Банктер арасындағы төлемдер | Скачать
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университет
Экономикалық факультет
Қаржы кафедрасы
Жанисенов Феликс Маратұлы
Төлем жүйесі және оның қазіргі экономикадағы ролі
Магистрлік диссертация
Мамандық: 6N0509 – Қаржы
Астана 2010
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университет
Қорғауға жіберілді
Қаржы кафедрасының меңгерушісі
э.ғ.к.., доцент ________ О.В. Лашкарева
_______________2010ж.
Жанисенов Феликс Маратұлы
Төлем жүйесі және оның экономикадағы ролі
Мамандық: 6N0509 – Қаржы
Магистрлік диссертация
Ғылыми жетекші: ______________________ Керімқұлов
С.Е.
(күні)
Э.ғ.д., профессор
Рецензент
______________________Усенбаев Т.М.
(күні)
э.ғ.к., ҚазЭҚ және ХСУ-нің
Қаржы кафедрасының
доценті
Астана 2010
МАЗМҰНЫ
бет
КІРІСПЕ 4
1 ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ, АҚША АУДАРУ МЕН ТӨЛЕМДЕРДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
МЕХАНИЗМДЕРІ
1.1 Төлем жүйесі
9
1.2 Ақша аудару мен төлемдерді жүзеге асырудың негізгі механизмдері 20
1.3 Төлем жүйелерін құрудың (құрылысының) халықаралық 27
стандарттары (негізгі принциптері)
1.4 Төлем жүйелерінің қызмет етуінің шетелдік тәжірибесі
30
(Австрия, Нидерланды)
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІ
ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗІРГІ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РОЛІ
1. Қазақстандағы төлем жүйелерінің дамуының қысқаша тарихы
38
2.2 Қазақстан Республикасының төлем жүйесінің қазіргі жағдайы
41
2.3 Қазақстан Республикасының төлем жүйесінде мониторинг жүргізу
56
3. Қазақстан Республикасының төлем жүйесін дамыту анализі
58
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУ
БОЛАШАҒЫ
3.1 Ұлттық банкаралық жүйесінің төлем карточкаларының құрылуы
62
3.2 Қазақстандағы Банкаралық Kazcard карточка жүйесінің қызметі
70
3.3 Евразиялық Экономикалық Қауымдастық елдерінің ортақтөлем
74
жүйесін ұйымдастыру
3.4 Электрондық ақша ұғымы жəне қызмет атқару модельдерін талдау 78
ҚОРЫТЫНДЫ 88
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМ 91
КІРІСПЕ
Қазақстан егемендігін жариялау, елдің экономикасы мен банк жүйесін
реформалау сенімділігі, қауіпсіздігі мен тиімділігімен ерекшеленетін, жедел
жəне көп тəуекелсіз төлемдер жүзеге асыруға мүмкіндік беретін төлем
жүйелерін құру қажеттілігін тудырды.
Республиканың тəуелсіздігі жылдары ішінде Ұлттық Банк төлем жүйелерін
дамыту жəне жетілдіру бойынша айтарлықтай жұмыс жүргізді. Жүргізілген
жұмыстар нəтижелері бойынша қазіргі таңда Қазақстан Республикасының
аумағында келесі ұлттық төлем жүйелері жұмыс істейді – операторы Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы
РМК болып табылатын Банкаралық ақша аудару жүйесі (БААЖ) жəне Банкаралық
клиринг жүйесі. Халықаралық қаржы ұйымдарының сарапшылары (Халықаралық
валюта қоры, Дүниежүзілік Банк) ел аумағында уақтылы төлем жүргізу жəне
ақша аударуды қамтамасыз ететін Қазақстанның төлем жүйелерінің жоғары
тиімділігі мен сенімділігін атап өткен болатын. Осылайша, Халықаралық
валюта қоры кеңесшілерінің бағасы бойынша төлем жүйелері жүйелік тұрғыдан
маңызды төлем жүйелері үшін Халықаралық Есептер Банкі бекіткен барлық
Негізгі қағидаттарға толық сəйкес келеді.
Зерттеру жұмысының өзектілігі-Бұл ретте ұлттық төлем жүйелерінің
сенімділік деңгейін арттыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкі тұрақты түрде
алдыңғы қатарлы ақпараттық технологияларды ескеру арқылы төлем жүйесінің
серверлерін жаңарту бойынша жұмыстар атқаруда, нормативтік құқықтық базаны
жетілдіруде.
Қазақстан Ұлттық Банкінің ел аумағында қауіпсіз жəне үздіксіз төлем
жүргізу жəне ақша аударуға бағытталған негізгі функцияларының бірі төлем
жүйелерін қадағалау(оверсайт) болып табылады.
Төлем жүйелерін қадағалауға нақты уақыт режимінде төлем жүйелерінің
мониторингі, банктерден жəне банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдардан ақша аудару жəне төлемдер бойынша статистикалық
ақпаратты жинау жəне талдау, төлем жүйелерінің жұмыс істеу тиімділігін
бағалау кіреді. Оверсайт шеңберінде Қазақстанның Ұлттық Банкі төлем
жүйелерінің операторын жəне қатысушыларын тексеруді жүзеге асырады.
Сонымен қатар, қадағалау барысында төлемдер жүзеге асырудың қолма-қол
ақшасыз тəсілдерін, оның ішінде инновациялық бөлшек төлем құралдарын
дамытуға, тауарлар мен қызметтер үшін есеп айырысу барысында оларды кеңінен
қолдануға қажетті жағдайлар жасауға айырықша көңіл бөлінеді.
Зерттеу жұмыстың мақсаты мен міндеттері – Қазақстан Республикасының
қазіргі кезеңдегі төлем жүйесінің негізгі құрылымдарын талдап — сараптау;
төлем жүйесі ұғымының маңызы мен мәнін ашу және еліміздегі болашақта жүзеге
асырылатын төлем жүйесінің дамуының жоспарларын анықтау.
Осы үдеуден шығу үшін мынадай мақсаттар қойылады:
← Қазақстан Республикасындағы төлем жүйесінің қалыптасуы мен
дамуын зерттеу;
← Қазақстан Республикасындағы төлем жүйесінің құқықтық
аспектілерін анықтау;
← төлем жүйесін ұйымдастырудағы орталық банктер қызметіне баға
беру;
← төлем жүйесін тәуекелдікпен басқару әдісін қалыптастыру;
← Қазақстан Республикасында төлемнің пайда болу механизмдерінің
мәнін ашу.
← төлем жүйесі өзіне материалдық және қаржылық активтерді
иеленетін экономикалық субъектілерді қабылдай отырып, өз
кезегінде міндетті есеп механизмдердің жиынтығын ұсына алады.
Әдетте мұндай міндеттемелер ақша аударылымы есебінен, не қолма-қол
қаржы түрінде немесе коммерциялық банктер иелігіндегі депозиттер негізінде
жойылады.
Қолма-қол ақшалар еліміздегі әрбір орталық банктер шығаратын
бакнноттар мен (заңды төлем құралы) тиындардан тұрады. Депозиттік ақшалар
ұғымы әдетте коммерциялық банктердің клиенттері үшін сақталатын (әдетте тек
қана ағымдағы), сондай- ақ, орталық банктердегі өзге банктердің сақтаулы
ақшалары мен банкаралық есептемелер үшін пайдаланылатын заңды қалдықтармен
түсіндіріледі.
