Дипломдық жұмыс — Алматы қаласындағы жоғарғы оқу орындарының музейлері

0

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………………3

 

  1. ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ МУЗЕЙЛЕРІ: ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ, ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН МАҢЫЗЫ
    • Жоғарғы оқу орындарының музейлерін ұйымдастырудың ерекшеліктері…………………………………………………………………………………….9
    • Жоғарғы оқу орындарының музейлерінің тәрбиелік мәні………………….14
    • Музейлердегі қор және экспозициялық жұмыстар……………………………17

 

  1. АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ МУЗЕЙЛЕРІ
    • Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің тарихи музейі………………………………………………………………………………………………28
    • Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің этнографиялық музейі ……………………………………………35
    • Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының тарихи-этнографиялық “Ақтұмар” музейі…………………………………………………….41

 

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………………….50

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМ………………………………………………..52

 

КІРІСПЕ

 

Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңда еліміздің дамуы саяси және экономикалық тұрғыдан тұрақтанды. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде мәдениетті дамытуға, ұлттық дәстүрлер мен рухани қазыналарды қорғау арқылы ұлттық ерекшеліктердің сақталуына кең жол ашылды. Жаңа заман талабына сай маманды қалыптастыру, тәрбиелеу егеменді еліміздің алдына қойған мақсаты ғана емес, басты міндеттерінің бірі болып табылады. Бұл басты міндет — біздің қоғамның идеологиялық, тәрбиелік, оқу-ағарту жұмыстарының негізгі бағыты.

Жоғарғы оқу орындарында оқып жүргендер, ертеңгі күні бүкіл республикамыздың әлеуметтік — экономикалық, мәдени, саяси мәселелерін, міндеттерін шешеді, сондықтан олар жан-жақты профессионалдық дайындықтан өтуі тиіс.

Жоғарғы оқу орындарындағы музейлер бағытының ең басты міндеті материалдық және рухани мәдениетімізді сақтау, дамыту, қолдау және жоғарғы оқу орнынының қалыптасуы мен дамуын көрсету, жетістіктерін насихаттау болып табылады.

Музей мен жоғарғы оқу орындарының байланысының мәні қандай? Тарихи музейлердегі негізгі істерін бастамас бұрын ең алдымен жалпы музей қызметін талдап өтейік.

Музей — жалпы адамзат баласының өмірінде заттық және рухани мәдениетті танытуда, зерттеу мен насихаттауда үлкен рол атқарады. Әсіресе, ұлттық, мәдени, азаматтық, әскери, еңбек жетістіктерін, әдет-ғұрып, салт-дәстүрдің ерекшеліктерін оқып- үйренуге оның көмегі зор. Музей заттарды адамның бойындағы патриоттық сезімін оятып, Отанды сүюге тәрбиелейді.

Музей — табиғат пен адам қолымен жасалған өнер туындыларын және көне заман ескерткіштерін, үлгі-нұсқаларын жинақтаушы, сақтаушы, насихаттаушы және бұл мұраларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізе отырып, осы негізде қоғам мүшелеріне тәлім-тәрбие беретін ғылыми-мәдени және рухани мекеме. Сондықтан да бүгінгі күні әлем мемлекеттері арасынан музейі жоқ елді кездестіру мүмкін емес. Жоғарғы оқу орындары мен музей бір-бірін толықтыра отырып, жас тұлғаны қалыптастыруда үлкен жетістіктерге жетеді. Музейдің студенттер мен бірігіп жүргізетін жұмыстарының маңызы өте зор. Мұндай жұмыстар студенттердің көзқарасын кеңейтіп, жас адамның азаматтық-ой өрісін дамытып, студентке ғылыми зерттеу жұмыстарын игеруді үйретеді. Өйткені, музейде жүргізілетін жұмыстардың түрі сан алуан болып келеді. Олар:

  • музейді ұйымдастыру үшін қор жинау;
  • басқа музейлермен және мемлекеттік мекемелермен байланыс орнату;
  • тарихи-мәдени жерлерге экспедицияларға бару, археолагиялық қазбалар жүргізу, табылған ескерткіштерге ұқыптылықпен қарауды үйрету;
  • экспозиция және көрме жасауға қатысу;
  • конференциялар, кештер, кездесулер, жарыстар, ашық сабақтар ұйымдастыру;
  • халық арасынан ауызша мәлімет жинау. Бұл студенттерді әртүрлі әлеуметтік топ өкілдерімен дұрыс қарым-қатынас орнатуға тәрбиелейді;
  • музей қорындағы заттарды сақтау, қорғау студенттерді жауапкершілікке, ұқыптылыққа үйретеді.

Жоғарғы оқу орындарының музейлері Қазақстанның музей жүйесін толықтыра түседі. Қазіргі күнде Алматы қаласындағы жоғарғы оқу орындарының екеуінің біреуінде музей ұйымдастырылуда. Әрине, ол музейлердің бәрін бір зерттеу жұмысында талдап өту мүмкін емес. Берілген зерттеу жұмысында Алматы қаласындағы келесі жоғарғы оқу орындарының музейлері талданды. Оның ішінде  педагогикалық бағыттағы жоғарғы оқу орнынының тарихи музейлері:

  • Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің тарихи музейі;
  • Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің этнографиялық музейі;
  • Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының тарихи-этнографиялық “Ақтұмар” музейі.

Жоғарғы оқу орындарының музейіндегі экспонаттарды сақтау, қорғау, экспозицияны жасау жалпы музей ісі талаптарына сай болуы керек. Бірақ басқа музейлерден айырмашылығы, оқу орындарының тәрбиелеу жоспарына тікелей қатысты. Жоғарғы оқу орындарының музейлерінің жұмысы оқу орындарының өмірімен тығыз байланысты.

Музейлердің алдына қойған мақсаты, олардың жүргізілетін іс-шаралары, ғылыми-ағарту, тәрбиелік бағытының дұрыс айқындалуы маңызды мәселе болып табылады. Музей беретін мәліметтің шынайлығы келушінің алған білімін бекіте түседі. Ал, мұндай мәлімет әсіресе, жас адам үшін өте бағалы. Музей жастардың саяси, кәсіби тәрбиесінің, көркемдік және эстетикалық талғамдарының дамуына, өз бетімен жұмыс жасау қабілетінің шыңдалуына әсер етеді.

Музей пәні-әлеуметтік жағдаймен байланысты заңдылықтарды және музейлер жүйесін, арнайы мамандандырылуға сәйкес деректерді, сондай-ақ, қоғамдағы және табиғаттағы құбылыстардың дамуын зерттейді. Музей тарихи қоғамдық институт ретінде, музей жүйесін және әлеуметтік талаптар мен түрлі салаларға тәуелді ұйымдастырылуын зерттейді. Музей зерттеуінің негізгі бағыттары музейлік мұраларды (жәдігерлерді) жинау, есепке алу, сақтау, қорларды жүйелеу, қайта қалпына келтіру (реставрация), консервациялау, зерттеу нәтижелерін ақпарат жүйелерінде тарату, музейдің кадрлық жүйесін келтіру толық анықтама болып табылады. Аталмыш жағдай музей заттарын зерттеп, жүйелеуде маңызды рол атқарады. Музей-ең алдымен таным, тәлім-тәрбие орны, ғылыми ағартушылық орталық. 

Тәуелсіз мемлекетімізде экономиканы өркендетумен қатар дәстүрлі мәдениетті жаңғырту қатар жүргізіліп келеді. “Мәдени  мұра” бағдарламасын іске асыру үшін өткен мен болашақтың куәсі іспеттес музейлерге, тарихи-мәдени ескерткіштерге көп көңіл бөлінуде. Біздер-студенттер, тәуелсіз қазақ елінің әрбір азаматы, ел боламыз десек, онда біз міндетті түрде ата тарихымыздың куәсі, елдігіміздің тұмары, өркениетіміздің жәдігері болған ата мұраларымызды айрықша қастерлеуіміз керек.

