Болашақты нұрландырған тәуелсіздік

0


Бағыты: Сынып жетекші Бөлімі: Тәрбие сағаты Сыныбы: 7 сынып

Бұл материал сынып жетекшілері үшін және де тәлімгерлерге қажетті деп жариялағым келіп отыр .Қажет болған жағдайда оқушыларда пайдалануға болады .Мектепте өтілетін тәуелсіздік күніне де керек тақырып

Сабақтың тақырыбы: Болашақты нұрландырған тәуелсіздік
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Отанды сүюге қазақ елінің дәстүрлерін қастерлеуге үйрету,елге,жерге,тілге деген сүйіспеншілігін арттыру,патриот-тық сезімін ояту.Балаларды елжандылыққа,адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Бейнетаспа,слайдтар,шарлар,жалаушалар.
Сабақтың барысы: Қазақстан Республикасының әнұраны.
1 — жүргізуші:Бағдат
Жеткен арман-жаса,тәуелсіздігім,
Өз қолына берген ерік тізгінін.
Ие болған әлем ілтипатына,
Дербес,бейбіт мемлекетпіз біз бүгін.
3-жүргізуші:Жанерке
Армысыздар,құрметті ұстаздар мен оқушылар,қонақтар!
Бүгінгі Болашақты нұрландырған Тәуелсіздік!атты әдеби-музыкалық бағдарламамызды бастауға рұқсат етіңіздер.
ҚР әнұраны: Менің Қазақстаным
1-жүргізуші: Бағдат
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата — бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
2-жүргізуші: Ақерке
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс
Егемендік — ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан — жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан — Гүлстан!
1 — жүргізуші: Бағдат
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
3-жүргізуші:Жанерке
Дүбірлетіп өңірді,
Дүрілдетсін дүлділі.
Қазақ деген елімнің,
Құтты болсын бұл күні!
Дей отырып орталарыңызға Рахат, Арсеннің орындауында Жүрегім Қазақ әні
2 — жүргізуші: Жанерке
Құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директоры Сәрсенбаев Мұратжан ағайға беріледі.
1-жүргізуші:Алмас
Күй, сені тәтті көрем, жаным сүйіп,
Тыңдаймын тыным алмай, жанып – күйіп
Өмірдің сырын ашып жүрегіме
Музаның әміріне басымды иіп.
Алайық ескі күйдің бәрін жиып,
Жандырған ой — қиялды қалың күйік
Шерттіріп құнарлырақ домбыраға
Тербеліп ырғағына тамылжиық
Салтанат күйі. Орындайтын: Бекасыл
3-жүргізуші:
Бақытым — Республикам Қазақстан,
ақ көгершін, қаздар ұшқан.
Саған жетпес құшағы әлемнің де,
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.
Алдарыңызда бишілер тобының орындауында мектеп вальсі
3-жүргізуші: Абай
Бақытым-Республикам Қазақстан,
Көгінде ақ көгершін,қаздар ұшқан.
Саған жетпес құшағы әлемнің де,
Қыс болса,Бір шетінде жаз ауысқан.
Алдарыңызда мектеп вальсі
2 — жүргізуші: Сымбат
Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, — деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.
3-жүргізуші:Нұрсұлу:
Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз — өзінен жүрегім ән салады.
Құрманбай Сымбаттың өз шығармашылығынан Тәуелсіз Қазақстан өлең шумақтары
Арсен
,.байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында Қазақстан егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.
Аяулым:
Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе — тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы — құт, жері — дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
Дияс
Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира
Құрбаны болған жаланың
Ал қоғамның адамнан бар ма асылы,
Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып,
Бұғаудағы боздақтары кете барды
Бірі атылып, ал бірі дарға асылып

1 — жүргізуші:Ақерке
Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық Нұрлы достық Күн достық
Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты
Биші қыздар биімен де үн қосты –дей отырып Қамажай биін қарсы алыңыздар

Жамал:
Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің
Елім, жерім, Отаным – бақ — дәулетім,
Болашағым, өнер — білім, өркенім.
Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.
Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.

2-бөлім :Концерттік бағдарлама

Күй: Көңіл толқыны орындайтын Бекасыл
Ән: Еркем орындайтын Әсем
Көрініс: Байдың балалары
Ән: Тәуелсіздік орындайтын Ақерке
Үнді биі: Жамал
Ән: Әсем ән орындайтын Аяулым мен Ақтолқын
Ән: Ана орындайтын Ақерке

3-жүргізуші:Жанерке
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Ән: Жаңа ғасыр орындайтын Сымбат
2 –жүргізуші: Ақерке
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі
— дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына арналған Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.
3- жүргізуші бірге:
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.