Алтын күз: сауат ашу

0
Сабақтың тақырыбы: Алтын күз Күні: Мұғалімнің аты- жөні:Сиванбаева Ш:Е Сынып: 1 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: Сабақ негізделген оқу мақсаты: Буындап оқыту, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқыту, түсініп оқыту. Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: Буындап оқи алады, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқи алады, түсініп оқиды. Оқушылардың басым бөлігі: Буындап оқи алады, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқи алады, түсініп оқиды, сұраққа жауап бере алады. Кейбір оқушылар: Мәтіннің мазмұнын түсіне алады, күздің ерекшеліктерін айта алады. Тілдік мақсат: Оқушылар: Негізгі сөздер мен тіркестер: Құрмет-уважение-respect, ардақтау-confession,алтын күз-золотая осень-golden autumn Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: Талқылауға арналған тармақтар: -қазір жылдың қай мезгілі?-күз екенін қайдан білдің? Сіз неліктен … екенін айта аласыз ба? Күзде неге құстар жылы жаққа ұшып кетеді? Жазылым бойынша ұсыныстар:Шатасқан әріптерден сөз құрау: місже, дайби,зүк,лықбай. Алдыңғы оқу Ойын: «Мен саған, сен маған» «П» дыбысы бар сөздер айту. Жоспар Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар Басталуы Психологиялық ахуалЖаттығу «Сиқырлы ғажайып орман»Барысы: Қазір біз ғажаптарға толы, жайдарман әрі сиқырлы орманға айналамыз. Екі топқа бөлінеміз: орман-тоғай болып екі қатарға тұрамыз. Біздің қолдарымыз – орманда серуендеп келе жатқан адамды нәзік, абайлап қана сипалайтын ағаштардың бұтақтары болады. Ал енді барлықтарыңызды бір-бірден осы сиқырлы орман ішінен өтуге шақырамыз, ал қалғандарың серуендеуші адамның басынан, қолынан, арқасынан сипалап, сиқырлы ағаштар болуға шақырамыз.Ширату:Орман ішінен өткенде, басқа қатысушылар сізді сипағанда қандай сезімде болдыңыз?Сиқырлы ағаштар болғаныңызда қандай сезімде болдыңыз?Жаттығуға дейінгі және жаттығудан кейінгі сезімдеріңізбен бөлісіңіз? Слаидтар, тақырыптық суреттер, ермексаз, бояу қарындаштар Үй жұмысын тексеру Сұрақ-жауап әдісі

-Денсаулық мықты болу үшін не істеу қажет?

Ортасытақырыптың мазмұнын ашу барысында топқа бөлу

5 минут

Аяқталуы6 минут

«Ұқсас суреттер» арқылы бірнеше топқа бөлу Жапырақ, қызыл алма,астық.Суреттерді оқушыларға таратамыз. Осы суреттер арқылы 3 топқа бөлінеді.

  • Слайд көрсету. Күз тақырыбына.
  • Мәтінмен жұмыс
  • Сұрақтар:

  • Күздің ерекшелігі қандай?
  • Күзді неге байлық дейміз?
  • Астықты немен жинайды,кім жинайды?
  • Күзде бау-бақшада қандай жемістер піседі? Олардың қандай пайдасы бар?
  • Үйде аналарың олармен не жасайды?
  • Сергіту сәті.

  • Мәнерлеп өлең оқу.
  • 2рет бірге дауыстап оқиды. Сосын жеке-жеке оқытамыз. «Күз»Көкөніс пен бидайдыЕлімізде сыйлайдыБерекелі маусым депКөрсетеміз мол құрмет.

    Жақсы оқыған балаларды мадақтау. (стикер) арқылы.

    Қорытынды Ермексаздан жеміс-жидектер жасау Рефлексия Ойын «Теріп ал»Суреттердің арасынан біздің жақта өсетін дәнді дақылдарды терейік.(бидай,арпа,сұлы,жүгері,күнбағыс) Үй тапсырмасы Күздің суретін дәптеріңе сал. Қосымша ақпарат Ұлыбританияда, Швецияда, Қытайда «Алтын күз» деген мереке тойланады екен. Қазақстанда тойланса не істер едің?Күз үш кезеңге бөлінеді: Ерте күз, Қоңыр күз, Қара күз Саралау-Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? Бағалау «Алма ағашы» әдісіОқушыларға сабақ басында екі түсті “алма” беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ. Пәнаралық байланыс Бейнелеу, АКТ, Дүниетану, еңбекке баулу Дескрипторлар Мәтінді түсінеді,мазмұнын айта алады,сұрақтарға жауап бере алады,күз айының ерекшеліктерін айта алады,өлеңді мәнерлеп оқи алады,дәнді дақылдарды ажырата алады,жемістердің пайдасын біледі,күздегі адамның еңбегін бағалай біледі. Баллдар