       Жұмыстың мақсаты мен міндеті. Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында музейлер ашудың қажеттілігі, ерекшеліктері, міндеттері мен маңызын және Алматы қаласындағы жоғарғы оқу орындарындағы көрнекті тарихи музейлердің  қалыптасу, даму тарихын зерттеу жұмысымыздың басты мақсаты болып есептелінеді. Осы зерттеу жұмысында бұл музейлер музейтану тұрғысынан қойылған талаптарға толық жауап бере ала ма, жоқ па, олар қазіргі күні Қазақстанның музей жүйесіне сай ма, сай емес пе деген мәселелер талданды. Қазіргі күнде музейдегі менеджмент және маркетинг жұмыстарына ерекше мән берілуде. Зерттеу жұмысына негіз болып отырған музейлерде осы жұмыстар қалай іске асуда, музейдегі педагогикалық жұмыс қандай дәрежеде жүргізілуде деген мәсәселелерге талдау жасалды.

Зерттеу жұмысын жазу барысында алдыға қойған міндеттер:

  • Алматы қаласындағы жоғарғы оқу орындарының музейлерінің ұйымдастыру дәрежесін анықтау;
  • әрбір жоғарғы оқу орны музейлерінің құрылымының ерекшеліктерін айқындау;
  • жоғарғы оқу орнынының музейлеріндегі заттарға сипаттама беру;
  • музейде жіберілген кемшіліктерді айқындау;
  • жоғарғы оқу орындарының музейлерінің басқа қоғамдық мекемелермен байланысын талдау;
  • музейлердің оқу-ағарту, білім-беру, тәрбиелеу жұмыстарын жүргізуін талдау;
  • тәрбиенің формалары мен әдістері туралы жалпы түсінік беру;
  • жалпы Алматы қаласындағы жоғарғы оқу орындарының музейлерін құру мен олардың жұмыс мәселесі бойынша проблемаларды анықтау;

Жоғарғы оқу орындарының музейлерін ұйымдастыруда алда тұратын проблемаларды тиімді шешу жолдарын көрсету, осы жұмысты жазудағы басты міндет.

       Тақырыптың зерттелу деңгейі. Бұл тақырыпқа байланысты арнайы зерттеулер жоқтың қасы. Бұл республикамызда әлі де музейтану жұмысы толығымен қолға алынбағанын көрсетеді.

Жұмысты жазу барысында қолданылған әдебиеттердің басым көпшілігі кеңес дәуірі кезінде жазылған. Осы әдебиеттер ішінен “Музей историй ВУЗа” ғылыми мақалалар жинағын ерекше атап өтуге болады /1/. Онда жоғарғы оқу орындарының музейлерінің әлеуметтік-педагогикалық жұмыстарының спецификасы, жоғарғы оқу орындарының музейлерін құру негізінде талданған. Бірақ еңбек кеңестік сарында жазылған және онда Қазақстанның жоғары оқу орындарының тарихы қамтылмаған.

Аталған еңбектерден басқа аса маңызды еңбектердің бірі “Актуальные проблемы вузовских музеев” атты ғылыми мақала жинағы /2/. Мұнда жоғарғы оқу орындарының музейлерінің профилі, ұйымдастыру жұмыстары, қор және экспозициялық жұмыстарын жүргізу тағы басқа жайлы мәліметтер берілген. Жоғарғы оқу орнынының қорларына экспонаттарды жинау жолдары, оларды сақтау, қорғау жайлы, кеңестер мен мәліметтер беріледі. Бұл кітап оқу -тәрбиелік жұмыстарын ұйымдастыруға көмектеседі.

“Музей высших учебных заведений” атты ғылыми мақалалар жинағынан  алатын мәліметтерде өте құнды /3/. Бұл еңбектен жоғарғы оқу орындарының музейлерінде ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу тәртібі және ұйымдастыру жолдары туралы мәліметтер береді.

