ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ НОРМАЛАР | Скачать Курстық жұмыс
С.БӘЙІШЕВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК КОЛЛЕДЖІ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
ТАҚЫРЫБЫ: ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ НОРМАЛАР
ПӘНІ: МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
МАМАНДЫҒЫ: 0201000 ҚҰҚЫҚТАНУ
Орындаған: Д.Н.Нұрбеков
Ғылыми жетекшісі: Ә.Қ.Компаева
Қорғауға жіберілді (жіберілмейді)
Экономикалық, әлеуметтік және құқықтық
пәндік бірлестігінің жетекшісі
_________________________ Г. С. Исатаева
қолы
________________________2018ж.
Ақтөбе 2018 жыл
С.Бәйішев атындығы Ақтөбе университетінің медициналық-әлеуметтік колледжі ЖШС-і
Мамандығы: 0201000 Құқықтану
Топ білім алушысы ___________________________________ ______________
(білім алушының аты-жөні)
Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша
___________________________________ _______________________________
(курстық жұмыстың тақырыбы)
___________________________________ _______________________________
тақырыбына жазған курстық жұмысына
Пікір
___________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _______________________________________
Бағасы___________________________________ _________________________
Курстық жұмыстың тапсырылған күні_______________________________ __
Пікір жазушы: Компаева Ә.Қ.____ _______________________________
(аты-жөні)
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3-4
І ТАРАУ. ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК НОРМАЛАРЫ
1.1 Әлеуметтік норма түсінігі мен мәні 5-7
1.2 Әлеуметтік норманың белгі нышандары мен түрлері 7-12
1.3 Әлеуметтік нормалардың ерекшелігі 12-14
ІІ ТАРАУ. ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМА МЕН ӘЛЕУМЕТТІК НОРМАНЫҢ АРАҚАТЫНАСЫ
2.1 Құқықтық норманың мазмұны мен түрлері 15-20
2.2 Қазақстан Республикасының құқықтық нормалары 20-24
ҚОРЫТЫНДЫ 25-26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 27
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың тақырыбы: Құқық және әлеуметтік техникалық нормалар деп аталады. Әлеуметтік норма — адамдардың жеке мінез-құлқы мен қарым-қатынастарын реттеудің тарихи бекітілген формасы.
Қоғам өмірін құндылық тұрғыдан реттеу үшін оларды құқықтық жөне моральдық нормаларға бөлудін маңызы зор.
Курстық жұмыстың міндеті: Моральдық нормаларды сақтау ісі қоғамдық пікірдін, индивидтің имандылық парызының күшімен камтамасыз етіледі.
Әлеуметтік норма тек заңи және адамгершілік нормалар ғана емес, сондай-ақ әдет-ғұрып жосындары мен дәстүрге де арқа сүйейді, әлеуметтік нормаларды туыңдатып, негіздеме қалайды.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Әлеуметтік нормалардың негізгі түрлері:
— құқық нормасы;
— моральдық нормалар — жақсы-жаман, дұрыс-бұрыс, әділеттік әділетсіздік, достық, инабаттылық, парасаттылық, адамгершілік т.б. қасиеттер;
— саяси нормалар;
— эстетикалық нормалар;
— қоғамдық ұйым, ұжымдардың ереже-қағидалары;
— әдет-ғұрып нормалары — адамдардың көне дәуірден қалыптасқан жақсы қасиеттері мен жақсы іс-әрекеттері;
— салт-дәстүр нормалары — әр ұлттың, әр халықтың өздерінің ерекшеліктерінен қалыптасатын дәстүрлері болады. Мысалы: той өткізу, үйлену, ат шаптыру, көкпар тарту, қыз қуу т.б. дәстүрлері;
— діни, имандылық, инабаттылық нормалар.
Осы әлеуметтік нормалар біріге келе — адамдардың қоғамдық өмір сүруінің ережесі деп аталады әлеуметтік норма — қоғамдағы адамдардың, ұйымдардың, ұжымдардың ара қатынасының, іс-әрекетінің, мінез тәртібінің ережесі.