Сонымен қатар, экономикалық көзқараспен қарайтын болсақ, егер де әрбір
шаруашылық белсенділіктегі тұлға үй көлеміндегі төлем қарыздарына
мүмкіндігінше төлей алатын болса, онда бұл тиімсіз деп табылады.
Осы себепке байланысты материалдық өндіріс саласындағы экономикалық
агенттер әдетте түсімдер арасындағы шығындар мен уақытша өзгерістер
кезінде ақшамен төленетін тұтынысты өтеу үшін несие беретін банктер сияқты
несиелік мекемелері ұсынатын төлем қызметін пайдаланады. Банктер өз
кезегінде талап еткен функцияларды орындау үшін, олар банкаралық нарық
қызметін, ал жекелеген жағдайларда уақытша өзгерістер кезіндегі төлем мен
ақша түсірілімдерін есептік операцияларды, олардың өтем ақысын жабу үшін
орталық банктердің қысқа мерзімге берілетін қаржысын пайдаланады.
Төлем жүйесінің өзі және оның құралдары шаруашылық субъектілердің
маңызды бөлігі болып табылуы керек, ал бұл дегеніміз өз кезегінде төлем
жүйесіне деген маңызды принциптік сенімді білдіреді. Төлем жүйесіндегі
иеленуші белгілерінің осы немесе өзге де жағымдылығы жүйеге қатысушылар
белсенділігінің қаржылық және техникалық аспектілеріне қатысты қандай да
бір деңгейдегі сенімі болып табылады.
Өзге де маңызды сәттерге жүйенің табиғатына және оның жұмысына деген
келісімпаздық жағынан алғанда пайдаланушының тұтынысын көрсетеді. Төлем
жүйесі экономикалық нарыққа қатысатындарға жұмыс тәжірибесімен қоса
тәуекелділік факторының құрылысын қамтып көрсете алуы керек.
Нарықтық экономика адамдар, кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелер
арасыедағы әртүрлі операциялармен соған сәйкес олардың келісімдерінің
күрделі байланысымен сипатталады. Сенімділік пен өз уақытында төлемді өтеу
және оны есепке алу “уақыттық бағаға” тән сипаттарға ие бола алатын ақша
құндылығымен үлкен маңызға ие бола алады, оған қоса, мақсатсыз немесе
күтпеген жерде төлемді анықталмаған деңгейге дейін көтеріліп кетуі соған
қатысты кідірістің негізінде төлем өтеле ме жоқ па осы жүйеге
қатысушыларды ұстап тұра ала ма, олардың жалпы тәуекелділігін арттыра
алуымен байланысты.
Соңғы жылдары төлем жүйесіндегі белсенділікті жобалау, басқару мен
бақылауға қатысты мәселелері Еуропа мен Солтүстік Американың, сондай- ақ
экономикасы қарқында дамыған елдерінде қызу саяси пікір таласқа айналды.
Ерте жоспарлы орталықтандыруды жаңартуға қатысты мәселеге, сонымен бірге
социалистік нарықтық экономикадағы Орталық және Шығыс Еуропамен бұрынғы
Кеңестер Одағы елдері де көңіл бөлуде. Нарықтық реформаны жүргізу
тәжірибесі көрсеткендей, жекелеген тұлғалар мен фирмалардың қаржысын
қауіпсіз және тиімді аударуға деген олардың тұтынысын қанағаттандыратын
қолма-қол төлем жүйесі нарықтық экономика даңғылына сәтті өтуге қажетті
инфрақұрылыстың маңызды бөлшегі болып табылады.
Зерттеу объектісі – Қазақстан Республикасының төлем жүйесі болып
табылады.
Зерттеу пәні болып мемлекеттік төлем жүйесінің қызметі және Қазақстан
Республикасының экономикалық өсіміне әсер етуші механизмдер жиынтығы
табылады.
Зерттеудің теориялық-әдістемелік негізі база ретінде отандық және
шетелдік жетекші экономистердің, Қазақстан Республикасының заңнамалық
актілерінің жиынтығы мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің төлем
жүйеісі саласындағы, нормативтік — хұқықтық актілері, төлем жүйесіне
қатысты семинарлар мен жыл сайын Венада (Австрия) Халықаралық Валюта
Қорының ұйымдастыруымен өтетін конференцияның материалдары пайдаланылды.
Зерттеудің ақпараттық базасында
Қазақстанда мемлекеттік төлем жүйесі туралы жазған С.Е. Керімқүлов,
А.Ә. Ілиясов, С. Құлпыбаев, У. Баймуратов, А. Есентугелов, Ж. Идханов, А.
Кошанов, А. Зейнельгабдин, З.Д. Искакова, С. Сатубалдин, Н. Кучукова, В.
Мельников, В. Ли, Р.Е. Елемесов, Ж.М. Елубаева, М.Х. Тусеева, Б.Ж.
Ермекбаева, К. Окаев және де басқа авторлардың еңбектерінде қарастырылған.
Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік актілері (заңдар,
Қазақстан Республикасының Жарлығы және Қазақстанреспубликасы Министірлер
кабинетінің ережелері), сондай-ақ Қазақстанның Бағалы қағаздар Нарығы,
Қазақстан Банкілер, Экономикалық шолу, 2002-2009 жылдардағы Альпари
журналдарының жарияланымдары қолданылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалылығы мемлекеттің төлем жүйесінің кешенді
зерттелуі, тұрақты экномикалық дамуды қамтамасыз ету мен мемлекеттік төлем
жүйесінің әрі қарай даму механизмдерін арттыру бойынша ұсыныстар
әзірленді.
Зерттеудің тәжірибелік мәнділігі мен апробациясы, жұмыстың
қорытындылары мен ұсыныстарын төлем жүйсіндегі мәселелерді шешуде
негіз бола алады. Магистрлік диссертация тақырыбы бойынша жалпы
көлемі 0,25 баспа табақ болатын 2 ғылыми мақалалар басылып шықты. Олар:
Еуразия гуманитарлық институтының 15 жылдығына арналған Ғылым және жаңа
ұрпақ – 2010 атты жоғары оқу орындары арасындағы студенттер мен
магистранттардың XII ғылыми конференциясы, Жаһандану жағдайында Қазақстан
экономикасын дамытудың негізгі басмыдықтары атты Л.Н.Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университетінде өткен халықаралық ғылыми конференция
материалдары жинағында жарық көрген.
Зерттеу нәтижесі: тақырыпты зерттеу барысында жаңа көзқарастар,
ұсыныстар жасалған, оның ішінде, маңызды дегендері төмендегілер:
1. Қазақстан Республикасындағы төлем жүйесінің теориялық негіздерінің
бір жүйеге келтірілуі;
2. Қазақстан Республикасындағы төлем жүйесіндегі кемшіліктерінің
анықталуы;
3. Қазақстан Республикасының төлем жүйесіне қатысты проблемалық
мәселелерді жетілдіру бойынша жасалған ұсыныстар.
Диссертациялық жұмыстың құрылымы жалпы үш бөлімнен тұрады. Бірінші
бөлімінде Қазақстан Республикасы төлем жүйесінің теориялық сипаттамасы,
төлем жүйесінің құрылымы және қызметі, төлем жүйесінің құқықтық негіздері
қарасытрылған. Екінші бөлім бойынша Қазақстан Республикасының төлем
жүйесінің қазіргі жағдайын талдау және экономикалық өсу шегіне ықпалын
бағалау. Үшінші бөлімде Қазақстан Республикасының төлем жүйесінің дамуы
және тиімді ұйымдастыру әдістері, тұрақты экономикалық өсу шегі
шеңберіндегі проблемалары және оларды шешуге бағытталған іс – шаралар
қарастырылды.
