Бетпақдалада адасып кеткен 45 жастағы азамат бес тәуліктен бері табылмай жатыр — новости Казахстана

0

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы шөлді аймақта жоғалып кеткен азамат бес тәуліктен бері іздестіріліп жатыр деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрнекі фото: club.radioscanner.ru

Көрнекі фото: club.radioscanner.ru

31 қаңтар күні 45 жастағы Жамбыл ауылының тұрғыны 15-20 шақырым жерде орналасқан фазендасына жеке көлігімен шығып кетіп, қайта оралмаған.

Айта кетсек, Мойынқұм Тараз қаласынан жырақта, Қарағанды облысымен шекарада орналасқан аудан. Бұл аймақта Бетпақдала шөлі бар. Қыс мезгілінде мұнда ауа температурасы -50 градусқа дейін төмендейді.

«4 ақпанда ер адамды іздестіру жұмыстары басталған. Іздеуге ТЖ департаменті мен құтқару жасағының 20 қызметкері, 3 төбет, «Қазавиақұтқару» АҚ 2 ұшқышы мен тікұшағы, полиция бөлімдерінің мамандары, жергілікті тұрғындар тартылды.

Іздеуге барлығы 50 адам қатысып жатыр және 10 техника жұмылдырылған», — деп түсіндірді Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. 


Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали


Тағы да оқыңыздар

Дереккөз: kaz.nur.kz