Home Жаңалықтар «Қыз керек пе?» Әйелді заңды түрде сатып алуға болатын елдер

«Қыз керек пе?» Әйелді заңды түрде сатып алуға болатын елдер

0
671

Әдетте, махаббат сатылмайды деп жатамыз. Десек те, кейбір елдерде өзіңе қажетті әйелді заңды жолмен (!) сатып алуға болады екен…

Жапония

Жапонияда бала-шағаны асырау, оны бағып-қағау оңай дүние емес, апл ең бастысы, өте қымбат. Алайда тапқыр жапондықтар бұл тығырықтан шығар жолды тауыпты. Аталмыш елде «әйелді жалға беретін» агенттіктер жұмыс істейді екен. Жалғызбасты еркектер өзіне қажетті әйелді бір аптаға жалға ала алады екен. Сөйтіп, онымен бірге дүкен аралап, өзіне қажетті заттарды сатып алып, той-томалақтар ұйымдастырып, онымен бірге кешкі асқа барып, қаланы аралап, серуендейді екен.

Филиппин

Мұнда қыздардың өздері ақша үшін біреуге әйел болуға барады екен. Айтарлығы, бұл жезөкшелік немес эскорт-қызмет емес, жұмыссыздық салдарынан, бойжеткендер қосымша ақыға «күйеуге шығуға» мәжбүр. Осындай қадамға барғаны үшін олар қомақты қаржыға ие болады және келісім ұзақ мерзімге жасалады. Қазір бұл дәстүр жоқтың қасына айналды, дегенмен кейде мұндай жағдайлар орын алып жатады.

Үндістан

Үндістан халқының 85 проценті дәстүрлі салтты ұстанады. Ал ұлттық салт-дәстүрлерге сәйкес, бойжеткен тек өзінің отбасы таңдаған еркектің етегін ұстауға тиіс. Ал туыстары, әлбетте, оған ақшадай болмаса да малмен неғұрлым көп қалыңмал төлейтін жігітті таңдайтыны хақ.

Пәкістан

Пәкістандағы жағдай да Үндістандағы ахуалмен шамалас. Ел халқы ұлттық салт-дәстүрді қатаң ұстанады, мұнда ешкім бойжеткенге өзінің қалауы бойынша өзі ұнатқан тегіне тұрмыс құруға жол бермейді. Айтпақшы, оладың ұзатылған бойжеткен үшін алатын ақысы да қомақты. Бұл жерде ешкім ешкімнің жағдайына қарамайды.

Ауғаныстан

Ауғаныстанда әйелдердің жағдайы саясаттағыдай мүшкіл деуге келеді. Мұнда нәзік жандыларды әйелдікке қаршадайынан сату етек алған. Ал әйелдердің бұған қарсы тұруға еш қауқары жоқ: олар азаматтық құқықтардан мүлдем ада, ал ер-азаматтармен арадағы қарым-қатынас патриархаттың қатаң қағидаларына негізделген.

Қытай

Қытайда демографиялық теңсіздік бар: елде әр 100 қыз балаға 120 ер баладан келетін болды.

Миллиондаған жас жігіттер өз елінен, өз ұлтынан жар таба алмайтын күйге түскен. Нәтижесінде, қызды болған отбасылары өз перзенттері үшін сол елде екінің бірі төлей алмайтын 24 мың доллар сомасындағы қалыңмал белгілеп отыр…