Артық салмақ қай ағзаның жұмысын бұзады?

0

Артық салмақ қай ағзаның жұмысын бұзады?

Артық салмақты тек айнадан ғана байқамайсыз, ол сіздің ағзаңызға айтарлықтай зиянын бірге алып келеді. Семіздіктен туатын дерттер мен оларға адам ағзасы қалай жауап беретінін жазатын боламыз.

Бауыр

артық салмақ
Артық салмақ адам ағзасындағы басты фильтр бауырға әсер етеді. Салмақ жинау майдың метаболизмінің бұзылуына алып келеді. Қиыны сол, бауырда жағдай шектен шықпайынша ауру белгілерін беретін рецепторлар жоқ, оған қауіп төнгенін білмейсіз. Ал, мәселенің туындағанын тек оң жақтағы қабырға асты бөлігі ауырғанда ғана аңғарасыз. Демек, бұл бауырдың ісіп, өзге ағзаларды қыса бастағанын білдіреді. 
Бұған жол бермеу үшін: Шектен тыс тамақтанғаныңды жүрек айну мен лоқсу басталғанда аңғаруға болады. Бұл тамақ мөлшерін сәл азайту керектігінен хабар беретін алғашқы белгі. 
Диетолог кеңесі: «Қандағы қант мөлшері, қалқанша безі қызметіне, тестостерон мен холестерин мөлшеріне жылына бір рет сараптама жүргізіп, арнайы медициналық бақылаудан өту. Бұл қауіпті аурулардың туындауынан қорғайды».

Жүрек пен қан-тамырлары

артық салмақ
Спорт пен тамақ. Адам тек дұрыс тамақтанбағаннан ғана емес, физикалық белсенділіктің жоқтығынан да артық салмақ жинай бастайды. Есте сақтаңыз, жүрек те бұлшық ет. Оның жұмыс істеуі үшін оған да қозғалыс керек. Адам артық салмақ жинаған сайын, май мен холестерин қан тамырларының қабырғаларына жиналады. Нәтижесінде қан айналымы жұмысын бәсеңдетеді.
Бұған жол бермеу үшін: Алдымен фастфудты көкөністермен алмастыру керек. Ең аз дегенде, брокколиді тағам мәзіріне қосыңыз. Оның құрамында В,С, және Д витаминдері, нәруыз бен калий, магний, темір мен фосфор сынды микроэлементтер бар. Ол жүрек пен қан-тамырлардың жұмысын жақсартады.
Диетолог кеңесі: «Артық салмақ бар екенін аңғарудың ең жеңіл тәсілі – белді өлшеу. Егер оның өлшемі 90 сантиметрден артық болса, өзіңізге уақыт бөлетін уақыт келді. Ал, дененің қай бөлігінде май жиналғанын білу үшін арнайы тексерістен өтіңіз».

Тыныс алу мүшелері

артық салмақ
Семіздік тек қарынның шығуына ғана емес, барлық ағзаның үлкейуіне алып келеді. Сонымен бірге мойын да семіреді. Бұл адамның түнде қорылдауына, тыныстың ұйқы кезінде уақытша тоқтап қалуына, демікпеге алып келеді. Оның себебі, семіздік пайда болғаннан бастап тамақта ауа өтетін аймақтың кішірейіп, тыныс алуға қатысатын бұлшық еттер дұрыс жұмыс істемейді.
Бұған жол бермеу үшін: Семіздіктің кесірінен бұл белгілерден бәрібір қашып құтыла алмайсыз. Артық салмақтан арылғанға дейін тек бір жаныңызбен ұйықтайтын арнайы жастықтар мен темекі, ішімдіктен бас тарту септігін тигізеді.
Диетолог кеңесі: «Демігу, қорыл, ісіну мен баспалдақтан көтерілген кездегі ауырлық – артық салмақтың басты белгісі. Сондықтан, бұл белгілерді байқай бастасаңыз, өзіңізді дереу қолға алыңыз».

Бүйрек

артық салмақ
Бірнеше жыл бұрын артық салмақтың бүйрек ауруына әсері туралы зерттеу жүргізілген болатын. 4500 адамға өткізген сараптамадан кейін америкалық ғалымдар өзге ағзаға қарағанда бүйректің ауру мүмкіндігі жоғары деген қорытындыға келді. Ал, Джон Хопкинс атындағы университет (АҚШ) зерттеушілері артық салмақ бүйректе пайда болатын тастардың басты себебі екенін дәлелдеді. Статистика бойынша 100 000-ға жуық бүйрек ауруына шалдыққандардың,  4,9%-ы артық салмақтан зардап шегеді.
Бұған жол бермеу үшін: Тамақ режиміңізге асқабақты қосыңыз да, нан өнімдерін азайтыңыз. Асқабақ та бета-каротин, А, С, Е витаминдері, калий мен пектиндер бар. Олар бүйрекке жиналған артық тұзды шығарып, зат алмасу үрдісін жеделдетеді және су мен тұз тепе-теңдігін қалыптастырады.
Диетолог кеңесі: «Гипертония дертіне (бүйрек ауруының салдары) әйелдерге қарағанда артық салмақпен ауыратын ер азаматтар жиі шалдығады. Ал, қант диабеті көбіне әйел адамдарда кездеседі. Сондықтан, ең алдымен, дұрыс тамақтану режиміне ауысқаныңыз жөн».

Ми

артық салмақ
Ұзақ уақыт бойына артық салмақтың миға әсері жоқ деп келдік. Дегенмен, 2000 жылы француз зерттеушісі Максима Курно тәжірибе арқылы мидың жұмысы нашарлайтынын жеткізді. 32 мен 62 жас аралығындағы 2200 адамға арнайы тест жүргізіп, кейін бес жылдан соң сол тестті қайта алады. Кейін нәтижесі бойынша, дене массасының индексі жоғары адамдардың дұрыс жауаптар саны  37,5%-ға төмендеген. Ал, керісінше салмақтары тұрақты қалыпта қалғандардың жауабы бес жылғы жауаппен сәйкес келген. Неге? Қан тамырларының қысылуы миға қажетті дәрежеде оттегі жеткізбейді. Соның кесірінен ми өз жұмысын бәсеңдетеді.
Бұған жол бермеу үшін: Мидың жасушалары үшін қоректік өнімдердің бірі – балық. Оның құрамына омега-3 май қышқылы кіреді. Ол қоқысқа толы қан тамырларын тазартып, қан айналымын реттейді. Оны құрамында одан бөлек фосфор бар. Ол жүйке жасушаларының жұмысын тұрақтандырады.
Диетолог кеңесі: «Мидың жұмысы бұзылған сайын адамның денесі инсулин бөлінуіне әсер етеді. Өз мөлшеріне жеткіліксіз бөлінеді де адамның қарны үздіксіз аша бастайды. Сондықтан, диета кезінде күйзеліске түсудің өзі салмақтың қосылуына немесе бір орында тұрақтап қалуына әсер етеді».

Тері

артық салмақ
Ағзаңдағы бар өзгеріс теріге шығады. Кез келген пайдасыз тағам теріге безеу, ірің немесе өзге де жолмен шығады. Ал, артық салмақпен бірге ісіну үрдісі де байқалады.
Бұған жол бермеу үшін: Күніне бір рет тойып тамақтанудан аулақ бол. Оның орнына бірнеше рет аз-аздан тамақтан.
Диетолог кеңесі: «Одан бөлек, тамақ режиміне лимон шырыны арқылы жасалған көкөніс салатын қосыңыз». 

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз