Крещение 2019: мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелері

0
Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

35 0 0

Құтқарушылар Шоқындыру мейрамы қарсаңында дабыл қақты

ПЕТРОПАВЛ, 19 қаңтар — Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында құтқарушылар су қоймаларында мұздың жұқарып кеткенін айтып, халыққа Шоқындыру мейрамы кезінде суға шомылғанда абайлау керектігін ескертті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Облыстың төтенше жағдайлар депаратменті мәліметіне сүйенсек, ауа температурасының көтерілуіне байланысты өңірдің су қоймаларында мұз жұқарып, қалыңдығы қауіпті шекке жеткен (жағалау сызығында 10 сантиметрден төмен).

«Осыған байланысты мерекелік шараларға қатысушыларға қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін ескертеміз. Арнайы бөлінген жерлерде ғана шомылу керек. Мұз үстінде топ болып жинақталуға, қоршаудан әрі қарай шығуға тыйым салынады, мұздағы адамдардың қозғалысын реттейтін полиция қызметкерлері мен құтқарушылардың нұсқауын міндетті түрде орындау керек. Әсіресе, балалар мен қарттарға мұқият болған жөн», — деп атап өтті ведомство.

Құтқарушылардың айтуынша, бұл қарапайым ережелерге құлақ аспаудың соңы қайғылы аяқталуы мүмкін.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/