Әлеуметтік нормалар өздерінің дербестігімен бірге өзара тығыз байланыста дамиды. Себебі, олар бір экономикалық базисты, бір қоғамдық саясатты, бір әлеуметтік тұрмысты, бір мәдениетті, бір мүдде мақсатты қорғап, дамытады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қоғамның әлеуметтік нормаларының мазмұны, түсінігі мен түрлерімен танысу. Әлеуметтік норманың қоғаммен байланысын анықтау, құқықтық норма мен әлеуметтік норманың ерекшеліктерін айқындау.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, 2 негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден, қосымшалардан тұрады.
I БӨЛІМ. ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК НОРМАЛАРЫ
1.1 Әлеуметтік норма түсінігі мен мәні
Әлеуметтік норма дегеніміз адамдардың жеке мінез-құлқы мен қарым-қатынастарын реттеудің тарихи бекітілген формасы.
Қоғам өмірін құндылық тұрғыдан реттеу үшін оларды құқықтық жөне моральдық нормаларға бөлудін маңызы зор.
Моральдық нормаларды сақтау ісі қоғамдық пікірдін, индивидтің имандылық парызының күшімен камтамасыз етіледі.
Әлеуметтік норма тек заңи және адамгершілік нормалар ғана емес, сондай-ақ әдет-ғұрып жосындары мен дәстүрге де арка сүйейді, әлеуметтік нормаларды туыңдатып, негіздеме калайды.
Әлеуметтік нормалар тарихи дамудың белгілі бір кезеңінде қоғамдық қатынастар негізінде қалыптасқан әлеуметтік топтар мен жеке адамдар іс-әрекеттерін реттейтін талаптар. Әлеуметтік нормалардың үш ерекшеліктері бар:
1)қоғамдық маңызы бар іс-әрекеттерге ынталанудан шығады (мақсат, ой-арман, рухани құндылық т.б.);
2)белгілі бір жүйеге сәйкес келетін, міндетті түрде орындалатын тәртіптің түрі мен шегін көрсетеді;
3)қоғамдық ұйғарымның (санкцияның) негізі болуы керек.
Әлеуметтік нормалардың мәнін ғылыми жолмен түсіну үшін, ең алдымен, оларды қоғамның тарихи дамуының жемісі деп ұғыну керек.
Марксизм ілімі адамдардың іс-әрекеті мен әлеуметтік нормалардың арасындағы байланыстың өте күрделі диалектикалық сырын ашып, қоғам дамуының негізі экономикалық өмірге тәуелді екендігін ғылыми дәйектілікпен дәлелдеп берді. Әр түрлі қоғамдық экономикалық формациялардың өздеріне тән әлеуметтік нормалары қалыптасады да, олардың құрамы мен элементтерінің арақатынастарында ерекшеліктер болады. [1; 78-79бб.]
Бір қоғамдық-экономикалық формацияның қалыптасуына сәйкес әлеуметтік нормалардың кейбір компоненттерінің өзгеріп отыруына қарамастан, тарих сахнасына шыққан жаңа ұрпақтар оны дайын күйінде қабылдап, болашақ іс-әрекеттің қажетті құралы ретінде пайдаланады. Әрбір қоғамдағы әлеуметтік әртүрлі саланы қамтып, олардың жиынтығы сол қоғамдағы әлеуметтік нормалардың тұтас жүйесін құрайды.
Әлеуметтік нормалар қоғам алдындағы тарихи міндеттерін атқару үшін, олардың негізгі компоненттері қоғамның белгілі бір даму кезеңіне сәйкес келуі қажет.
Қоғамның дамуының белгілі бір кезеңінде кейбір әлеуметтік норма мен қоғамдық практика туғызған нормалардың араларында сәйкессіздік болады. Мұндай сәйкессіздік әсіресе діни нормалар мен адамдардың күнделікті іс-әрекеттерінен айқын көрінеді. Кең түрде алғанда әлеуметтік нормаларға дәстүр, әдет-ғұрып, моральдық және құқықтық нормалар, саяси, діни, эстетикалық қағидалар және ұйымдастыру-техникалық ережелері жатады.
