Премьер-министр лауазымына Мамин тағайындалды

0
109

Мамин Асқар Ұзақбайұлы 1965 жылы 23 қазанда Целиноградта дүниеге келген.

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Үкіметтің жаңа басшысы қызметіне Асқар Маминнің кандидатурасын мақұлдады, – деп хабарлайды Zakon.kz.

Мамин Асқар Ұзақбайұлы 1965 жылы 23 қазанда Целиноградта дүниеге келген.

Целиноград инженерлік-құрылыс институтын (1987) бітірген, инженер-құрылысшы; РФ Үкіметі жанындағы Халық шаруашылығы академиясын (2003) бітірген, экономист. Техникалық ғылымдар кандидаты.

Еңбек жолы:

• Монтаждаушы, «Целинтяжстрой» трест мастері (1987-1988);

• Целиноград облисполкомының Ішкі істер басқармасында қызмет етті (1988-1991);

• Қазақстанның инновациялық кәсіпорындары одағы Бас директорының орынбасары (1991-1993);

• «Интер-Ишим» БК бас директоры (1993-1996);

• Ақмола (Астана) қаласы әкімінің бірінші орынбасары (1996-2000);

• Ақмола Арнайы экономикалық аймақ әкімшілік кеңесі Төрағасының орынбасары (1998-2000);

• ҚР Көлік және коммуникациялар вице-министрі (08.2000-02.2002);

• ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі Автокөлік жолдары комитетінің төрағасы (11.2000-02.2001);

• «Инком-Астана» ЖШС Бас директоры (06.2002-22.06.2003);

• ҚР Индустрия және сауда министрлігінің бірінші вице-министрі (23.06.2003-14.05.2004);

• ҚР Көлік және коммуникациялар министрі (25.08.2005-20.09.2006);

• Астана қаласының әкімі (21.09.2006-04.04.2008);

• «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ президенті (04.04.2008-09.2016);

• ҚР Премьер-министрінің Бірінші орынбасары (09.09.2016 бері).

Өзге де лауазымдары:

• «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі (07.2003-07.2004);

• «Қазақстанның даму банкі» ЖАҚ директорлар кеңесінің мүшесі (08.2003-10.2004);

• «Kazakhstan Engineering» Ұлттық компаниясы» ААҚ директорлар кеңесінің мүшесі (11.2003-07.2004);

• Халықаралық астаналар мен ірі қалалар ассамблеясының (МАГ) вице-президенті (28.09.2007);

• «НҰР ОТАН» ХДП-ның Мәжіліс жанындағы Фракциясының мәслихаттар мен азаматтық қоғам институттарымен байланыс жөніндегі кеңес мүшесі (27.12.2007);

• ҚР Шайбалы хоккей федерациясының президенті (10.2008, 09.2012, 12.2016 ж. қайта сайланды);

• ҚР Президенті жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесінің мүшесі (11.2008-05.2010);

• ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Көлік, логистика және байланыс комитетінің төрағасы (02.2014-2016)

• «ҚТЖ» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі (21.06.2015-09.2016);

• «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы (08.2016-12.2018);

• Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесіндегі өкілі (07.10.2016 бастап).

Партия мүшелігі:

• «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесінің мүшесі;

• «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалының төрағасы (2006-05.2008)

Мемлекеттік және халықаралық наградалары, премиялары, құрметті атақтары:

• «Құрмет» ордені (2006), «Барыс» 2-д. (2011), Франция Республикасының Құрметті Легионы (2013), Испания Корольдігінің «Азаматтық еңбектері үшін» бірінші дәрежелі (2014);

• Мерейтойлық медальдар, «Ерен еңбегі үшін» (1998), «Астанаға 10 жыл» мерейтойлық медалі (30.06.2008);

• Астана қаласының құрметті азаматы (2011), Құрметті теміржолшы (2012), Қазақстанның құрметті құрылысшысы (2013)

Әскери қызметтері, әскери және арнайы атақтары, шендері:

• Запастағы полковник

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!



Zakon.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз