Home Жаңалықтар 90-шы жылдары «хит» болған әншілер қазір қайда жүр? (фото)

90-шы жылдары «хит» болған әншілер қазір қайда жүр? (фото)

0
425

90 жылдардың тоқырау кезеңінде Қазақстан халқы той-домалақты қазіргідей хан сарайындай мейрамханаларда емес, қарапайым асханаларда, тіпті «палаткаларда» жасаған еді. Ал, көптеген тойларда сол жылдардағы атақты әртістердің хит әндері орындалатын.

90 жылдардың хит әндерінің орындаушылары қазір қайда жүр? (фото)

Коллаж: NUR.KZ

Өкініштісі, халықтың сүйіктісіне айналған әншілер бүгінде сахнаға жиі шыға бермейді. 90-шы жылдардағы танымал өнер иелері қазір қайда жүр? NUR.KZ әншілер жайлы аз-кем ақпаратты назарларыңызға ұсынады.

Көпшілікке «Ақ сәулем», «Жұмбақ қыз» әндерімен танылған Өктем Алтаев бүгінде сахнаға көп шыға бермейтін болған. Әнші тек 2015 жылы ғана «Қазағым» атты ән кешін ұйымдастырып, тыңдармандарын қуантқан еді.

Фото: YouTube

Фото: YouTube

Ал, «Шашы ұзын қыз» әнімен көпке танылған Нұрлан мен Мұрат Қожа болса, дуэт құрылғаннан кейін, біршама уақыттан соң бөлек ән шырқай бастады.

Мәселен, Мұрат Қожа «Каспий» тобына ауысса, Нұрлан кәсіпкерлікпен айналысып кетті. Тек 2011 жылы ғана қос әнші «Алматы менің алғашқы махаббатым» атты фестивалінде бірге бой көрсетіп, көптің ыстық ықыласына бөленді.

Фото: last.fm

Фото: last.fm

Күні кеше ғана Жеңіс Сейдоллаұлының ән кешінде бой көрсеткен Рахат Тұрлыханов та 90-шы жылдардың соңында бірқатар хит әндердің авторы атанған еді. Әншінің орындауындағы «Асыл әжем», «Азем» әндері әлі күнге дейін ел есінде.

Шоу-бизнестен алыстап кеткен әнші бүгінде кәсіпкерлікке бет бұрған. Сонымен бірге, ол жұбайы Жәмилә Әбіловамен бірге үш бала тәрбиелеп отыр.

Фото: dailymotion.com

Фото: dailymotion.com

Кезінде көпшіліктің сүйікті тобы атанған «АБК» тобының экс-мүшелері де қазіргі күні жеке орындаушы ретінде ән айтып жүр. Топ мүшелері сахнадан алыстап кеткен емес. Олар түрлі ән кештері мен концерттерде халық алдына жиі шығып, өнер көрсетуде.

Фото: Yvision.kz

Фото: Yvision.kz

Қазақстан халқына «Фаина», «Боз жорға» әндерімен танылған «НА-НА» тобының да сол жылдары атағы жер жарып тұрған еді.

1989 жылы топтың негізін қалаған семейлік Бари Алибасов күні бүгінге дейін жерлестеріне жиі келіп тұрады екен.

Атақты топ Ресей мен Қазақстаннан бөлек ТМД елдері, тіпті алыс-жақын шетелдерде де танымал болды. Әйгілі топ күні бүгінге дейін тыңдармандарына концерт беріп, көпшілікті қуантып жүр.

Фото: ivona.bigmir.net

Фото: ivona.bigmir.net

Тоқырау жылдары «Қимай сені барамын» әнімен танылған Меруерт Түсіпбаева да бүгінде ән айтудан бөлек, кино өнеріне де бет бұрған. Түсіпбаева әлі күнге дейін түрлі ән орындап, сахна төрінен жиі көрінуде.

Фото: Kerek-info.kz

Фото: Kerek-info.kz

Сол сияқты «Мюзикола» дуэті мен «Дауыс International» топтары да бүгінде халықтың алдына жиі шыға бермейді.

Карина Абдуллина жеке орындаушы ретінде сахна төрінде көрініп жүрсе, «Дауыс International» тобының экс-солистері өздерін кино саласында да көрсетіп жүр.

Топтағы Рано Омарова мен Әсел Сәдуақасованың актерлік шеберлігі көпшіліктің көңілінен шыққан еді.

Фото: Arknews.kz

Фото: Arknews.kz

Фото: musicola.ru

Фото: musicola.ru