Зерттеудің теориялық бөлімін жазу барысында арнайы музейтанулық әдебиеттер қолданылды. Олардың ішінде: К.Г.Левыкина, В.Хербтың редакциялығымен шыққан “Музееведение. Музей исторического профиля” /4/, Т.Ю.Юреневаның “Музееведение” атты оқу құралдарын ерекше атап өткен жөн /5/. Оларда музейтану ғылымының теориялық негіздері толығымен баяндалады. А.И. Михаиловскаяның “Музейная экспозиция” атты еңбегінде экспозицияны құруға қойылатын талаптар жазылған /6/. Ал Столяров А.В. “Музейная педагогика” атты еңбегінде музей педагогикасының алғаш пайда болуы мен  дамуы қызметі жөнінде мәліметтер алуға болады /7/.

Сонымен қатар қазақ ғалымдарының еңбектерін атауға болады. Мысалы,  М.Жұмабаевтың “Педагогика” еңбектерінен оқу, білім және тәрбие жөнінде мол мәлімет алуға болады /8/.

Жалпы музей ісінің теориясы және музей экспозициясы жайлы қазақ тілінде әдебиет өте аз. Бұл мәселеге байланысты, К.Н.Райымханова мен Д.ҚатранныңМузей ісінің теориясы мен практикасы” атты еңбегінің құндылығы өте зор /9/. Онда музей құрылымы, музей қорларын сақтау, музейдегі ғылыми-ағарту жұмыстары кең көлемде жазылған.

Музейлер қазақ халқының тарихын, өнерін, бұйымдарын көрсетуде ерекше орын алады. Осы мүмкіндік арқылы көрерменнің еліне, өнеріне деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттырады. Бұл кімді болсын мәдениетке жетелейді.

       Тақырыптың деректік негізі. Зерттеу жұмысын жазу барысында қолданған деректе, үш жоғарғы оқу орнынының  Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің тарихи музейі мен Абылай хан атындағы халықаралық  қатынастар және әлем тілдері университетінің музейі және Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының тарихи-этнографиялық музейлерінің заттары, қорлары сол музейлердегі инвентарлық кітаптар, картатекалар, музейдің жылдық есептері, экскурсия жүргізушілерге арналып жазылған әдістемелік мәтіндер, сонымен бірге этнографиялық заттардан: зергерлік бұйымдар, ыдыс-аяқтар, ұлттық киімдер, киім бөлшектері көрсетілген. Музей меңгерушісінің жүргізген жазбалары және жоғарғы оқу орындарының музейлерін ұйымдастырушылармен жүргізілген сұхбаттар пайдаланылды. Олар:

  • Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің музейінің меңгерушісі – Рахманғалиев Қайырхан Бекенұлы.
  • Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің музейінің меңгерушісі — Көшекенова Базаргүл Садықиынқызы.
  • Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының меңгерушісі-Сәуле Мерекеева.

Жұмыстың теориялық-методологиялық негізі. Бүгінгі таңда Қазақстандық ғылымда кең таралып отырған бағыттың бірі ғылыми жұмыстардың методологиялық жұмыстарын жетілдіру өзекті мәселе болып жатыр. Сол негізінде дүниежүзілік ғылыми еңбектерде кең таралған методологиялық бағыттардың Қазақстан ғылымына икемдеу шараларды атқаруда. Адамзат тарихының көне іздерінен барынша хабар беретін музей ісінде де ғылыми құндылықтары мен бірге зерттеу жұмысының методологиялық негізі қолға алынуда. Осы зерттеу жұмысы негізінде Қазақстанның жоғарғы оқу орындарындарының тарихи музейлеріне байланысты теориялық және методологиялық негізін қалыптастырған зерттеушілердің еңбектеріне сүйендім. Олар “Музей историй ВУЗа” /1/, “Актуальные проблемы вузовских музеев” /2/, “Музей высших учебных заведений” атты ғылыми мақалалар жинағын қолдандым /3/. Жұмысты жазу барысында қолданған әдебиеттердің салыстыру, талдау әдістері қолданылды. Сол негізде жұмыс тарихи принцип жүйесінде құрылымдық талдау, салыстырмалы талдау әдістерін қолдану арқылы жүзеге асты.

       Жұмыстың хранологиялық шеңбері. 1999-2007 жылдарында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің тарихи музейі мен Абылай хан атындағы халықаралық  қатынастар және әлем тілдері университетінің музейі және Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының тарихи-этнографиялық музейлерінің қазірге дейінгі тарихы мен қызметі қарастырылады.

Диплом жұмысының жаңалығы. Жұмысымды зерттеу барысында осы уақытқа дейін зерттелмей келген Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті мен Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті , сонымен қатар   Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының жанынан ашылған музейлер тарихын және де студент жастарға білім- беру, тәрбиелеу мақсатындағы және  қоғамдағы алатын орны туралы мәселелердің тұңғыш рет арнайы зерттелуінде.

Тақырыптық құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.

Бірінші тарау үш тармақшадан тұрады. Мұнда негізгі қарастырылған мәселе жоғарғы оқу орындарын да алғашқы музейлерді ұйымдастыру  мен музейдің бүгінгі күнде алатын тәрбиелік орны туралы, қор және экспозициялық жұмыстарын жүргізу барысы қарастырылды.

Екінші тарау үш тармақшадан құрылып, жоғарғы оқу орындарының музейлерінің  құрылу тарихы мен музейдің этнографиялық заттарын қорғау мен сақтауды теориялық тұрғыдан салыстырмалы түрде көрсету болып табылады.

Қорытынды да берілген зерттеу жұмысымның нәтижесі, қазіргі таңдағы Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарының музейлерінің жұмысын жақсарту мақсатындағы талап-тілектер, ұсыныстар келтірілген.

Қосымшада жекелеген музейлердің суреттері берілген.

 

1            ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ МУЗЕЙЛЕРІ:        ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ, ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН МАҢЫЗЫ

 

1.1         Жоғарғы оқу орындарының музейлерін ұйымдастырудың ерекшеліктері

 

Жоғарғы оқу орындарының музейлері оқытушының бастамасымен немесе студенттердің үйірмесі негізінде құрылады. Студенттер өздерінің қызығатын мәселесін зерттей келе, музейдің бағытын анықтайды. Осы маңызды кезеңде тарих пәнінің оқытушылары қатысу көмегі өте үлкен. Жоғарғы оқу орындарының музейлерін құру – ол бүкіл оқу орнынының ұжымының қажырлы еңбегі. Әрине, оқытушы музейдің педагогикалық бағытын, білім беру, тәрбиелеу үрдістеріндегі орнын белгілеп, оқушылардың музей белсенділерін құрып, экспонаттар жинауымен қатар шешілетін үлкен мәселе ол-музей бөлмесін жабдықтау. Бұл проблеманы оқу орнынының әкімшілігімен бірігіп шешуге болады /1, 39/.

Музейді құру барысында студенттер арасында түсіндірме жиналыстар өтеді. Осы жиналыстарда болашақ музейдің бөлімдері, бөлімшелері анық-талып, оларда экспозицияланатын материалдар сараланады. Осындай жұмыстар кезіндегі оқытушының басты рөлі-студенттер ақыл кеңес беріп, оларды ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу. Осы жұмысты атқару барысында оқытушы, музейді құруға қызығатын студенттер тобын бөліп алып, жергі-лікті, мүмкін болса, республикалық дәрежедегі мемлекеттік, өлкелік тарихи музейлерге экскурсияға апарып, оның қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастырылып, консультациялар алу керек. Бұл ұйымдастырылған кездесулер студенттердің болашақ музей жайлы дұрыс түсінігінің  қалыптасуына үлкен көмек көрсетеді. Тәжірибелі мамандар студенттерге жалпы музейді, экспозицияны дұрыс жасау тәртібі, экспонаттарды таңдау, жоғарғы оқу орындарының музейлерін ұйымдастыру жөнінен мағлұматтар береді.

 

 

СКАЧАТЬ