Әлеуметтік нормалардың компоненттері бір-бірімен тығыз байланысты. Жеке адамдардың әлеуметтік нормаларды қабылдап, ішкі сенім-ниетіне айналдыруы — қоғамдық тәрбиенің ең бір маңызды саласы.
Әлеуметтік нормаларды қабылдауға бейімдеу жолдарының бірі — нормаларды саналы түрде меңгеру, бұл процестің екінші практикалық жағы — сол нормаларды сыртқы талаптан адамның ішкі қажеттілігіне, нормасына, дағдысына айналдыру.
Тарихи қалыптасқан әлеуметтік және қоғамдық ұйымдар туғызған нормалар жаңа қоғамдық қатынастарды жетілдіруге, болашақ адамдардың санасының қалыптасуына ықпалын тигізеді.
Қоғамдағы әлеуметтік тәртіптің дамып нығаюына сан қырлы құбылыстар мен толып жатқан факторлар өздерінің әсерін тигізіп жатады.
Оларды үш топқа бөлуге болады:
— табиғи құбылыс, факторлардың, уақиғалардың тигізетін әсерлері: демографиялық процестер, халықтың миграциясы, адамдардың өмір сүруінің ұзаққа созылуы, егіннің жақсы өнім беруі т.б.;
— нормативтік актілердің ерікті түрде жақсы орындалуы;
— адамдардың өзара қатынастарын сапалы орындауы. Қоғамдағы қатынастарды реттеп-басқаратын нормаларды төрт топқа бөледі:
— табиғи нормалар — ғылыми тұрғыдан зерттеліп, тәжірибеден өткен ұсыныстар. Мұндай ұсыныстарды ғылыми нормалар деп те атайды;
— ғылыми-зерттеуден өткен, тексерілген техникалық және табиғи ережелер, инструкциялар;
— әлеуметтік нормалардың көпшілігі осы топқа жатады;
— құқықтық нормалар.
Қоғамдағы көптеген қарым-қатынастарды реттеп басқарып отыратын негізгі құрал — әлеуметтік нормалар. Олар қоғамның дағдарысқа ұшырамай, біркелкі дұрыс дамуын қамтамасыз етіп отырады. Бұл объективтік процесс. Әлеуметтік нормалар көне заманнан адам қоғамымен бірге өмір сүріп, диалектикалық процесс арқылы дамып, нығайып келеді. Әлеуметтік нормалар арқылы қоғамдағы қатынастардың өзара байланысы өзгеріп, жаңарып, дамып жатады. Сол арқылы қоғамның өзгеруі, жаңаруы прогрестік жолмен дамып жатады. [2; 50-51бб.]
1.2 Әлеуметтік норманың белгі нышандары мен түрлері
Әлеуметтік нормалардың белгі нышандарына мыналар жатады:
1.Әлеуметтік нормалар адамдардың іс-әрекетінің мінезінің, тәртібінің қоғамдық ережесі. Жеке адамдар ұжымдар, бірлестіктер, одақтар, ұйымдар осы ережеге сәйкес өмір сүруге, жұмыс жасауға тырысады.
2.Әлеуметтік нормалар — қоғамдық дәрежедегі ереже, бұл нормаларды дұрыс, жақсы орындау бар азаматтардың, барлық ұйымдардың негізгі міндеті, орындамаса халықтың сөгісіне, сынына душар болады, жауапкершілікке тартылады.
3.Әлеуметтік нормалар — жай ғана ереже емес, ол қоғамдық міндетті түрдегі ереже. Ерікті түрде орындалмаса еріксіз орындалуға тиіс ереже.
Бұл қасиет қоғамның миллиондаған жылдар даму тәжірибесімен тексеріліп, сарапталып, қалыптасқан нормалар. Міне, осы көрсетілген белгі нышандары, ерекшеліктері арқылы әлеуметтік нормалар қоғамды басқарудың, қатынастарды реттеудің негізгі құралына айналды.
Әлеуметтік нормалардың негізгі түрлері:
— құқық нормасы;
— моральдық нормалар — жақсы-жаман, дұрыс-бұрыс, әділеттік әділетсіздік, достық, инабаттылық, парасаттылық, адамгершілік т.б. қасиеттер;
— саяси нормалар;
— эстетикалық нормалар;
— қоғамдық ұйым, ұжымдардың ереже-қағидалары;
— әдет-ғұрып нормалары — адамдардың көне дәуірден қалыптасқан жақсы қасиеттері мен жақсы іс-әрекеттері;
— салт-дәстүр нормалары — әр ұлттың, әр халықтың өздерінің ерекшеліктерінен қалыптасатын дәстүрлері болады. Мысалы: той өткізу, үйлену, ат шаптыру, көкпар тарту, қыз қуу т.б. дәстүрлері;
— діни, имандылық, инабаттылық нормалар.
Осы әлеуметтік нормалар біріге келе — адамдардың қоғамдық өмір сүруінің ережесі деп аталады әлеуметтік норма — қоғамдағы адамдардың, ұйымдардың, ұжымдардың ара қатынасының, іс-әрекетінің, мінез тәртібінің ережесі.
Әлеуметтік нормалар өздерінің дербестігімен бірге өзара тығыз байланыста дамиды. Себебі, олар бір экономикалық базисты, бір қоғамдық саясатты, бір әлеуметтік тұрмысты, бір мәдениетті, бір мүдде мақсатты қорғап, дамытады.
Әлеуметтік нормалардың мазмұнын екі тұрғыдан түсіну керек: біріншісі — коғамдық мүдде мақсатты орындау, іске асыру бағыты; екіншісі — жеке адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, дамыту бағыты.
Бұл объективтік бірлестік.
Өмірде біржақты әлеуметтік норма болмайды. Әлеуметтік нормалардың өмірге келу себептері қоғамның объективтік даму процесінде жаңа қарым-қатынастар қалыптасады. Бұл объективтік процесс. Сол арқылы жаңа құқықтық норма қабылданады. Бұл субъективтік процесс.
Сонымен, әлеуметтік норма — қоғам қабылдаған адамдардың мінез құлқының, іс-әрекетінің, тәртібінің ережелері мен оларды реттеп басқару нормалардың жиынтығы.
Құқықтық нормалар әлеуметтік нормалардың ең күрделісі, ең көлемдісі, ең маңыздысы. Құқық адамзаттың әділдік және азаттық идеяларына негізделіп, көбінесе заңдарда баянды етілетін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар жүйесі.
Әлеуметтік нормалар құқықтық норманың дамуына, орындалуына, нығаюына өте зор әсер етеді, ықпал жасайды. Жаңа заңның жобасы алдымен көп жылдар әлеуметтік нормалар саласында жан-жақты тексеріліп, содан кейін мемлекеттік заңға айналады. Заңды, жаңа норманың жобасын дұрыс талқылап, бекітуге, қабылдауға да өмірлік тәжірибе көп әсер етеді. Заң қабылданып, оны орындау процесінде де көп жылдық әлеуметтік нормалардың тәжірибесі көмек береді.
Сонымен, әлеуметтік нормалар бір-бірімен тығыз байланыста дамып, өзгеріп, жаңарып нығайып отырады. Әсіресе бұл байланыс құқықтық нормалар арасында тығыз түрде дамиды.
Өмірлік тәжірибеден қалыптасқан норманы моральдық норма дейді.
Бұл нормалар жалпы қоғам көлемінде тексеріліп, қабылданады.
Мысалы, не жақсы — не жаман, не дұрыс — не бұрыс деген ұғымды қоғам береді, өмір, тәжірибе қалыптастырады.
Құқық пен моралдың ара қатынасы өте күрделі процесс. Ол процесс төрт компоненттен тұрады: бірлігі, айырмашылығы, бірлесуі, дербестігі.
Енді осы компоненттерге жеке-жеке тоқталық, құқық пен моралдың бірлігі:
-екеуі де әлеуметтік нормаға жатады;
-екеуі де бір саясатқа бағынады, сол саясатты орындауға үлес қосады;
-екеуі де бір мүдде мақсатты орындауға қатысады;
-екеуі де адамгершілікті, әділеттікті, теңдікті, бостандықты жақтайды.
Құқық пен моралдың айырмашылығы:
— құқықтық нормаларды мемлекеттік органдар қабылдайды. Моральдық нормаларды ешқандай орган бекітпейді. Оларды қоғам, ұйым қабылдауы керек. Сонда ғана ол нормалар жақсы нәтиже береді;
— құқықтық норма ерікті орындалмаса, еріксіз орындалады. Моральдық норма тек ерікті түрде орындалады, т.б.;
— құқықтық норма заң немесе заңға тәуелді нормативтік акті болып
бекітіледі. Моральдық норма ешқандай жазылмайды;
— құқықта заңды жауапкершілік болады. Моралда жоқ т.б.
Құқық пен моралдың өзара бірлестігі:
— олар бірлесіп заңдылықты, тәртіпті қорғайды;
— бірлесіп тәрбие жұмысын жүргізеді;
— бірлесіп инабаттылықты, парасаттылықты, дамытады т.б.
Құқық пен моралдың өзара дербестігі:
— құқық заңдылықты жақтаса, мораль этиканы, эстетиканы қорғайды;
— құқықта тыйым салу болса, моралда болмауы мүмкін;
— құқық құпия жұмыс жүргізуге, іс-әрекет жасауға рұқсат берсе.
Мораль бұл істерге қарсы т.б.
Құқық әлеуметтік нормалардың басқа түрлерімен де қарым-қатынаста, байланыста, олар бір-біріне күнделікті жәрдем көрсетіп отырады.
Міне, қоғамның осы негізгі салаларында техниканың, технологияның маңызы, рөлі жылдан-жылға қарқынды түрде өсуде. Осыған сәйкес техникалық нормалар да көбеюде. Ғылыми-техникалық прогресс дәуірінде бұл процесс осы қарқынды түрде дамып қоғамның барлық саласын, бағытын қамтуға тиіс. Сондықтан, бұл процесті сапалы дамыту үшін құқықтық нормаларды уақытында қабылдап, оның бұл бағыттағы қатынастарды басқару реттеу жұмыстарын жақсартуды талап етеді.
Құқықтың маңызы, рөлі, әсері, нормативтік актілер арқылы ғылыми-техникалық, технологиялық, экологиялық процестің сапасын көтеру еліміздің әлеуметтік, экономикалық жағдайын жақсарту. [3; 35-37бб.]
Бұл үшін мемлекет техникалық, технологиялық, өндірістік, санитарлы-гигиеналық нормаларды, ережелерді қабылдап, оларды жан-жақты тексерістен өткізіп стандартты сертификат беруі керек. Стандарт — заттың (техниканың) нормативтік сапасы мен сипаттамасы туралы мемлекет бекіткен заңды акт. Осы стандарт арқылы техникалық норманың сапасы тексеріліп отырады.
Қазіргі заманда техникалық, технологиялық, экологиялық процестерді жақсарту тек құқықтық норманың ғана міндетті емес, сонымен бірге бұл ғаламдық проблемаға әлеуметтік нормалардың барлық саласы және қоғамдағы барлық ғылымдар үлес қосуы керек. Бәрі бірігіп ғылыми-техникалық норманы, стандартты т.б. жұмыстарды жасап, қатаң бақылауға кірісіп отыр.
Қоғамда тіршіліктегі, өндіріс саласындағы, саясаттағы және т.б. салалардағы адамдардың мінез құлқын реттейтін сан алуан нормалар әрекет етеді. Кез келген жағдайда норма адамдардың жалпы мінез құлық ережелері ретінде көрініс табады, латын тілінен аударғанда бұл сөз ереже, нақты предписание, үлгі дегенді білдіреді.Барлық нормалар техникалық және әлеуметтік болып бөлінеді.
Техникалық нормалар затқа, табиғатқа қатысты адамдардың мінез құлқын реттейді.Бұл адамдардың табиғи заттарды, еңбек құралдарын, түрлі техникалық құралдарын әлде қайда тиімді пайдаланудың ережесі. Техникалық нормаларға мысал ретінде белгілі құрылыс жұмыстарын орындау ережелерін, техниканы эксплуатация бойынша инструкцияны, шикізатты, жанармайды шығындау шектерін, мемлекеттк стандарттарды, техникалық жағдайларды келтіруге болады. [4; 54-55бб.]
Әлеуметтік нормалардың түрлеріне жататындар:
1)мораль нормалары (адамгершілік) — бүл адамдардың жақсы мен жаман, жақсылық пен зұлымдық, әділіттілік пен әділетсіздік туралы көзқарастарына қатысты қоғамда бекілілетін және қоғамдық пікір күшімен немесе ішкі көндірулермен (мысалы, қарт адамға қоғамдық транспортта орын беру, таңертең көршімен амандаспау) қорғалатын мінез құлық ережелері;
2)қоғамдық бірлестік нормалары (корпоративтік нормалар) — бұл қоғамдық ұйымның өзімен бекітілетін және осы ұйымдардың жарғысында көрсетілген қоғамдық мәжбүрлеу шаралары арқылы қорғалатын мінез құлық ережелері. (мысалы, жазушылар немесе бау-бақшашылар одағының жарлығында көрсетілген белгіленген мінез құлық ережелерін орындамау оларды бұл бірлестіктен шығаруына әкеп соқтырады). Басқаша айтқанда, корпоративтік нормалар тек ішкі қатынастарды реттейді: — қоғамдық бірлестік қатысушыларының (мүшелерінің) еркін білдіреді;
3)салт-дәстүр, әдет-ғұрып нормалары — бұл белгілі бір қоғамдық салада тарихи даму үрдісінде қалыптасқан мінез құлық ережесі; көп рет қайталану нәтижесінде әдетке айналып, соның арқасында олар қоғамдық пікірде қолдау тауып қолданылып келеді(ер адамдарда қол алысу, бірінші төлқұжатты беру);
4)құқық нормасы — мемлекетпен бекітілген, санкцияланған және қорғалатын және қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған және оны бұзған жағдайда мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы қарастырылған жалпыға міндетті, формалді анықталған мінез құлық ережесі. [5; 65-67бб.]
1.3 Әлеуметтік нормалардың ерекшелігі
Әлеуметтік нормалардың ерекшеліктері:
1)мұнда реттеу пәні терең әлеуметтік — қоғамдық қатынастар;
2)субъектілік құрамы әлеуметтік сала өкілдері ретіндегі тек адамдармен ғана байланысты.
Әлеуметтік нормалардың түрлерінен құқық нормасын (құқық) бөліп көрсетеді.
Егер құқық нормасын нормамен, мысалы моральмен салыстыратын болсақ олардың бірлігі және айырмашылығы бар.
Бірлігі:
1)әлеуметтік норма жүйесінде олар әмбебап, барлық қоғамға таралатын болып көрініс табады;
2)олардың реттеу объектісі бір — қоғамдық қатынастар;
3)соңғы есепте қоғамнан туындайды. [6; 45-46бб.]
Айырмашылығы:
1)пайда болуы бойынша (егер мораль қоғаммен бірге пайда болса, ал құқық — мемлекетпен бірге);
2)көрініс табу нысаны бойынша (егер мораль қоғамдық санада болса, ал құқық — жазбаша нысанға ие арнайы нормативтік актілерде болады);
3)әрекет ету ауқымы бойынша (егер мораль барлық қоғамдық қатынастарды реттесе, ал құқық әлде қайда маңызды және реттеуге келетін қатынастарды);
4)әрекетке енгізу уақыты бойынша (егер мораль нормалары әрекетке мойындалғаннан кейін енгізілсе, ал құықтық — нақты бекітілген мерзімде);
5)қамтамасыз ету тәсілі боынша (егер мораль нормалары қоғамдық мәжбүрлеу шараларымен қамтамасыз етілсе, ал құқық нормалары — мемлекеттік мәжбүрлеу шараларымен);
6)бағалау өлшемі бойынша (егер мораль нормалары жақсылық пен зұлымдық, әділеттілік пен әділетсіздік тұрғысынан реттесе, ал құқық нормалары — заңды және заңсыз, құқықтық және құқықтық емес тұрғыда реттейді).