1 ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ, АҚША АУДАРУ МЕН ТӨЛЕМДЕРДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
МЕХАНИЗМДЕРІ
1. Төлем жүйесінің мәні
Төлем жүйесі экономиканың банк секторы мен қаржы нарығында басты
орынды алатындықтан, төлем жүйесінің сенімді және дұрыс жүзеге асырылуы
экономикалық процестің қатысушыларының ғана емес, сонымен бірге ресми
тұлғалардың, оның ішінде орталық банк өкілдерінің де міндеті. Тұрақты төлем
жүйесінің принциптерін жүзеге асыруды қамтамасыз етудің бірден бір жолы —
коммерциялық банктерге үнемі бақылау жүргізіп отыру. Бұл процесс барысында
орталық банк пен қадағалау функциясы жүктелген басқа да мемлекеттік
мекемелер банктер қызметінің қаншалықты тұрақты және сенімді екенін
тексереді. Орталық банк коммерциялық банктерді төлем жүйесі ауқымында пайда
болуы мүмкін тәуекелдерді анықтауға және бақылап отыруға міндеттейді.
Орталық банктің негізгі рөлі есеп айырысу мекемесінің қызметін ұсыну
болып табылады. Орталық банкте ашылған шот бойынша есеп айырысуларды
жүргізуге қарағанда коммерциялық банкте ашылған шот бойынша жүргізу жоғары
тәуекелділікпен байланысты, себебі банк банкротқа ұшырауы немесе өз
міндеттемелерін орындау үшін ақша қаражаттары жеткіліксіз болуы мүмкін.
Сондықтан банкаралық есеп айырысуларды Орталық Банк арқылы жүзеге асырған
жөн.
Кез-келген төлем жүйесі негізгі бес бөліктен құралады:
← заң шығарушы база.
← төлем жүйесінің қатысушылары.
← төлем құралдары (ақша аударымдары мен төлемдерді жүзеге асыру
әдістері).
← ақша аударымдары мен төлемдерді жүзеге асыру механизмдері.
← инфрақұрылым және технология (есептегіш техника мен
программалық жабдықтау).
Заң шығарушы база — кез келген төлем жүйесінің негізгі құрамдас
бөлігі. Төлем жүйесі тұтастай заңдарға, ережелерге және стандарттарға
негізделеді және төлем жүйесінің барлық компоненттері заңнамаға сай
құралады. Реттеуші заңнамалардағы кез келген өзгерістер төлем жүйесінің
басқа да құрамдас бөліктеріне әсерін тигізеді. Заң шығарушы база төлем
жүйесіне қатысушы барлық тараптардың құқықтары мен міндеттерін нақты
анықтауы тиіс.
Төлем жүйесінің дамуы оның нормативтік базасының үнемі жетіліп,
жаңарып отыруын талап етеді.
— төлем жүйесінің қатысушылары (тұтынушылары).
Ең алдымен төлем жүйесіне қатысушыларды, олардың құқықтары мен
міндеттерін анықтап алу қажет. Әдетте, бұл орталық банктің нормативті —
құқықтық актілерінде көрініс табады. Тұтынушылардың құқықтары мен
міндеттері, сондай-ақ шарттармен де анықталады.
Төлем жүйесінің қатысушыларын негізінен үш топқа бөлуге болады:
— Шаруашылық жүргізуші субъектілер мен жеке тұлғалар – олардың
күнделікті қызметі төлем міндеттемелерінің туындауына септігін
тигізеді. Оларға банктердің әртүрлі төлем қызметтерін қолданатын жеке
тұлғалар және әртүрлі өндірістік кәсіпорындар мен сауда және қызмет
көрсету салаларының кәсіпорындары, сондай-ақ әртүрлі делдалдық және
диллерлік компаниялар жатады.
Ақша аударымдары мен қолма-қолсыз төлемдерді жүзеге асыру үшін төлем
құралдарын қолдану қажет. Төлем құралдарын таңдау бірқатар факторларға
байланысты:
➢ нақты төлем құралын қолдану құны.
➢ ақшаны қолма-қол немесе басқа жолмен беру.
➢ төлем сомасының қомақтылығы.
➢ нақты төлем құралын қолданудың ыңғайлылығы.
Бір төлемді бірнеше төлем құралының көмегімен жүзеге асыруға
болатындықтан, төлем құралын таңдау жоғарыда айтылған жағдайлар мен
тұтынушының талғамына байланысты болады. Төлем құралдарын екі топқа бөлуге
болады:
➢ кредиттік (несиелік) құралдар.
➢ дебеттік құралдар.
Несиелік құралға төлем тапсырмасы жатады. Несиелік аударымды жүзеге
асыру үшін ақша аударушы тұлға өз банкісіне оның есеп шотынан ақша
қаражаттарын алып, оны ақша алушы тұлғаның банкісіне аударуға тапсырма
береді. Бұл жағдайда төлем құжаттары мен ақша қаражаттары бір бағытта
жүреді.
Дебеттік құралдар несиелік құралдарға қарағанда көп болады (чектер,
төлем тапсырмалары, инкассолық жарлықтар т.б.) Несиелік құралдарды
қолдануға қарағанда дебеттік құралдарды қолдану кезінде төлемді жүзеге
асыру ақша аударушының бастамасымен жүргізіледі. Бұл жерде ақша алушы оған
қызмет ететін банкке ақша төлеушінің шотын дебеттеуге тапсырма береді. Ал
ақша төлеуші бұл кезде өзінің банкіне сол тапсырманы, яғни өз есебінен ақша
алушының шотына ақша аударуды талап етеді. Бұл жағдайда төлем құжаты мен
ақша екі түрлі бағытта жүреді. [3]
Ақша аударымдары мен төлемдерді жүзеге асыру кезінде мына төлем
құралдары қолданылды.
— төлем тапсырма;
— төлем талап-тапсырмасы;
— тікелей банктік шотты дебеттеу;
— инкассалық жарлық;
— чек;
— вексель;
— төлем карточкасы
➢ төлем тапсырмасы — ақшаны аударушының өз банкісіне құжатта
көрсетілген соманы өз есеп айырысу шотынан ақшаны алушының
есеп айырысу шотына аударуы туралы тапсырмасы. Төлемдік
тапсырма бойынша ақша аудару тек ақша аударушының есебінде
тапсырмада көрсетілген сомаға жететін ақша болған жағдайда
ғана жүзеге асады. Бұл жағдайда несиелік тәуекелге ұрынбау
үшін ақша алушының есебіне ақша ақша аударушының есебінен ақша
жұмсалғаны туралы құжат болған жағдайда аударылады.
➢ төлем талап-тапсырмасы — ақшаны алушының өз банкісіне құжатта
көрсетілген соманы ақшаны жіберушінің шотынан алуы туралы
талабы. Бұл талап ақша аударушыға қызмет көрсететін банк
арқылы ақша алушының акцепті бар болған жағдайға жүзеге
асырылады. Ақша аударушының банкісі, егер алдын-ала келісім-
шартта бұл жағдай айтылған болса, әр төлем үшін ақша
аударушыдан акцепт талап етпесе де болады.
