктерінің кеткендігін көрсетеді,оның барлығы бос түрде қалды (AUO,280. V,52).Жер иеленушілер халықтарды шақыра бастады, сонымен қоса басқа крестьяндарды да, оларға оңай өмірлік жағдайлар жасауға уәде берді.1270 жылы бір жер иеленуші борышкерлікті де азайтты.Қашқындар,басқа иеленушіларде жеке тәуелсіз госпиттерге айналып отырды. Осылайша класстық күрес крестьяндық статустың қалыптасуына үлкен ықпал жасап отырды.
2.2 Алтын булла заңыңдағы карольдік билікті дворяндардың
эканомикалық және саяси институт ретінде мойындауы
Оқытылып отырған кезеңдерде кароль Бела IV және оның мұрагерлері қала тұрғындарының статусын артықшылықтар бойынша бекітетін (крестьяндықтың феодальдық тәуелділік түрімен салыстырғанда) көптеген мадақтамалар қатарын шығарды.Бұл дворяндық бастамалар мен буржуазиялық – дворяндық тарихнамада Бела IV – ті венгр қаласының «құрылуына» ие, ықпал етуші деп жазуға жол салды. «Сауда теориялық» қалаларының қалыптасуын түсіндіруге бірнеше рет ұмтылыстар жасалды.Тарихшылар «саудалық» және «әскери» қозғалыстар жайлы жазды. Бірақ ең басты назар венгр қалалары неміс госпиттерімен қалыптастыма жоқ әлде жергілікті ішкі дамулар бойынша жүзеге асырылдыма деген мәселе төңірегінде болды.
Венгр қалаларының қалыптасуы туралы ойлар өз кезеңінде венгр тарихшыларымен жазылып,неміс авторларымен дамытылды.Олар Карпат – Дунай жерлерінде немістердің «мәденитрегерлік» миссиясының қалыптасуымен көрініс табады.Бұл концепсияның негізсіздігі дәлелденілді.Оған реакция ретінде «континуитет» теориясы пайда болды.Мұны қолдаушылар Паннониидегі қалаларды римдік уақыттан бері сақталып келе жатыр деп сәтсіз ұмтылыстарға түсті.Бұл концепсиялардың барлығына да қала түсінігінің сипаттамалық нақты еместігі негіз салған.
Марксистік теория қала түсінігі төңірегінде сауда және қолөнер түрлерін,қолөнершілермен саудагерлерді сипаттап өтеді.Қаланың қалыптасуы келтіріліп отырған қоғам масштабында қолөнердің жер иеленушіліктен бөлінгендігімен қатар онда тауар өндірістілігінің пайда болғандығын көрсетті.Сұрақтардың мұндай жүйесі қала дамуларының дерек көздерін ауыл шаруашылық прогрессі бойынша көрсете алуымызға негіз сала алады.Бұл,өзіндік жүйесі бойынша,сауда саттықты егіншілік өнімдерімен алмастырды.Бұл жергілікті сауда орындарында қалыптасты.Қолөнер мен сауда – саттықтың дамуы барысында мынандай ауылдық тұрақтар – үлкен деревниялар,жергілікті ауылшаруашылық пункттерінің ішінде ерекшелене алады – орындар(латын мағынасында oppidum,венгрше – mezevaros,әріптік түрде – аграрлық,шаруашылық қала).
Тұрақтардың пайда болуы ауыл шаруашылығының маңызды көрсеткіші болып табылады,бірақ әлі қоғамдық еңбектік бөліністерді көрсете алмайды. Тұрақ – ауылдық жай,оның басты тұрғындар массасы- жермен айналысушылар.Олардың бір бөлігі жер және қолөнер түрімен де айналысады,ал бір бөлігі – қолөнершілер.Бірақ олардың барлығыда феодальға – карольге (егер тұрақ кароль доминонында орналасса) тәуелді,немесе церквтік магнатқа(егер тұрақ осы аталымдық аймақта болса). /4/
Ендігі қадам тұрақтардың қалаға (civitas) айналғандығын көрсетеді.Ол карольдық мадақтамалармен бекітілді,онда азаматтардың құқықтары да аталып өтілген болатын.Дьера, Пожони, Каложвар ( Dipl,1271;1291;1316) бойынша шығарылған құжаттарда белгілі.