Қоғамдық қатынастарды реттеу үрдісінде құқық пен мораль өзара әрекеттеседі. Олардың талаптары көп жағдайда сәйкес келеді: құық қолдайтын және даттайтынды ережеге сай моральда қолдап, даттайды. Және керісінше көптеген құқық нормалары нравствендықтан (өлтірме, ұрлама және т.с.с.) туындайды. [7; 81-82бб.]
Корпоративтік нормалар құқық нормаларына ұқсас, өйткені:
1)заңдық нормалар сияқты жазбаша актілерде — жалпы жиналыстарда, конференцияларда, съездерде қабылданатын құжаттарда (мысалы, жарғыда, шешімдерде) бекітіледі;
2)ұйым мүшелеріне міндетті сипатқа ие;
3)жүзеге асыруда ішкі бақылауды қажет етеді;
4)өз нұсқауларын жүзеге асыруды қамтамасыз ету құралдарының тіркелген толық құрамырамына ие;
5)нормалар жүйесі, яғни реттелген мінез құлық ережелерінің жиынтығы ретінде көрініс табады.
Сонымен қатар құқықтық және корпоративтік нормалар арасында келесідей айырмашылықтар бар:
1)егер құқық нормалары мемлекетпен қабылданса, ал корпоративтік нормалар — сәйкес құрылымдармен қабылданады;
2)егер құқық нормалары мемлекеттік мәжбүрлеу шараларымен қамтамасыз етілсе, ал корпоративтік — берілген ұйымның қоғамдық пікірінің күшімен;
3)егер құқық нормалары жалпыға міндетті болса, ал корпоративтік нормалар тек сәйкесінше ұйымның мүшелеріне ғана міндетті;
4)егер құқық нормалары қоғамдық қатынастардың кең шеңберін реттеуге арналса, ал корпоративтік нормалар — тек ішкіұйымдастырушылық.
5)Құқықтық және корпоративтік нормалар түрлі ұйымдардың (мысалы, кәсіподақтық) құқық қабілеттілігін бекіту саласында, олармен қабылданған шешімдердің құқықтылығын бағалауда өзара әрекеттесуі мүмкін.
[8; http:malimetter.kzӘлеуметтік нормалардың ерекшелігі.]
II БӨЛІМ. ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМА МЕН ӘЛЕУМЕТТІК НОРМАНЫҢ АРАҚАТЫНАСЫ
2.1 Құқықтық норманың мазмұны мен түрлері
Құқықтық норма — қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын әлеуметтік ережелердің бір түрі. Ол бүкіл халықтың мүддесін қорғаудың, мемлекеттің билігін, саясатын іс жүзіне асырудың құралы. Құқықтық норма қоғам мүшелерінің мінез-құлқын, іс-әрекетін арнайы ережелермен реттейді.
Жеке дара норма немесе нормалардың бір жүйесі құқық бола алмайды. Құқық деп қоғамның билігін, саясатын, мүддесін іс жүзіне асыруды толық қамтыған нормативтік актілердің жиынтығын айтамыз. Сонда да жеке дара құқықтық норманың маңызы зор. Оның мазмұны өте күрделі мәселелерді біріктіреді.
Коғамдық мүддені, саясатты, мемлекеттік билікті, бостандықты, теңдікті, әділеттікті, адамгершілікті, заңдылықты, тәртіпті, білімді, ғылымды, рухани сананы, халықтың әлеуметтік жағдайын, денсаулығын т.б. демократиялық іс-әрекеттерді. [9; … жалғасы