Санды қосындыға көбейту
Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Санды қосындыға көбейту
Автор: Мажимова Аңсаған Берікболқызы
Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 4 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-01-19
Материал туралы қысқаша түсінік
Санды қосындыға көбейту
Математика оқулығының әдістемесі,ғаламтор
суретті кестелер, қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер.
Білімділік: Оқушылардың білімдерін тереңдету, қайталау, пысықтау, тиянақтау.
Дамытушылық: Ой — өрісін, сана — сезімі мен тілін дамыту. Есте сақтау қабілетін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Әр істі саналы түрде орындауға, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас.
Сабақтың әдіс — тәсілі: Іздену, сұрақ — жауап.
Математика | |||
Сабақтың тақырыбы | Санды қосындыға көбейту | ||
Сілтеме | Математика оқулығының әдістемесі,ғаламтор | ||
Сабақтың жабдығы | суретті кестелер, қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер. | ||
Жалпы мақсаттарОқыту нәтижесі | Білімділік: Оқушылардың білімдерін тереңдету, қайталау, пысықтау, тиянақтау.Дамытушылық: Ой — өрісін, сана — сезімі мен тілін дамыту. Есте сақтау қабілетін қалыптастыру.Тәрбиелік: Әр істі саналы түрде орындауға, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.Сабақтың түрі: Аралас.Сабақтың әдіс — тәсілі: Іздену, сұрақ — жауап. | ||
Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | ||
Бағалау парақшасымен таныстыру | |||
Топқа бөлу | Оқушыларға кесілген суреттер үлестіріледі. | Қолдарына алған қиындыларды құрастырып,сол бойынша топқа бөлінеді. Суреттерді тақтаға іледі. | |
Ынтымақтастық атмосферасы | Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.Мен бақытты баламын,Жан дүниемде күн нұрлыЖылуым мол бойымда. |
Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады. |
|
Үй тапсырмасын пысықтау | Көбейту кестесін еске түсіруМатематикалық диктант.5*2=10 5*3=15 18: 2=910: 2=5 6*2=12 20: 2=105*9=45 3*3=9 4*6=2445: 5=9 9: 3=3 24: 4=6 | Оқушылар ауызша орындайды | |
Жаңа сабақ | 1-топ Жазуды жалғастыр және шығару жолын салыстыр:84. 9= (80+4). 9 = 720+36 = 7569. 84= 9.(80+4) = 720+36= 756Қосындыны санға көбейтуСанды қосындыға көбейту2-топ Жазуды жалғастыру және шығару жолын салыстыру756: 9= (720+36): 9 =80+4= 84450: 6= (420+30): 6 =70+5 = 75Оқулықтағы тапсырмаларды топтарға бөліп орындау.Дәптермен жұмыс.Қосымша тапсырмаларды орындау. | ||
Сергіту сәті | «Ұрылар мен кемпір» ертегі есеп.Ертеде байлардың есігінде жүріп күн кешкен, панасы жоқ жалғыз кемпір болыпты. Жаз шығып ел жайлауға көшкенде, сүйенері жоқ кемпір жалғыз сиырын ұрламақ болып ұрылар келеді. Кемпір:-«Бұлар менің жалғыз сиырымды нысанаға алмақ болған екен, мен де бұларды алдайын», — деп ойлайды. Сөйтіп жалман –жан бір шелек суды сапырып отырып, мынадай өлең айтыпты: Сапырып-сапырып Арманға бер,Құйып-құйып Алмасқа бер,Есіктегі екеуге бер,Төрдегі төртеуге бер,Өзің іште маған бер», — деген екен. Мұны естіген ұрылар:-«Қой мұнымыз болмас үй» толы кісі, әрі бізден екі есе көп, кетейік», — деп кетіп қалыпты. Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты. Сонда үйде адам нешеу? Жауабы:10 адам. | ||
Ой толғаныс | Математикалық тест.1. 5 * 7 өрнегінің мәні нешеге тең?а) 40 ә) 35 б) 302. 40 + 20 өрнегінің мәні нешеге тең?а) 60 ә) 50 б) 303. 48: 8 өрнегінің мәні нешеге тең?а) 3 ә) 7 б) 64. 120 – 20 өрнегінің мәні нешеге тең?а) 100 ә) 80 б) 905. 180 * 0 өрнегінің мәні нешеге тең?а) 180 ә) 0 б) 1 | ||
Сабақты бекіту | Бүгінгі сабақта біз не істедік? | Саған қайсы тапсырма қиын болды? | |
Үй тапсырмасы | Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау | Оқушылар күнделіктеріне жазады | |
Бағалау | Бүгінгі сабақ ұнады ма?Өз көңіл күйлерін стикерге жазу. | Бағалау парақшасын толтырады | |
Кері байланыс |
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.