Ақпарат және коммуникациялар министрлігі таратылды
Президент Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы жарлыққ қол қойды
АСТАНА, 25 ақпан – Sputnik. Қазақстанда ақпарат және коммуникациялар министрлігі таратылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Тиісті жарлыққа президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойды.
«Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі таратылсын», — делінген жарлық мәтінінде.
Бұрынғы министрліктің ақпарат саласындағы функциялары мен өкілеттіктері қоғамдық даму министрлігіне берілді. Ал қоғамдық даму министрі ақпарат және қоғамдық даму министрлігі болып қайта құрылды.
sputniknews.kz