Ежелгі мәдениет пен өркениет слайд,презентация

0

Ежелгі мәдениет пен өркениет слайд,презентация

 

Ежелгі мәдениет

 

Жоспары:
1.Ежелгі грек мәдениеті
2.Ежелгі Қазақ мәдениеті мен өркениеті
3.Ежелгі египет өркениеті
Грекияның көне мәдениетінің  тамыры тереңде жатыр. Грекия жері мен Эгей теңізі аралдарың мекендеген  тайпалардың өркениеті ерекше тарихта орын алды. Эгей мәдениетінің аса маңызды орталықтары  Крит аралы Пелопоннес түбіндегі  Микены болғандықтан да Эгей өркениетін  Крит-Микены мәдениеті деп аталынды. Крит-найзағай тәңірі Зевстің туған жері, аңыз бойнша Гректің ең басты құдайы Зевс бұқа бейнесіне еніп, Финикия  патшайымы  асқан сұлу Еуропаны алады, ал одан аралдың  болашақ билеушісі Минос туылған. Атақты Геракл  жайлы да аңыз осы аралмен байланысты. 
 Грекия  мәдениетінің келесі кезеңі ұлы Гомердің атымен «Гомер кезеңі» деп аталынады. Қазба дүниелерден талдау жасағанда Гомерлік кезеңнің IX-XIII ғ. рулық  құрылыстың орнына біртіндеп таптық қоғам  қалыптаса бастаған. Өмір үшін күрестің яғни күрес бар жерде өлім бар, күрес бар жерде жеңіс бар –деген өмірлік қағидаларға грек философы Протогор былай деген «Адам — бар дүниенің өлшемі». Дегенмен адамнан гөрі құдiретті құдайлар бейнелерінің көптен берілуі – грек мифологиясына тән қасиет болып саналады.     Гомер дәуірінен келіп жеткен — аю өрнектер, құмыралар, қоладан жасалынған құмыралар, мүсіндер жатады. Құмыраны әшекейлер үшін геометриялық стильді қалыптастырды. 
Ежелгі Спарта
Спа́рта (көне грекше: Σπάρτη, лат. Sparta) немесе Лакедемон (көне грекше: Λακεδαίμων, лат. Lacedaemon) – ежелгі грек қала-мемлекеті (полис), алғашында Эврот өзенінің алабында (Лаконика аймағы) орналасқан, кейін б.з.б. 6 – 1 ғасырларда Пелопоннестің оңтүстік бөлігін қамтыған. Гомердің “Илиада” шығармасына қарағанда, Спарта Лакониканың ахейялық 12 қауымының бірі. Б.з.б. 12 ғасыр шамасында дорийліктер Пелопоннеске басып кіріп, Спарта қоныстарын қиратты. Археологиялыұ мәліметтер бойынша жаңа дорий қонысы Спарта деген атпен б.з.б. 10 – 9 ғасырларда басқа жерде – Эврот өзеннің жағасында пайда болған. Б.з.б. 8 – 6 ғасырларда Спарта көрші аймақтар: батыста Мессанияны, шығыста Клаурияны жаулап алды. Спартаның барлық жері мемлекеттік меншігіне алынды. Бұл жерлер Спартаның толық құқылы азаматтары – спарталықтарға мұра ретінде пайдалануға берілді. Жерді басыбайлы құлдар – илоттар өң- деді.
Ал Спартаның бұрынғы жергілікті халқы – периэктер (жеке басы ерікті, бірақ саяси құқы жоқ) қолөнермен және саудамен айналысты.
Спарталықтардың өздері жеті жасынан әскери қызметке тартылды. Спартаның саяси құрылысы рулық-тайпалық сипатта болды. Халық жиналысы (апелла) жоғарғы орган саналды. Мемлекетті екі әулеттен (Еврипоний және Ашад) шыққан екі патша басқарды. Олар әскери жасақтарға жетекшілік етіп, бірқатар діни міндеттерді жүзеге асырып отырды, ал ішкі және сыртқы саясаттың аса маңызды мәселелерін ақсақалдар кеңесі (герусия) шешті.
Экономикаалық жағынан Спарта қолөнер мен саудасы нашар дамыған, рулық қатынастар сақталған аграрлық қауым болды. Сәулет өнері мен өнерге мән берілмеді. Заңдар өте қатал болып, тәуелді халықты аяусыз қанады. Б.з.б. 6 ғасырдың аяғында Спарта Пелопоннес одағын басқарып, бүкіл Грекияда билік жүргізу үшін Афинымен Пелопоннес соғысын (б.з.б. 431 – 404) жүргізді. Спарта жеңіске жетіп, біраз уақыт Грекияда үстемдік құрды. Бірақ билеушілердің ішкі дағдарысы Спартаның соғыс күшін әлсіретті. Ол б.з.б. 371 – 362 жылы болған соғыстарда өз қарсыластарынан күйрей жеңілді. Б.з.б. 338 жылы Спарта Македонияға, ал 146 жылы Римге бағынып, мемлекет ретінде жойылып кетті.

 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!