Бұл актлер тек ғана тұрақтардың эканомикалық дамулар тұжырымын білдіріп ғана қойған жоқ сонымен қатар оны феодальдық түрдегі тәуелді крестьяндықтықтан бөліп көрсетті және оны ерекше әлеументтік және саяси организмге айналдырды.Бұл ескерткіштерге сипаттама беруші тағыда екі сәт маңызды болып табылады. Біріншіден,артықшылықтар тек ғана тұрғындарға ғана қолайлы болған жоқ сонымен бірге карольге де қатысты болды. Екіншіден, қалалық құқықтарды тек ғана карольдық доминонда орналасқан тұрақтар ғана алды және осы сипаттамаларды иеленді. /5/
Жеке иеліліктегі тұрақтар қалалық құқықтарға қол жеткізе алмады.Бұл мынаны білдіреді яғни жеке иеленушілерге деген жеке тәуелділіктер карольдық доминондорға қарағанда күшті болған.Қаланың қалыптасуында эканомикалық жағдайлар тәуелді халықтардың феодальизм процесі аяқталған тұста көрініс тапты.Жеке иеленушілердің жерлерінде ол интенсивті түрде жүргізілді,ал карольдық доминондарда бұл баяу түрде жүргізіліп отырды.Осыған байланысты магнаттардың ықпал жасауы қарқынды түрде өсе түсті.Олардың билігінен жергілікті тұрғындар ажырап кете алмады және олар жер шаруашылығымен айналысушылар мен қолөнершілер түрінде қалып қойды,бұл тұрақтардың дамуынын ауылдық дәрежеде қалдырып қойды.Бұл венгр халықтарының қалалардағы азсандылықтары мен олардың әлсіздігін байқатты.
XII – XIIIғ.жағдай қалалардың басқа да ерекшеліктерін түсінуімізге көмектеседі.Тәуелді крестьяндықтың ішіндегі ең жақсы жағдайды Батыс Еуропа елдерінен шыққан – госпиттер иеленді.Олардың арасында қолөнершілер де аз кездеспеді.Олардың Венгриядағы өмірлік жағдайлары қолөнер мен сауда – саттықтың салыстырмалы түрде қарқынды дамуына ықпал жасады.Сондықтан – да венгр қалаларының госпиттер қоғамынан өсе түскендігі кездейсоқтық емес.Олардың қатарында сонымен қатар славяндар,венгрлер (Дьер, Эстергом,Пешт) болды.Бұл жағдай саксондық Трансильвани және Сепеш комитетінің (Словакияда) қалыптасуларын түсінікті түрде көрсетеді.Госпиттер мұнда Гезе II-нің кезінде келген.Олар компактлі массалары бойынша карольдық доминонның бір бөлігінде орналасты.Осы арқылы неміс халықтарын иеленген облыстар пайда болды. /6/
Госпиттердің артықшылық жағдайлары карольдық облыстарда Эндре II-нің Трансильвани сакстері және Иштава V мадақтауларымен және Сепеш комитетімен (Dipl,1224;1271) бекітілді.Бұл құжаттар,құқықтық түрде барлығын бекіте отырып,олардың тек ғана эканомикалық прогрес қорытындыларын көрсетіп ғана қоймай сонымен қоса неміс госпиттерінің Трансиьвали мен Спешада дамуына және қалалардың эканомикалық орталықтар түрінде қалыптасуына да ықпал жасады.Сипаттамалық түрде бұл неміс қаласы эканомикалық түрде қарқынды өсе отырып,әлеументтік ережелерді мойындауды керек етпеді.Бірақ бұл құқықтармен неміс госпиттерінің облыстары Трансильвани және Сепеша мұнда қалалар пайда болмай тұрып – ақ иеленіп үлгерген болатын.
Тәуелді халықтардың феодальдық процестерінің аяқталуы Венгрия қалаларының сипаттарына ғана ықпал жасап қоймады сонымен қатар билік ету класстарының жеке биліктері мен карольдік биліктің рольі мен позицияларына өте үлкен ықпал жасады.
XIII – ғ.соңғы үшінші жартысында магнаттардың бірнеше жанұяларының билік етуі байқалады.Бұл феодальизмнің аяқталуының тікелей нәтижелерінің процестік жүйелерін көрсетеді.Бір жағынан алып қарар болсақ,жеке иеленушілер карольдық доминон есебінен ірі аталымдарды құруға ұмтылыстары нәтижелі аяқталды.Ал екінші жағынан – олардың мемлекетке бағыныштылық жақтары да болып тұрды: ауыл халықтарының көптеген массалары феодальдық тәуелділікте болды(шындығында,біз көріп отырғанымыздай,бұл жұмсартылған түрде жүргізілді).
Карольдықтың барлық территориясы жекеленген облыстарға бөлінді және бұл облыстарда жеке жер иеленушілер билігі орнатылды.Дунайға дейінгі Батыстық шекараларға Неметуивари графтығы биік етті – Хенриктің балалары.Карольдықтың Солтүстік – Батыс бөлігі Чактар …..