«Шанель-манель»: Назарбаев шетелдік костюмдерді шешуді бұйырды — новости Казахстана

0

Мемлекет басшысы қазақстандық министрлерге шетелдік костюмдерді шешіп, отандық өнімді тұтынуды бұйырды деп жазады NUR.KZ.

фото: Ақорда

фото: Ақорда

Тағы оқыңыздар:

«Нашар жұмыс»: Назарбаев несиені таратып берген Ақышевті сынады

Назарбаев: Мәселені қолға алсаңдар шеше алады екенсіңдер ғой

«Бізде өндірістің бәрі шетелдікі. Мейлі, сәнқойлар бар, оларға «Шанель-манель» және тағы басқасын бере бер.

Бірақ қарапайым халық. Жастар жылының ашылуында маған керемет костюмдер мен аяқ киімдерді көрсетті. Тек оларға назарымызды аудармаймыз.

Неге дамымайды. Ербол (Ерболат Досаев — ред), сен мүлде мүнымен айналысып жүрген жоқсың», — деді Назарбаев.

Осы орайда президент отандық өнімдерді насихаттау керектігін айтты.

«Осы жерде отырғандардың бәрі отандық өнімге өтуіміз қажет. Ешқандай қорқыныш жоқ.

Әлемде қарапайым адамдар мен мемлекеттік қызметкерлер үшін қарапайым киім өндіріледі.

Біз де отандық жеңіл өндірісті көтеруіміз керек (…). Біз ары-бері жүріп, базарға барғанымызбен, өзіміздің нарығымызды қолданбаймыз», — деді Елбасы.

Дереккөз: kaz.nur.kz