Қазақша өлең: Әбділда Тәжібаев (Жастық шақ)

0

Қазақша өлең: Әбділда Тәжібаев (Жастық шақ) казакша Қазақша өлең: Әбділда Тәжібаев (Жастық шақ) на казахском языке

Қызық қой жастың мінезі,
Қызу ғой оның жүрегі.
Әлемге жалғыз бір өзі
Иедей болып жүреді.

Лебізі жаздың лебіндей,
Ғажайып дүние сұлуы,
Көзі де күннің көзіндей,
Жылуы қандай, жылуы!

Көңілді жүрсе жайдары,
Кеудесі толы сенімге.
Арманын Іздеп қайдағы,
Талпынар тынбай көруге.

Күнге де ғашық, Айға да,
Құмартпай бір де жүрмейді.
Келмейді қауіп ойға да,
Қатерлер барын білмейді.

Ғашығын тапса болғаны,
Ұшады жаны биікке.
Таба алмай қалса қорланып,
Жатады жанып, күйіп те.

Қызық қой жастың мінезі,
Қызу ғой оның жүрегі,
Әлемге жалғыз бір езі
Иедей болып жүреді.