➢ банктік шоттың тікелей дебеттелінуі — тұтынушының жүйелі
төлемдерін жүзеге асыру үшін қолданылады. Бұл жолмен ақша
аудару ақша төлеушінің қызмет көрсетуші банкі оның есебінен
ақша жұсалғаны туралы құжат беруіне өз келісім беру арқылы
жүзеге асады (мысалы, сақтандыру компаниясы немесе коммуналдық
қызмет көрсету компаниясы).
➢ инкассалық жарлық — уәкілеттілігі бар тиісті органдардың
ақшаны жіберушінің есеп айырысу шотынан құжатта көрсетілген
соманы аударуы туралы жарлығы. Мұндай құжаттарды міндетті
түрде ақша не үшін өндірілетіні, яғни себебі және ай заңның
қай бабы екені көрсетілуі тиіс.
➢ чек — бұл бекітілген түрдегі чекті берушінің өз банкісіне
көрсетілген соманы чекті ұстаушыға беруі туралы бұйрығын
көрсететін құжат. Чектер дүкендерде көрсетілген қызметтер мен
тауарлар үшін төлем ретінде және қолма қол ақша алу үшін де
қолданылады. Чектер қамтамасыз етілген және қамтамасыз
етілмеген болып екіге бөлінеді. Қамтамасыз етілген чектер чек
берушінің банкке алдын ала енгізген депозитімен қамтамасыз
етіледі. Ал, қамтамасыз етілмеген чектер алдын ала
депозиттермен қамтамасыз етілмейді.
➢ вексель — біржақты шартсыз ақшалай міндеттемесі бар қатаң
нысанды төлем құжаты. Вексель тауарды жеткізу туралы
келісімдер бойынша төлем мерзімін ұзарту мақсатымен беріледі.
Вексельді пайдаланып ақша төлеу өте оңай, вексель ұстаушыға
яғни, вексель иесіне тауардың ақшасын келешекте төлеуге
міндеттеме алып вексель жазып береді. Вексельде көрсетілген
мерзім келген вексель иесі вексель берушіге вексельді төлеу
үшін ұсынады. Вексельдерді санауды (есептеу) екінші деңгейлі
банктер жүзеге асырады.
➢ төлемдік карточкасы — бөлшек төлемдерді жүзеге асырудың ең
қолайлы жолы. Төлем карточкасын чек сияқты сауда орындарында,
қызмет көрсетулерге ақша төлеу үшін және қолма-қол ақша алу
үшін пайдаланады.
Төлемдік карточкалары кредиттік және дебеттік болып екіге бөлінеді.
Сонымен бірге дебеттік- кредиттік карточкалар да пайдаланылады, олар
дебеттік карточканың да, кредиттік карточканың да қызметін қатар атқарады.
Кредиттік карточка оның иесіне несиеге берілген сома шегінде ғана төлемдер
жүргізуге мүмкіндік береді. Ал, несие сомасы нақты бір мерзім өткеннен
кейін өтелуі тиіс және берілген несие бойынша кредиттік карточканың иесі
сыйақы төлейді.
Ал, кредиттік карточкаға қарағанда дебеттік карточканың иесі тек шотта
бар ақша қалдығы шегінде ғана пайдалана алады.
Дебеттік — несиелік карточка осы екі жағдайды да қамтиды. Егер есепте ақша
бітсе, банк автоматты түрде оған несие береді.
Соңғы жылдары төлем карточкалары өте көп қолданылып келеді, себебі бұл
құралды қолдану өте ыңғайлы және ол бойынша операцияларды жүргізу қауіпсіз.
Сонымен бірге төлем карточкасы бөлшек сауда нарығында төлемдерді жүргізуде
өте ыңғайлы болып табылады.
Кез-келген төлем карточкасы өзінің шығарған төлем жүйесі шеңберінде
ғана қолданылады. Мысалы: VІSA белгісі бар карточка тек VІSA төлем
жүйесінде ғана қолданылады.
Сонымен қатар, банк тәжірибесінде магниттік жолақшасы және
микропроцессоры бар карточкалар қолданыс тапқан. Қазіргі кезде магнит
жолақшасы бар карточкалардан гөрі микропроцессоры бар карточкалар көп
қолданылады, себебі бұл сенімді, қауіпсіз және функционалды болып
табылады..
Микропроцессорлы технологиялардың дамуымен дүние жүзінде электронды
ақша қолданатын түрлі төлем жүйелері енгізіле бастады.
Электронды ақшалар қолда бар ақша тәріздес. Электронды ақшалар
микропроцессорлы карточканың жадысына сақталады. Бұл ақшамен төлемді жүзеге
асырғанда төлеушінің электрондық алушының жадысына ақша аударылады.
Электрондық карточканы жоғалтқан жағдайда оның иесі карточкадағы ақшаның
бәрінен айырылады. Ал дебеттік карточканы жоғалтса, оның ақшасы банкте,
оның есебінде сақталады.
Төлем құралдарының тізімі және олардың біреуінің әйгілі болуы әр елдің
тарихи және әлеуметтік жағдайына байланысты болады. Мысалы АҚШ және батыс
Европа елдерінде чектер молынан пайдаланылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан территориясындағы
төлем жүйесін жүргізіп басқарушы күнделікті төлем аударымдық операцияларды
бақылаушы болып табылады. ҚР мемлекеттік жинақтаушы зейнеткерлік қоры және
бұл саланы қалалық, облыстық, аудандық бөлімдердің бөлімшелері. ҚР қаржы
министрлігі арқылы басқарылатын аймақтық, қазыналық басқарма. Бұл басқарма
арқылы мемлекеттік бюджеттің бөлінетін ақшаның қаржылар арнайы орындаушылар
арқылы жүргізіліп, бақылау функциясы бағаланып отырады.
Қазақстан Республикасында қызмет атқаратын коммерциялық Банктер.
Қазақстан Республикасында әлеуметтік қорғау еңбек министрлігі және
зейнетақы төлеу қызметін атқаратын мемлекеттік орталықтар
Мемлекет кәсіпорындары болып саналатын мемлекеттік почта банктер.
Құнды қағаз депозиттер орталығы. Бұл орталық биржалық және биржадан
тыс келісім шарттар бойынша жүргізілетін құнды қағаздар операциялар қызметі
тіркеледі.
Қағаздар қор биржасы биржалық сатылымдар бойынша шетелдік қорытынды
жүргізіп есеп айрысу операцияларын айқындайды.
Банк арқылы жүргізілетін міндетті төлемдер нақтылы жүйесіне сәйкес
аталады. Банк жүйесі төлем ауларымдарды қабылдау кезінде әрбір жүргізілетін
төлемдерді және аударымдарды операциялық тарифтерін белгілейді. Банк жүйесі
белгілейтін тарифтік құндастардың талаптарға сәйкес іске асырылады.
Сенімді төлем жүйесінің қызиеті қаржы жүйесінің тұрақты істеуінің
мүмкіндіктерін анықтайды. Қазақстаннығ төлем жүйесіне:
1. автоматтанған банкаралық аударымның жүйесі.
2. автоматтанған бөлшек төлемдер жүйесі кіреді.
