Тараз тұрғындары елордада қаза болған балаларды аза тұтуда (фото) — новости Казахстана

0

Таразда қаласының тұрғындары мен «Нұр Отан» партиясының өкілдері жиналып, Астанада қайтыс болған бес бүлдіршінді еске алды. Алаңға мешіт пен шіркеу өкілдері де жиналған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Алаңға жиналғандар шырақ жағып, ойыншықтар мен гүл шоқтарын қойған.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Қала тұрғындары марқұм бүлдіршіндерге құран бағыштады.

«Бұл орны толмас қаза. Кешелі бері тыныштық таба алар емеспін. Осы жаңалықты естігелі көз жасымды тоқтата алмадым. Өзім де екі қыздың анасымын. Мен бүлдіршіндірге аза тұтуға келдім», — дейді қала тұрғыны Юлия.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Айта кетейік, бұл шараны Facebook-тің белсенді қолданушысы Гүлжан Байтанаева ұйымдастырған. Ол таңертең қала әкімдігіне барып, осы шараны өткізуге келісім алған.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Естеріңізге сала кетейік, 4 ақпан күні түнде елорданың Сарыарқа ауданындағы Көктал-1 тұрғын алабында өрт шыққан. Өртті сөндіру барысында 2006, 2008, 2014, 2016, 2018 жылы дүниеге келген бес баланың денесі табылған. Олардың ең кішісі әлі бір жасқа да толмаған.

Бұл қайғылы оқиғадан соң қала әкімі шұғыл кеңес өткізген. Ал бұл жағдай орын алмас бұрын Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері үйдің қауіпті екенін ескертіпті. Артынша Астанада көз жұмған 13 жастағы қыздың хаты жұрттың жүрегін ауыртты.

Күні кеше қайғылы жағдайға қатысты Ішкі істер вице-министрі жауап берді.

Ал бүгін 5 қызды жер қойнына тапсырды.

Сондай-ақ жұрт еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің қызметінен кетуін талап етті.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қайғылы жағдайға душар болған отбасыға көңіл айтты.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Дереккөз: kaz.nur.kz