Жұмақта әйелдерге «хор жігіттері» бола ма?

0

Әйел кісі пейіште де өз ерімен болады. Ал, тұрмысқа шықпаған болса, бұл дүниеде, өзі сияқты бойдақ боп өткен еркекке үйленеді дейді мамандар. Өйткені Пайғамбарымыздың хадисінде «Пейіште бойдақ болмайды»[1] делінген.

Дегенмен, әйелдерге «хор жігіттері» берілмейді. Олай болатын себебі, пейіште ол өз ерінен өзгеге құштар болмайды. Бұған дәлел Құранның мына аяты: «Жәннәтта бөгде еркектерге көз салмайтын… (жұбайлар) бар»[2]. Осы аятқа сахаба Абдулла ибн Аббас: «…яғни өздерінің күйеулерінен өзгелерге қарамайды, әйелдер үшін жәннәтта жолдастарынан асқан әдемі жан не әсем дүние болмайды», – деп түсіндірме берген[3].

[1] Сахих Муслим, Китабуль Жәннә: «Бәбу әууәли зумратин…», №2834-хадис.
[2] Рахман сүресі – 56 аят.
[3] Ибн Кәсир тәпсірі, Рахман сүресі – 56 аят түсіндірмесі.

Абдусамат Қасым








Дереккөз: http://kazislam.kz/