Банкаралық ақша арудару жүйесі Швейцария банкінің ірі төлемдер
жүйесінің принципімен құрылған. Бұл жүйелер электрондық форматта банкаралық
есеп айрысудың уақытылы және тоқтаусыз жүргізілуін қамтамасыз етеді. Сол
сияқты екінші деңгейдегі коммерциялық банктер банктік қызметінің жекелеген
түрлерін көрсететін барлық қаржы ұйымның корреспонденттік шоттарын
жүргізуді жүзеге асырады.
Қазақстанның төлем жүйесінің халықаралық қаржы ұйымдардың төлем
жүйесіне қойылатын негізгі талаптарды толық орындалып нормативтік
заңдылыққа сай көрсетіледі. Банкаралық ақша аудару жүйесінің пайдалануы:
1. Екінші деңгейлі коммерциялық банктер;
2. Ұлттық Банк;
3. Қаржы министрлігінің қазыналық комитеті және оның аумақтық
бөлімшелері;
4. Қазақстан қор биржасы;
5. Почта банктер;
6. Бағалы қағаздардың депозиттік орталығы;
7. Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы және оның бөлімшелері;
8. Облыстық клиринг палаталары.
Банк аралық ақша аудару жүйесі Қазақстан территориясындағы әр елдің
нақтылық уақыт режимінде және жалпы есеп айрысу негізінде электрондық ақша
аударатын қызметін жүзеге асыратын жоғары төлемдерді жүргізу жүйесі болып
табылады.
Жалпы есеп айрысу жүйесі әр түрлі тақырып негізінде жеке өңделіп төлем
құжаты бойынша жүргізілетін операция. Ақша аудару процессі аударым
жіберілуінің есептік шоттарда бар қаражат шегінде жүзеге асырылады. Бөлшек
төлем жүйесі клирингтік палаталардың жүргізетін қызметтік талаптарға сәйкес
негізделген. Бөлшек төлем жүйесіндегі айдарым ақша алдын ала резервтеу
талабы бойынша орындалады немесе НЕТТО есеп айрысулар жүйесі бойынша
жүргізіледі.
Аударым ақша айрысу кезінде пайда болған таза дебеттік сальдо
мөлшерінде талап етіледі. НЕТТО есеп айрысу қызметіне негізделген төлем
жүйесі банк төлемдерді және ақша аударымдардың жүзеге асырған кезде жүйеге
келіп түскен төлемдік хабарларды тәулік бойы қабылдауға мүмкіндік береді.
Тәуілігіне бір рет төлем құжаттарын қабылдау тоқтатылып банк қарсы талаптар
мен міндеттерін есепке алу жүргізеді. Әр бір банк талаптары мен міндеттері
сомаларын арасында алынған айырма есептеу үшін жалпы есеп айрысулар
жүйесінде беріледі.
Банк аралық есеп айрысу жүйесі арқылы негізделген ірі сомадағы төлем
өтеді. Ал бөлшек төлем жүйесінің белгілі немесе шектеулі мөлшердегі
төлемдік сомалар өтеді. Барлық жүйеде жүргізілетін төлемдік сомалар
электрондық есептеу және сақтау жұйесі бойынша қабылданады.
Халықаралық электрондық қатынастағы барлық операциялар әр түрлі
тәуекелділікке байланысты жүргізіледі:
• шетелдік сатып алушының тауарлар тасымалдау уақыт тәуелділігі
бойынша;
• басқа елдердің заңын ережелері мен дәстүрін білмеу тәуекелі;
• өз елінде экспорттық және импорттық сауданы шектеуге байланысты
үкіметтің іс-әрекетін және заңдық талаптарын білмеу тәуекелі;
• валюталардың айырбас бағамдардың өзгеруі
Халықаралық саудағы төлемнің әртүрлі әдістері жоғарыда айтылған
тәуекелді есепке ала отырып қарастырылуы қажет.
Халықаралық саудада сатып алушымен сатушы арасында жүргізілетін
төлемдік аударымдар келісім шарты негізінде жүргізіледі. Келісім шартқа
есеп айрысудың әдістері көрсетіледі:
• аванстық төлем немесе жартылай төлем;
• қайтарылмайтын аккредетивтер;
• құжаттық инкассо;
• ашың шот бойынша жүргізілетін сауда.
Келісім шартта көрсетілген төлем әдісі стаушы мен сатып алушының
арасындағы келісім шартта көрсетіліп әр елдің банк жүйесіне келісімді
байланыс ретінде сақталынады. Есеп айрысудың әдісі ретінде чектер аудармалы
вексельдер банк тратталар почталық төлем тапсырмалар, инструкторлар, сейф
жүйесі халықаралық ақшалай төлемдер қолданылады.
Төлем жүйесінде тауарды жөнелту құжаты маңызды орын алады. Ондай құжаттарға
мына мазмұндағы құжаттар жатады:
• шот фактура;
• сақтандыру туралы уақытша куәлік;
• сақтандыру сертификаты немесе полисі;
• коносамент.
Әр елдердегі банк жүйесі аудармалық төлемдерді өңдеу барысында
дебеттік кредиттік сальдоларды анықтайды. Ақша аударымдары электрондық
негізде жүргізіледі. Халықаралық ақша аударымдары СВИФ жүйесінің хабары жиі
қолданылады. СФИВ жүйесінің нұсқауымен банкаралық аударымдардың тақырыптық
мазмұны компьютерлік коммуникациялық жүйе арқылы жүзеге асады.
Банктік аударым дегеніміз төлемдік тапсырмаларға сәйкес бір банктің
екінші банкке телекоммуникация құрылымы арқылы жіберетін есеп аурысу немесе
есептік шот операциясы.
Банктік аударымдарды қолдану банктік жүйедегі ағымдық мәліметтерді
қайта есептеудің топтаудың реттеудің қажеттілігі болып табылады.
Банктік аударымдар мынандай операциялық құрылымдардан тұрады:
• жасалынған келісімге сәйкес сатушы сатып алушыға құжаттарды
тапсырады.
• Сатып алушы төлемдік тапсырмаларды өзіне қызмет көрсететін банкке
шығарады.
• Стаушыға қызмет көрсететін банк төлемдік тапсырмалардың келіп
түскені жөнінде хабарлайды. (авизо жібереді)
• Авизо келіп түскеннен кейін қаражат сатып алушыға қызмет көрсететін
банктың есептік шотына аударылады.
Қазіргі уақытта төлемдердің басым бөлігі свифт жүйесі арқылы орындалады.
Свифт жүйесі арқылы орындалған төлемдік және аударым операциялары
сенімді және жылдам түрде жүргізіледі. Қаражатты аудару аударым иесінің
өтініш негізінде жүзеге асырылады. Аударымдар қаражаттың құжаттық мазмұны:
Аударымдардың ақша соммасы цифрмен және жазба т.рінде бейнеленеді.
Тапсырманы орындау әдісі телеграф немесе телефакс түрінде бейнеленеді.
Аударымды алушының (бенефицио) толық және дәл аты-жөні, мекен жайы
көрсетіледі.
Аударымды алушыға қызмет көрсететін банктің толық және дәл аты есептік
шотының номері жазылады
Аударымдардң мақсаты мен атауы (тақырыбы) міндетті түрде жазылып
көрсетеді.
Аударымдардың келісіа шарт бойынша жүргізілуін растайтын келісім
шарттың номері мен уақыты көрсетілуі қажет
Ақша аударымы жіберетін бенефициор пайдасына ақша аудару туралы алушы
банк берген нұсқау негізінде жүргізіледі. Банктік аударым нысанындағы есеп
айрысулар келісушініңкелісімі негізінде тәуекелділікпен жұмыс істейді.
Банктік аударым Қазақстан территориясында әр елдің нақтылы уақыт
режимінде жалпы есеп айрысу негізі бойынша электрондық ақша аударымдар
қызметі арқылы жүзеге асырылатын ірі төлемдерді жүргізу жүйесі.
Есеп айрысу дегеніміз әрбір жеке өңделген төлем құжаты бойынша
жүргізілетін ақша аударымдарын айтады. Банк жүйесінде жүргізілетін
аударымдар ақша аударушының есептік шотындағы бар қаражатының негізінде
жүргізіледі.
Автоматтанған немесе бөлшек төлемдер жүйесі есеп айрысу қызметінің
ақша аудару қызметінің клирингі негізінде жүргізіледі. Банк аралық ақша
аудару жүйесі арқылы ірі соммадағы төлемдер өтелі. Ал автоматтанған бөлшек
төлемдер жүйесінде арнайы шектеулі сомалық төлемдер жүргізіледі немесе
несиелік аударымдар пайданылады.
Шаруашылықтағы өнімді жабдықтар мен тұтынушылар арасындағы қолма-қол
есеп айрысудың жүзеге асырылуы барысында банктер арасындағы өзара есеп
айрысулар туындайды. Банк аралық есеп айрысулар төлеуші мен қаражат
алушының әртүрлі банкте қызмет көрсететін процесс арқылы іске асырылады.
Мұндай есеп айрысулар банк жүйесінде корреспонденттік шоттар арқылы жүзеге
асырылады.
Нарықтық экономикаға өту барысында көптеген дербес коммерциялық банк
құрылып қызмет көрсетсетуіне байланысты банк аралық есеп айрысу жүйесі
толық өзгеріске ұшырайды. Бұл өзгерістер банк арасында өзара
корреспонденттік қатынастар арқылы қызмет атқаруды сипаттайды. Өазіргі
уақытта корреспонденттік шоттар арқылы банк аралық есеп айрысуы
ұйымдастырудың екі варианты кездеседі:
Орталықталмаған немесе корреспонденттік қатынас орнатуы негізінде
жүргізілетін операциялар.
Орталықтанған немесе коммерциялық банк арасындағы есеп айрысулар
Ұлттық банктегі Қазақстандағы банкаралық есеп айрысу орталығында ашылған
корреспонденттік шоттар негізінде жүргізіледі.
Корреспонденттік шоттар дегеніміз-бұл коммерциялық банктердің өзара
есеп айрысуларды жүзеге асыруға арналған елдердің орталық банкте
жүргізілетін операциялар бойынша банктың бірінде ашылатын шоты.
Корреспонденттік шотта банктың меншікті құжаттары және несиелік есеп айрысу
кассалық қызмет көрсетуіне байланысты операциялардың мазмұны көрсетіледі.
Мұндай операцияға:
Банк шектелмеген ақшалай қаражатын аудару және есептеу немесе
клиенттер қаражатын есептеу.
Банк клиенттің бюджет пен зейнетақы қоры және басқа ұйымдармен есеп
аурысулары.
Бұндай құжаттардың барлығы өтініштен басқасы нотариалдық құжаттарынан
өтеді. Ұлттық Банк осы құжатты толығымен қабылдағаннан кейін өтініш беруші
банкте корреспонденттік шот ашады.
Банктік жүйеде жүргізілетін тқлемдік және аударымдық есеп айрысу
операциялары арнайы заңмен бекітілген құжаттар негізінде қызмет атқарады.
Төлем тапсырысы мен есеп айрысу бұл қазіргі кезде жиі қолданылатын
есеп айрысу формасы.
Төлем тапсырысы бұл ақша аударудың аталған тапсырысқа көрсетілген ақша
сомасын бенефицияларға немесе алушыға аудару туралы қызмет көрсеткіші
банкке берген тапсырысы.
Төлем тапсырысымен есеп айрысу мынандай төлемдер негізінде жүзеге
асыру үшін қолданылады:
алынған төлеммен көрсетілген қызметтер үшін.
Тауарлы немесе операциялар бойынша.
Жабдықтар мен мелдігерлерге тауар және көрсетілген қызметтер үшін
алдын ала төлеуге аванстық төлемдер.
Төлем тапсырысы толтырылған күннен бастап 10 күнге жарайды және оның
мазмұны төлеушінің шотында қаражат болған жағдайда ғана іске асырылады. Екі
жақтың келісуі бойынша төлем тапсырысына мерзімді және кешікпейтін болуы
мүмкін.
Мерзімді төлем бұл тауарды жөнелткенге дейін тауарды жөнелткеннен
кейін немесе тікелей келісім беру жолымен ірі келісімдер бойынша бөліп
төлеу арқылы жүргізіледі. Мерзімнен бұрын және кешіктіріп төлеу бұл
төлеушінің қаржылық жағдайына зиян келмеуі үшін жасалған келісім негізінде
төленуі мүмкін.
Есеп айрысу әдісі ретінде чектер, аудармалы вексельдер, банктік
тратталар, почталық төлем тапсырыстары мен телеграфтық, телефакстық төлем
тапсырыстары нұсқаулар СВИФТ жүйесі халықаралық ақша төлемдер қолданылады.
Халықаралық есеп айрысу несиелік құжаттарда есеп айрысудың әр түрлі
әдістері қолданылады, олардың әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар. Мысалы,
чекті қолдану есеп айрысу әдусін бәсеңдетті немесе төлемді алушы чектің
трассант болып келуін күтуі тиіс.
Банк траттасы арқыры жасалған төлем банк өзінің бір банк шотының
есебінен жасалған чекті білдіреді. Мысалы сол елдің банк траттасының жазасы
да онда оның шетелднгі банк корреспондентінің шотына төлеу туралытапсырысы
көрсетіледі. Бұндай операциялардың басты артықшылығы экспорттық
операциялардың өзіне тиісті төлем соммасын алуға тікелей мүмкіндік
тудырады.
Почталық аударым бір банктің екінші бір банкке жіберілген сомасын
көрсететін және онда көрсетілетін сомманы бенефициаларға төлеу туралы
жазбаша төлем тапсырысын береді. Почталық аударым банк әуе почтасы арқылы
шетелдік банкке жіберіледі.
Банктік тратталардың почталық аударымдардан айырмашылығы мұнда банк
клиентінің шетелдік жабдықтарға емес банк басқа банкке аударым жасайды.
Телеграфттық аударым почталық аударым сияқты процедуралармен
жүргізіледі. Төлем тапсырысын қарастыра отырып телеграф немесе телефакс
арқылы жіберіледі. Сонда телеграфтық ауларымдар клиент үшін біршама қымбат
болғанымен төлемдерді жылдамдатады.
СВИФТ телефакс арқылы қаржылық есеп айрысуды халықаралық банк
операцияларын ұйымдастыру жүйесі болып табылады. Мұнда төлем туралы хабар
алушы банк принтрінде қағазға басылып шығады.
СВИФТ жүйесінің жеделдігі мен тиімділігіне байланысты телеграфттықжәне
почиалық аударымдар біршама баяулап жүргізіледі.СВИФТ жүйесінің хабары
Халықаралық ақшалай экспрес аударымы деп атайды.
СВИФТ жүйесінің ацырмашылығы есеп айрысудың жылдам жедел тұрғыдан
жүзеге асырылуы бойынша ерекшеленеді.
Төлем жүйесінің заңды анықтамасының және ақша аударудың техникалық
механизмің нарықтық экономикадағы ақшалық несие жүйесінің негізгі бөлігі
болып төлем жүйесі болып табылады.
Тұрақты қолнануға қолайлы икемді төлем жүйесі халық шаруашылығының
шаруашылық субъектісі тиімді ақша аудару төлемдік қызиетін атқарады. Төлем
жүйесін басқарудың толық құрылымын Ұлттық Банк жүргізеді. Ұлттық Банк төлем
жүйесінің қызметін қадағалап жиналған ақпараттар бойынша талдау
қорытындысын жүргізеді. Ұлттық Банк елдің қаржы жүйесінің тұрақты
айналымдық қызмет атқаруын қамтамасыз етеді. Ұлттық Банк төлем жүйесін
арнайы ұйымдастырылған банк аралық есеп айрысулардың қазыналық орталығы
арқылы жүргізеді. Банктік есеп қазыналық орталық төлем жүйесінің
банкаралық ақша аудару операцияларын жүргізетін орталық болып табылады.
БЕҚО Ұлттық Банк стартегиялық жоспарын қалыптастыруда және жүргізуде
белсенді қызмет атқаратын орталық болып саналады. БЕҚО-да арнайы
ұйымдастырылған тақырыптық семинар сабақтары мен кездесулер, іс-тәжірибе
алмасулары және кеңес беру әдістері жиі жүргізіледі.
БЕҚО электронды жазба ақша аударым қызметінің негізгі орталығы болып
саналады. Бұл жүйеге барлық территориялық орталығы қазыналық қаржы
министрлігі зейнетақы төлеу және клирингтік палатадағы төлем қызметкерлері
іске асарылады және белгілі бір құжатпен бекітіледі. БЕҚО барлық банктың
төлем операцияларын электронды әдістар арқылы ақпараттық хабарлар
алмасужүйесі бойынша атқарылатыноперациялық қызметтердің тарифын Ұлттық
Банк бекітіп реттеп отырады. БЕҚО қосымша қызматі халықаралық стандарттық
талапқа сай ұсынылады және ФАСТН кешенімен жүргізіледі.Бұл кешен банкпен
клиент арасындағы электрондық ақпаратты қорғау мен сақтау міндетін
қамтамасыз етеді.
Клиент пен банк жүйесі арасындағы құжат айналысын ұйымдастыратын және
электронды цифрлік қол қою механизімін қолданады толығымен қағазды құжат
айналымына ауыстырып электрондық ақпараттарды өңдеуден өткізіп қорғау
қабілеті бойынша сақтайды.
Электронды жүйе бойынша берілген қабылданған ақпараттар электронды
сандық қол қою оперпциясы арқылы белгіленеді. Электронды сандық қол қою
ақпарат қабылдап алу үшін белгілі шарты бойынша берілген ақпараттың толық
мазмұнын сақтайды. Бұл операцияға қатысушылар келісім шарты негізінде
электрондық ақпараттар алмасуы мазмұнында қабылданады. Электронды құжаттар
сақтандыру процессі бойынша квоталынады.
Егер электрондық ақпарат сандық қол өою шартымен берілмесе, онда бұл
ақпарат ақша аударудың төлемдік мазмұны болып табылмайды және қабылдауға
жатпайды. Ал егер ақпарат қабылдаушы ақпарат жіберуінің жіберген ақпаратын
қайтарса, онда Қазақстан Республикасының ақша аудару заңдылығы бойынша
себебін көосетуге міндетті.
Электронды төлем құжатын жүргізуші банк бугалтерлік есепті ішкі
есептік саясаттың талабына сай жүргізеді. Ақпарат жіберуші ақпарат
қабылдаған міндетті түрде хабардың толық мазмұнына қабылданғандығын
анқтайтын түбірлік бекіту құжатын алуы қажет. Бекіту құжаты электрондық
хабар ретінде немесе қағаз жүзінде беріледі. Электрондық құжаттар келісім
шартта көрсетілген талаптар мазмұны бойынша сақталып қорғалады.
Төлем операцияларының электрондық ақпарат мазмұны қағаздық басыламдар
арқылы бекітіледі. Қағаздардың басылымдық мазмұны Қазақстан Республикасы
бекіткен заңдар талабына сай орындалады.. Электронды құжаттарды сақтау
мерзімін Қазақстан Республикасының заңдарына байланысты банк қызметінің
ішкі саясатының басқару тәртібі болып қабылданады.
Банкаралық есеп айрысудың Қазыналық орталығы арқылы электронды төлем
талаптары бойынша ақша аудару процессін жүргізеді. Ірі төлемдер жүйесі есеп
айрысудың әр түрінен дебиттік және кредиттік есептеу жолымен есеп айрысу
қызметін жүргізеді. Ұлттық Банк есептік шотында ақша аудару операцияларына
байланысты ашылған корреспондентік шот жұмыс істейді.
1.2. Ақша аудару мен төлемдерді жүзеге асырудың негізгі механизмдері
Төлем жүйесі — белгілі бір ережеге бағынатын бір банктік шоттан екінші
банктік шотқа ақша аудару мен төлемдерді жүзеге асыратын механизм.
Екі банк арасында төлемдерді жүзеге асыру механизмі.
Екі банк арасында төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру
мақсатымен банктер бір-бірінде корреспонденттік шоттар ашады.
Екі жақты қарым-қатынас орнатылған жағдайда банктер арасында ақша
аударымдары екі жолмен жүзеге асырылуы мүмкін:
← төлеушінің банкісінде ашылған ақшаны алушының банкісінің
корреспонденттік шотына ақшаны аудару арқылы;
← ақшаны алушының банкісінде ашылған ақшаны төлеушінің
банкісінің корреспонденттік шотынан ақшаны алу арқылы.
Алайда тура қатынас орнату барлық жағдайда мақсатқа сәйкес болмайды,
себебі ақшаны басқа банкте орналастыру барысында несиелік тәуекел болуы
мүмкін, ал күрделі банктік жүйе жағдайында қатынас есептердің көптеп ашылуы
көп қаржыны қажет етеді, бұл банктің өтімділігін төмендетеді.
Осыған байланысты банкаралық есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін
банктерге бір есеп айырысу банкінің қызметтерін қолданғаны дұрыс. Мұндай
банк ретінде коммерциялық немесе орталық банк болуы мүмкін.
Егер мұндай банк ретінде коммерциялық банк болса, онда жоғарыда
айтылғандай бұл банк банкротқа ұшырауы ықтимал немесе банк-корреспонденттер
алдындағы міндеттемелерін орындай алмауы мүмкін. Егер есеп айырысу банкі
уақытша немесе тұрақты қиындықтарға тап болса, ол бүкіл төлем жүйесіне
қауіп төндіреді. Сондықтан көбіне есеп айырысу банкі ретінде орталық банк
алға шығады, себебі ол өзінің дәрежесіне сай өз төлем жүйесін несиелік
тәуекел мен өтімділік тәуекелге жол бермейді. Орталық банктің
қатысуымен өтетін жалпы есеп айырысу жүйесінің негізінде жүргізілетін
төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру механизмі.
