Шекарада жылап тұрған кішкентай қыздың суреті жылдың үздік фотосуреті атанды — Қазақстан жаңалықтары

0

World Press Photo қоры жылдың ең үздік суретін таңдады. Кәсіби фотосуретшілер мен БАҚ фоторедакторлары Джон Мурдың жұмысын үздік деп тапқан, деп жазады Stan.kz.

Шекарада жылап тұрған кішкентай қыздың суреті жылдың үздік фотосуреті атанды

2018 жылдың 12 маусымында Джон Мур АҚШ пен Мексика шекарасында Гондурас тұрғыны Сандра Санческе тінту жасалған сәтті таспалап алған. Америкалық шекарашылар әйелді кішкентай қызы Янеланың көзінше тексерген. Нәтижесінде анасы мен қызы қамауға алыныпты. Сандра Санчестің сөзінше, өзінің отбасы Мексикадағы Рио-Гранде өзегіг кесіп өтіп, АҚШ-тан пана таппақ болған. 

Трамп әкімшілігі шекарадан заңсыз өту барысында ұсталған келімсектерге «нөлдік төзімділік» саясаты туралы жариялаған еді. Нәтижесінде тұтқындалған мыңдаған ата-ана балаларынан ажырап қалып жатты. 

Джон Мурдың шекарада түсірілген суреті жарияланғаннан кейін АҚШ-тың Кеден және шекара бақылау қызметі Янела мен анасының бір-бірінен ажыратылғанын растады. Қоғамда наразылық туындағаннан кейін, Трамп өткен жылдың 20 маусымында келімсектерге қатысты саясатын өзгертті.

Джон Мур Getty Images-те жұмыс істейді. Оның фотосуерттері халықаралық фотобайқауларда бірнеше мәрте жеңіске жеткен.

 

stan.kz