Түркістанда оқушыларды ұрып-соққан жасөспірімнің анасы жылап жіберді – видео

0
Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

38 0 0

Оқушылар арасында болған әлімжеттік жағдай жұрттың жағасын ұстатты

АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Түркістанда оқушылар арасында әлімжеттік жасаған жасөспірімнің анасы көпшіліктен кешірім сұрады.

Кешелі бері әлеуметтік желіні дүр сілкіндірген аты шулы оқушылар арасындағы дауға қатысты прокурорлар Түркістан облысындағы 33 мектептің директорын жинап, жауаптыларды қатаң жазалайтындығын ескертті.

Түркістанда оқушылар арасында болған әлімжеттік жағдай бүкіл қазақстандықтардың жағасын ұстатты. Әсіресе бұл оқиғадан кейін білім мамандары мен құзырлы орган өкілдері таяқтың астында қалды.

Видеода таралып кеткендей, оқушыларды сабаған жасөспірімнің анасы бүгін бүкіл елдің алдында кешірім сұрады. Туған перзентінің әрекеті үшін жауапты екенін сезінген ана тіпті камера алдында өкіріп жылап жіберді, деп хабарлады otyrar.kz.

Салаға жауаптылардың сөзінше, сұмдық жағдай Түркістан қаласындағы үш мектептің — 9 сынып оқушыларының арасында болған. Оқиғаға байланысты жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық әрекеттер жасалғаны анықталып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.  

Еске сала кетейік, 21 қаңтарда әлеуметтік желілерде бір топ жасөспірімнің өзінен кіші сыныптарда оқитындарды ұрып-соғып жатқаны түсірілген видео таралған еді. Видеода бұзақылар олардың үстіне шығып алып, секіріп, ұрып-соғады.

Оқушы мектепте әлімжеттік жасаған тоғыз сыныптасын пышақтап өлтірді  

Кейінірек Түркістанда осы жағдайға байланысты жедел баспасөз мәслихаты өткізіліп, Түркістан облыстық білім басқармасындағылар осы видеоға қатысты пікір білдірген болатын. Мамандардың сөзінше, оқиға сабақтан тыс уақытта болған.  

 


Дереккөз: https://sputniknews.kz/