Жалпы есеп айырысу жүйесі ақша аударуды ақша жіберушінің есебінде бар
қаржы айналасында әр төлем құратын жеке-жеке өңдеу арқылы жүзеге асады. Бұл
жүйе арқылы ақша аудару банктерге ақшаны нақты уақытта аударуға мүмкіндік
береді. Төлемнің аяқталуы сол күні болады.
Жалпы өнім есебі жүйесінде әр төлем құжаты жеке-жеке өңделеді де, ақша
аудару әр құжат негізінде жүзеге асырылады. Төрт банк арасындағы осы
жүйедегі төлем мысалын қарастырайық.
Бұл мысалда ақша аудару әр құжат негізінде жүзеге асыралыда.
Төлеуші банктің есебі дебеттеледі де, алушы банктің есебі несиеленеді. Бұл
жағдайда барлығы жалпы сомасы 450 тенгеге тең 9 ақша аударылымы жүзеге
асады. Қатысышылардың саны көп болғандықтан ақша аудару қатынас есептері
арқылы жүзеге асады.
Орталық банк қатысуымен өтетін клиринг төлемдері арқылы нетто-есеп
жүйесі негізінде жүргізілетін төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру
механизмі.
Нетто есеп жүйесінде ақша аудару клирингтің әр қатысушысының таза
позициясына негіздеп жүзеге асады.
Клиринг — есеп айырысуға қатысушы тараптардың екіжақты құқықтары мен
міндеттемелеріне негізделген құнды қағаздар, қызметтер мен тауарлар үшін
қолма қолсыз есеп айырысу жүйесі. Клирингтің екі түрі бар:
← валюталық клиринг.
← банкаралық клиринг.
Банкаралық валюталық клиринг халықаралық төлем келісімдері негізінде
жүргізілетін сыртқы сауда мен мемлекеттер арасындағы экономикалық
қатынастардың басқа да нысандары бойынша есеп айырысуды білдіреді.
Банкаралық клиринг — елдің заңды тұлғаларының екіжақты ақшалай
талаптарын есепке ала отырып банктар арасында есеп айырысу. Банк ісіне
хабарлама берудің электрондық жолдарын енгізу және банк жүйесінің белгілі
орталықтарында есеп айырысудың көп шоғырлануы автоматтандырылған есеп
айырысу палаталарын қалыптастыруға мүмкіндік берді. Есеп айырысу палаталары
дегеніміз магнитті хабар тасушылардың негізінде немесе электронды
импульстері төлеу банкаралық жүйесі.
Клиринг екіжақты немесе көпжақты негізде жүзеге асырылуы мүмкін.
Екіжақты клирингте екіжақты есепке алу екі банк арасында жүргізіледі. Мұның
нәтижесінде қатысушының біреуі екіншінің есебіне оның дебеттік таза
позициясына сәйкес ақша аударады.
Банк А мен банк В арасында екі жақты клиринг жүзеге асырылған соң А
банкі В банкіне тек 20 теңге төлеуі тиіс (егер жалпы өнім есебі жүйесі
жағдайында болса олар 70, 90 тенге төлер еді). Сол сияқты В банкі мен Б
банкі арасында, Б банкі мен Г банкі арасында төленеді.
Көп жақты клирингті жүзеге асыру барысында (біздің жағдайда 4 жақты)
клирингтің әр қатысушысының 4 жақты міндеттемесі негізінде клиринг
жасалады. Сонымен, әр қатысушы үшін бір таза позиция табылады.
3 мысал негізінде көпжақты клиринг қалай жүзеге асатынын қарастырайық. Егер
банк қабылдап жіберген төлемдер қосындысын алсақ, онда әр банктің таза
позициясын тауып аламыз.
Көпжақты клиринг нәтижесіндегі ақша аудару есеп айыру мекемесінде
ашылған клирингтік ұйым есебінде жүзеге асады. Клиринг нәтижесінде таза
дебеттік позициясы бар банктер есептерінен ақша клирингтік ұйымы есебіне
аударылады.
Содан кейін бұл ақшалар клиринг нәтижесінде таза несиелер позициясы
бар банктер есебіне аударылады. Бұл мысалда кесте түрінде былай қарастыруға
болады (6- мысал).
1-кесте.Банктер арасындағы төлемдер
Төлем жіберуші банк Төлем қабылдап алушы банк
A Б В Г
А — 10 90 0
Б 0 — 80 60
В 70 30 — 0
Г 50 40 20 —
Жіберілетін төлемдер жиынтығы 100 140 100 110
(сомасы)
Қабылдаған төлемдер сомасы 120 80 190 60
Банктің таза позициясы 20 -60 90 -50
Бұл мысалдан көретініміз жалпы есеп айырысу жүйесімен салыстырғанда
клиринг нәтижесінде ақша аудару жалпы құны 220 теңге болып төрт рет қана
жүзеге асырылды. Сонымен бірге қатысушы банктер өз есебінде төлемдерді
жүзеге асыратын ақшаны сақтау қажеттілігі жоқ. Бірақ бұл жүйенің
тәуекелділігі өте жоғары.
Бұл тәуекелділіктерді:
← заңды;
← қаржылық;
← операциялық; деп бөлуге болады.
Біз солардың негізгілерін- қаржылық тәуекелдер (несиелік тәуекелділік,
өтімділік тәуекелі және жүйелік тәуекел) мен операциялық (операциялық
тәуекел, алаяқтық тәуекелі, техникалық тәуекел) тәуекелділіктерді
қарастырамыз.
Несиелік тәуекел- бұл, төлеушінің өз міндеттемелерін толық көлемде
және белгілі бір мерзімде орындай алмауымен байланысты туындайтын алушының
тәуекелі. Бұл тәуекел төлем жүйесінің қатысушысына овердрафт немесе
овернайт жағдайы ұсынылғанда пайда болады. Сонымен бірге бұл тәуекел егер
алушының банкі төлем құжатын алып, сол құжатта көрсетілген сомасы алушы
есебіне банкке төлеушінің ақшасы түспей жатып қосып қойса туады.
Өтімділік тәуекелі- ақша аудару барысында өз міндеттемелерін орындай
алмауымен байланысты туындайтын төлеушінің тәуекелі. Бұл тәуекел ақша төлеу
мерзімі жетіп, төлеушіде жеткілікті сома болмаған жағдайда туады. Бұл
тәуекел жалпы есеп айырысу жүйесінде көп кездеседі, сондықтан әр банк өз
есебінде қомақты қаржы ұстап отыру керек.
Жүйелік тәуекел- төлем жүйесінің қатысушыларының біреуі өз
міндеттемелерін орындамаған жағдайда қалған қатысушылар да өз
міндеттемелерін орындамау тәуекелі. Мысалы бір қатысушы банктің өз
міндеттерін орындауға жетерлік қаржысы жоқ. Бұл жағдайда қалған банктер
сол банктен ақша төсуін күтіп отырады да, олардың өтімділігі азаяды.
Бұл жағдайда барлық банктердің төлемдері жүзеге аспай тұрады, себебі
олардың барлығының есебінде қаржы жетпейді. Нетто есеп айыру жүйесінде
жүйелік қауіп клиринг нәтижесінде ақша аударуға жүзеге асырғанда туады.
Мұнда клиринг қатысушыларының біреуінің немесе бірнешеуінің дебеттік таза
позициясын жабуға қаржылары жетпеуі мүмкін. Бұл жағдайда клирингтің … жалғасы
Дереккөз: https://stud.kz