Білім алушының шығармашылық қабілетін дамыту-әрбір педагогтың міндеті
Білім алушының шығармашылық қабілетін дамыту-әрбір педагогтың міндеті
Автор: Қаражанова Майра Ерболатқызы
Бағыты: Аттестаттау материалдары Бөлімі: Эссе, шығарма, мазмұндама Сыныбы: Басқа
Жарияланған уақыты: 2019-01-31
Материал туралы қысқаша түсінік
Білім алушының шығармашылық қабілеттерін дамыту және оны тәрбиелеу – бүгінгі таңдағы көкейтесті мәселелердің бірі. Шығармашылық – бүкіл тіршілік көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкіл халықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.
Білім алушының шығармашылық қабілетін дамыту-әрбір педагогтың міндеті
«Біздегі басты міндет – білім беруді жаңа сапамен және мазмұнмен толықтыру», – деген болатын елбасымыз кезекті Жолдауында. Бүгінгі күні ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білімнің және іскерліктің керектігін талап етеді. «Біздегі басты міндет – білім беруді жаңа сапамен және мазмұнмен толықтыру», – деген болатын елбасымыз кезекті Жолдауында. Бүгінгі күні ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білімнің және іскерліктің керектігін талап етеді. Сол себепті де оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту, оқушының табиғи дарындылығын пайдалана отырып, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін дамыту керек.Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көздеген деңгейден төмен емес білім алуын қамтамасыз етуге жеке шығармашылық қабілеттерін дамуы үшін жағдай жасауға міндетті делінген. Колледжде алған білім баланың шығармашылық әлеуетін дамытуға мүмкіндік беріп оны өнімді, шығармашыл, өзіндік ойлауға үйретуі тиіс. Баланың қабілеттерін дамыту мәселесі өзінің тамырын адамзат тарихының тереңінен алады. Ежелгі грек ғалымы және философы Сократ өз оқушысының дамуына үнемі қамқорлық жасап отырған. Бүкіл бір халықтың ұстазы ұлы Абай өзінің қара сөзінде бала өмірге келгендегі қабілеттері әрі қарай дамытуды, шыңдауға қажет ететінін, сонда ғана олар пайдаға асатынын жазған. Ал, назардан тыс қалған қабілеттер бара-бара жойылып, жоқ болатынын айтқан.Білім алушының шығармашылық қабілеттерін дамыту және оны тәрбиелеу – бүгінгі таңдағы көкейтесті мәселелердің бірі. Шығармашылық – бүкіл тіршілік көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкіл халықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.Менің ойымша, білім алушылардың шығармашылық мүмкіндігі зор, шығармашылық жұмыстарымен тұрақты, белсенді айналасуға икемді жас деуге толық болады. Осы арада шығармашылыққа баулу үшін тағы бір қажеттілік – оларды психологиялық дайындықтан өткізу, яғни балалық шабытын оятып, құлшындырып, еліктіріп отырып, «Сенің қолыңнан бәрі келеді екен ғой», «Өзің де бәрін біліп, үйреніп аласың» деп олардың кішкентай жетістіктерін мадақтап, көтермелеп отыру қажет. Алдындағы жетістіктеріне құптаушылық көрсетіп, сезім күйін бақылап, қамқорлық жасау керек. Білім алушының қойған сұрақтарына пейілмен дұрыс жауап беріп, алдыға проблема қойып оны шешуге ықпал жасап отырған дұрыс. Сонда оқушы ынталанып, алға ұмтылады, шығармашылық қабілетін дамытады.Сонымен қатар, сабақ беру процесінде оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулудың маңызы зор. Жазба жұмыстары олардың танымдық белсенділіктерін, ойлау жүйесін арттыруға көмектеседі. Жазба жұмыстарынан әр баланың өзіндік көзқарасын, эстетикалық және адамгершілік танымы, эмоциясы, пікірі, талдау, қорытындылау, салыстыра білу және одан қорытынды жасау қасиеттері байқалып тұруы қажет деп ойлаймын. М.Жұмабаев өзінің «Педагогика» оқулығында бала дамуының мәселелерін көтереді. Ол үшін оның танымын, ақылын, еркін қалыптастыру керек екенін жазады. Баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселелерін талдау ең алдымен «қабілет» ұғымының мәнін терең түсініп алуды талап етеді. Ж. Аймауытовтың пікірінше, адам өмірге өзіндік табиғи қасиеттерімен, қабілеттерімен келеді. Ал, баланың бойындағы туа біткен қасиеттерді дамытатын оқыту мен тәрбие. Неғұрлым баланың қабілеті мен талантын дамытуға ертерек көңіл бөлінсе, соғұрлым оны толық ашуға мүмкіндік туады. Бала бойындағы ерекше қасиеттерді жасы үлкендер жеткілікті бағаламаса, ол «өзгелер сияқты» болып қалып қоюы мүмкін», – дейді. Психологтар бала қабілетінің екі түрлі деңгейі болатынын дәлелдейді. Соның бірі шығармашылық әдіс – жаңа нәрсені ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі. Ол үшін оқушыға бағыт-бағдар бере отырып, баланың өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік беру керек деп ойлаймын.Оқушының өз бетімен жұмыс жүргізуі – шығармашылық қабілетті дамытудың басты жолы. Бұл ізденіс, ойлау әрекетімен тікелей байланысты. Ол үшін балаға берілетін білім сабақтастықты қажет етеді. Мысалы, еліктеуіш сөздер тақырыбына орай айналадағы естілген дыбысты, адамдардың, жануарлардың сыртқы пішінін әр түрлі еліктеу сөздер арқылы жаттықтыру, еліктеуіш сөз қатысқан мәтінді оқу, табиғат құбылысына бақылау жасату, еліктеуіш сөз қатысқан сипаттама мәтін құрату, көркем мәтіннен еліктеуіш сөздерді табу, оқушының тілін дамыту ғана емес, шығармашылықпен жұмыс жүргізуге де әсер етеді, яғни оқушы ізденеді, талаптанады, ойланады.Оқу іс әрекетінде мұғалім мен оқушы тығыз байланыста болуы керек. Ол үшін мұғалім бар күш-жігерін, педагогикалық шеберлігін оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға, үйлесімді дамытуға бағыттауы, шығармашылық жағдай жасауы қажет. Ал оқушы өз тарапынан белсенділік, дербестілік көрсетуі, өзіне деген сенімділігі арқылы шығармашылық әрекетті қалыптастыра алады. Сонымен бірге, әрбір сабақ үстінде шығармашылық тапсырма беріп отыруы тиіс. Шығармашылық тапсырма түрлерін сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне, шығармашылық қабілетінің даралығына қарап, әр сынып бойынша әрі қарай жалғастыра беруге болады.Оқушы шығармашылығы практикалық әрекеттер, ізденімпаздық арқылы дамиды. Шығармашылыққа үйрететін сабақтар – жаңа технологияларды қолдану болып табылады. Мұндай сабақтарда оқушыға ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық қатынас сақталады. Мұғалім бақылаушы емес, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетін ұйымдастыратын шығармашылық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана оқушы интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.Менің ойымша, әрбір педагог сабақтан тыс уақытта білім алушының шығармашылығын дамытатын әр түрлі кездесулер, іс-шаралар ұйымдастыру қажет. Іс-шара барысында, әрбір балаға өзіндік ойын, көзқарасын білдіруге мүмкіндік беру керек. Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді.P.S. XXI ғасыр — білім ғасыры. Тек білімді азаматтарымен ғана еліміздің болашағы жарқын болмақ. Білімді ұрпағы бар мемлекет өзінің даму жолында кез келген кедергілер мен тосқауылдарға қарсы тұра алады. Ұстаз еңбегі – оқушы білімімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің күрделілігі – әрбір оқушы жүрегіне жол таба білуінде. Әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту арқылы өзін, өмірді, әлемді танып білуге, қоғам алдындағы жауапкершілік қасиеттерін сезіндіре білуінде жатыр. Қорыта айтқанда, оқушы бойында шығармашылықты дамытуда үздіксіз құлшыныс, оқуға, білім алуға деген ұмтылыс ұдайы өшпей, күннен-күнге дами түсуі қажет. Сонда ғана оқушы бойында білім нұры тасып, сыныптан-сыныпқа көшкен сайын оқушының ішкі дүниесі, сыртқы ортамен байланысы дамып, оқушы дүниетанымы арта түсері анық.
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.