Қазақстанның тумасы Эстония астанасының әкімі болып сайланды — Қазақстан жаңалықтары
Қызылорда қаласының тумасы Михаил Кылварт Эстония астанасы Таллиннің әкімі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Эстонияның астанасының жаңа мэрі болып Қазақстанда туылған орыс тілді саясаткер сайланды. Қызылордада дүниеге келген Михаил Кылварттың ұлты кәріс.
Қалалық мәслихаттың баспасөз қызметі хабарлаған хабарламада, «Таллин қалалық кеңесінің төрағасы Михаил Кылварт 11 сәуір, бейсенбі күні Эстония астанасының жаңа мэрі болып сайланды» делінген.
Таллин әкіміне жалғыз үміткер болып Михаил Кылварт қана ұсынылған. Оның кандидатурасын Таллинде Орталық партияны басқаратын фракция ұсынған.
Айта кету керек, Михаил Кылварт Эстонияда орыс тілін бірнеше рет қорғап, оқу орындарына қай тілде оқығысы келетінін өздеріне таңдау құқығын қолдады.
stan.kz