Елбасы Атамқұлов пен Жұмағалиевтің тағайындалуын түсіндірді — Ел жаңалықтары

0

Мемлекет басшысы жыл қорытындысы бойынша еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесуінде Асқар Жұмағалиевтің ҚР премьер-министрінің орынбасары — ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, ал Бейбіт Атамқұловтың ҚР сыртқы істер министрі болып тағайындалуын түсіндірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елбасы Инвестиция және даму министрлігін бұрыннан қайта құрғысы келгенін атап өтті. 

«Себебі СІМ өздерін саяси ұйымбыз деп санайды. Бірақ біз Ресей, Қытай не АҚШ емеспіз, біздің қандай жаһандық ісіміз бар? АҚШ елшілігінің компания мүддесін қалай қорғап келе жатқанын көріңіздер. Бірдеңе болып қалса, бізге келіп айтады. Ал бізде ондай жоқ. Керісінше, біз әр министрліктен елшілікке кеңесші тағайындайтын болдық (…). Ол жақта олардың немен айналысып жатқанын ешкім білмейді. Сондықтан ішкі істер істері мен сыртқы экономикалық байланыс мәселелері бұрыннан бар еді. Инвестиция мен экспортқа қатысты мәселелерді СІМ жұмысшылары бақылауы керек. Оларға ыңғайлы, тілді біледі. 100 адам арлы-берлі жүр, не істеп жүргені белгісіз. Бір ғана орган бақылайды. Министрліктің профилін өзгерттік. Сондықтан экономиканы білетін адам қажет болды», — деді Нұрсұлтан Назарбаев. 


© akorda.kz

«Атамқұлов — министр, мамандығы металлург, Малайзияда елші болған, Еуропада консул болған, бұл бағытты біледі, экономикадан хабары бар. Осыған байланысты тағайындадық. Бұрынғы министрі (Қайрат Әбдірахманов — Авт.) басқа жұмысқа ауысады. Жұмағалиев премьер-министрдің орынбасары — қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалды. Ол ғарыш істерін біледі, ол — әскери білімі бар адам. Вице-премьер ретінде ол қорғаныс өнеркәсібімен және ғарышпен айналысады», — деді Президент.


© akorda.kz

Сонымен қатар, кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев биыл елімізде болған маңызды оқиғаларды қорытындылап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Атап айтқанда, Қазақстан Президенті мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі нәтижелері туралы әңгімелеп, жаңғыру жөніндегі реформалар мен бағдарламаларды іске асыруды одан әрі жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Мемлекет басшысы Қазақстанның сыртқы саясат саласындағы басты жетістіктері туралы айтып, жақында болған кадрлық өзгерістерге байланысты түсініктеме берді, сондай-ақ Сыртқы істер министрлігі алдында тұрған жаңа міндеттерге тоқталды.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаевқа ресми емес сұрақтар да қойылды.

Сұхбаттың телевизиялық нұсқасы 2018 жылғы 28 желтоқсанда республикалық телеарналардан көрсетіледі.


Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz