Атырау әкімі жиналыста ұйықтап қалған шенеунікті сөгіп тастады (видео) — новости Казахстана

0

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Құлсарыда жиын өткізіп, Жылы ой тұрғындарының сұрақтарына жауап берді деп хабарлайды newsasia.kz ақпараттық агенттігі.

Фото: Видеодан кадр, Facebook/ caspiannews.kz

Фото: Видеодан кадр, Facebook/ caspiannews.kz

Барлық ведомство басшылары мен аудан тұрғындары қатысқан жиында Нұрлан Ноғаев ұйқыға кеткен шенеунікті оятты.

Ол өз алдында мүлгіп отырған мемлекеттік қызметкерге «Түнгі ауысымнан келдіңіз бе?», — деп жекіді.

Артынша облыс басшысы тыңдауға құлқы жоқ адамдардың залдан шығып кетуін сұраған.

Ал отырыста білім, денсаулық және бала құқықтарына қатысты маңызды мәселелер талқыланды.

Бейнежазба Caspian news парақшасында жарияланған



Дереккөз: kaz.nur.kz