Қадыр Мырза Әли – ақын слайд,презентация – Әдебиет

0
435

Қадыр Мырза Әли – ақын  слайд,презентация

Мақсаты: а) Білімділік:  Қимыл, іс – әрекеттің болу – болмау мүмкіндігіне қарай етістіктің болымды және болымсыз болып бөлінуін, жасалуын өз бетінше тұжырым жасау арқылы меңгерту, оларды салыстыра оқытып, мағыналық айырмашылығына көңіл бөлу; оқушыларға еліміздің ақиық ақыны Қадыр Мырза Әли өмірі мен шығармашылығы туралы жалпы түсінік беру. Адамгершілік, ақындық қасиеттерін таныту және тіл шеберлігін ұғындыру. 
ә) Дамытушылық: Оқушылардың ой тұжырымдарын, әдеби тіл байлықтарын, есте сақтау қабілеттерін, көркем сөз оқу шеберлігін дамыту көркем жазуын дамыту. Сөздік қорын молайту және тіл дамыту. б) Тәрбиелік: Ақын – жазушылардың жалпы өнерін құрметтей білуге, басқа да ұлы адамдардың көзқарасын сыйлай білуге тәрбиелеу.

Ақынның тек өз өлеңдерінен ғана тұратын жеке жыр табағы жарық көрді.
Жан – жануарлардың азығы қардың астында қалды.
Ой тастау. Балалар, бұл сөйлемдерде өздерің байқағандай іс – әрекет жүзеге асты ма? Берілген сөйлемдерде не айтылады? Ал енді бұл сөйлемдердегі іс – әрекет жүзеге аспаса, сөйлемді қалай құрар едіңдер?
Демек, іс – әрекеттің жүзеге асу – аспауына қарай етістік болымды және болымсыз етістік болып екіге бөлінеді. Болымды етістік қимыл, іс – әрекеттің жүзеге асуын білдіреді. Мысалы, келді, жүрді, сөйледі т. б. Болымсыз етістік қимыл, іс – әрекеттің жүзеге аспауын білдіреді. Болымсыз етістіктің жасалуына назар аударайық. 1. Болымсыз етістік негізгі немесе туынды түбір етістіктерге – ма, – ме, – ба, – бе, – па, – пе жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы, айт+па, қал+ма, ойна+ма, суар+ма, азсын+ба т. б. 2. Етістіктің есімше тұлғасы мен «жоқ», «емес» сөздерінің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы, өшірген жоқ, өшірген емес т. б. Болымды, болымсыз етістікті орыс тілінде мына түрде кездестіруге болады: сказал – не говорил, писал – не писал, спала – не спала. Бұлар орыс тілінде положительная форма глагола және форма отрицание глагола болып келеді де, «не» предлог арқылы жасалады. Сондай – ақ болымсыз етістік жұрнақтары зат есім тудырушы жұрнақтармен омонимдес болып келеді. Оларды қалай ажыратуға болады? Болымсыз етістік жұрнағына екпін түспейді, ал зат есім тудырушы жұрнаққа екпін түседі. Мысалы, көр – ме, көр+ме, шал+ма,

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!