Жұлдыз жорамал: Арыстан жұлдызнама белгісінің сипаттамасы

0

арыстан жұлдызнама жұлдыз жорамал мінезіАрыстан зодиак белгісі – 23 шілде – 22 тамыз.

Арыстан өмірлік ұстанымы – мен істейтмін! Арыстан өмір бойы өз болмысын көрсетуге ұмтылады. Тоқты сияқты жер белгісі болған соң, Арыстан үнемі бірінші болғысы келеді. Арыстандар өздерін жердің кіндігіміз деп сезінеді, дəл осы қасиеттері оларды күйрететін басты кемшіліктері – менмендікке – əкеледі. Бұл белгілердің мықты жақтары – өзіне деген сенміділіктері мен ашықтығы. Бұл адамдар бұлтармайды жəне айлаламайды. Шамасын білмегендігінен және қауіпті сезбегендігінен Арыстандардың бойында наполеондық түйсіктер пайда болады. Бұндай адамдардың жүрген жері ұрысқа толы; себебі оны өздері бастайды.

Олар үнемі шектен шығады, əрекетсіздікті ұнатпайды. Тіпті демалыстарының өздері белсенді өтеді. Ешқашан жалғызсырамайды, жаңа достарға оңай ие болады, өте əуесқой, өсек тыңдағанға жандары құмар, əсіресе, өздері туралы өсекті, достарына адал, ал жауларына қатты.

Арыстандардың талпынысы Торпақтар мен Тоқтылардың бірбетқойлығына қатты ұқсас. Мінезі жағынан Арыстан Шаянның толық кері бейнесі. Олар ешқашан қиын жағдайға түспейді, керісінше, қалғандарына тығырықтан шығуға көмектеседі. Арыстанның басты түйсігі – қорғау мен билеу.

Арыстан. Мансап

Мамандық таңдау – əр Арыстан үшін маңызды кезең. Бұл белгіде туылғандар қоғам алдындағы жауапкершіліктерін сезінеді. Шетте қалғанды ұнатпайды. Сондықтан, өздерін көрсетіп, халықтың көңіліне ие бола алатын қоғамдық жұмыстар жандарына жақын. Үлкен ақша жасауға ұмтылады. Арыстандардан жақсы көмекші мен қызметкер шықпайды. Олар басқару үшін туылған. Орта деңгейлі менеджер, директор жəне басшылардың ішінен Арыстандарды жиі жолықтыруға болады. Бұл белгінің астында туылғандар үшін үлкен ақша жасаудың оңай жолы – өз бизнесін ашу.

Сәттілік үнемі серігі болатын Арыстанды тек қана тəкаппарлығы мен шамасын білмеуі ғана құрдымға жіберуі мүмкін. Арыстан үшін оңтайлы мамандықтар, ол – саясат, шоу-бизнес, өнер жəне қайырымдылық.

Арыстанның бойынан өнерге деген бейімділікті де көруге болады. Ерекше туындыны жарыққа əкелген бірегей жазушы, сценарист жəне суретшілердің арасында бұл белгі адамдары көптеп жолығады.

Арыстандар мол табыс тапса да, шығындары одан да көп. Оларға шамасынан артық өмір сүрген тəн. Арыстандарға азартты ойын ойнауға болмайды, жолы болуы – бұл адамдар туралы емес.

Арыстан. Денсаулық

Арыстан ешқашан сырқатына шағым айтпайды, себебі мықты денсаулыққа ие. Оптимистік көзқарас жəне күйзеліске төзімділік иммундық жүйенің жақсы жетілуіне көмектеседі , ал ол өз кезегінде – вирустық жəне тұмау аруларына төтеп бере алатындығының кепілі.

Алайда, белсенді өмір салты жəне үнемі өзін көрсетуге ұмтылысы арқасында иеленетін көңіл-күйі Арыстандардың жүрегіне тікелей əсер етіп, қан тамыр жəне жүйке жүйесінің ауыр сырқатына əкелуі мүмкін. Бұл белгідегі адамдар тез сауығады. Əдетте, халықтық медицинаға жүгінеді. Күн көзінде өскен дəрі- дəрмектер Арыстандарға жақсы ықпал етеді. Денсаулығын сақтап қалу үшін бұл адамдарға энергиялық қуатын бақылап, көп тынығу қажет.

Арыстан. Қарым- қатынас. Басқа белгілердегі əйел және ер адамдармен үйлесімділігі.

Арыстан Еркек. Ер – арыстан – көрерменге зəру кәдімгі əртіс. Оны бар жанымен сүйетін көрерменіне айнала білсеңіз, Арыстанның көңілі сізге оңай ауады. Ал, онымен қарым-қатынасты сақтап қалу үшін үнемі тамсанып, жағымпазданып, еріңізді патша санайтыныңызды білдіріп отыру керек.

Ер-арыстан күн сияқты, оның шуағына жылына біліңіз. Қызығушылығын сөндіріп алмас үшін, оның қажеттілігін көрсетіңіз. Арыстан үшін жанында қорғауға зəру əйелдің болғаны керек. Ара-қатынастарыңыз оңай болмайды, себебі бұл белгідегі ер адамдар қызғаншақ жəне өзімшіл келеді. Екеуіңізге қатысты бар сұрақты оның өзі басқарып отыратынына дайын болыңыз.

Арыстан Əйел. Əйел-Арыстан – өзін жақсы көруге рұқсат берген патшайым. Арыстан белгісінде туылған əйелдер үнемі ерлердің ілтипатына ие болады. Сізге Арыстан ұнап қалса, ол үшін бақ сынасуға дайын болыңыз. Оған лайық екеніңізді жəне айтқан сөзін жерге қалдырмайтыныңызды дәлелдеуге тура келеді. Бұл əйелдер Феррари іспетті, оған жеткілікті мөлшердегі қаржысыз, елден ерек қабілетсіз қол жеткізе алмайсыз.

Арыстанға Егіздер, Таразы жəне Мерген жақсы серік бола алады. Ал, Торпақ жəне Суқұйғышпен үйлесуі екіталай. Арыстан – жалыңдаған от, оның жанында өзіңізді жайлы сезінесіз. Онымен ешқашан ішіңіз пыспайды. Егер де тыныш, бірсарынды қарым-қатынас іздесеңіз, Арыстан бұл рөлге жарамайды. Қарапайым арыстанды оның жарқын күлкісі, тартымды келбеті мен ашық түсті киімі топ арасынан ерекшелендіріп тұрады.

Сипаттамасы қызықтыратын жұлдызнама белгісін таңдаңыз:
Тоқты Торпақ Егіздер Шаян Арыстан Бикеш Таразы Сарышаян Мерген Тауешкі Суқұйғыш Балық