БҚО-да бейіт жанынан ер адамның өлі денесі табылды (фото)

0
580

БҚО-да бейіт жанынан ер адамның өлі денесі табылған. Оқиға орнына келіп жеткен полицейлер істің-мән жайын анықтап жатыр деп хабарлайды «Мой городқа» сілтеме жасаған NUR.KZ.

26 желтоқсан күні «Нефтебаз» ауданы маңынан ер адамның мәйіті табылғаны жайлы хабар келіп түскен.

БҚО ішкі істер департаменті басшысының орынбасары Асылғали Меңдіғалиннің сөзінше, қазір қылмыс орнында криминалистер жұмыс істеп жатыр.

«Сот-медициналық сараптамадан кейін өлімнің себептері анықталады», – деді Асылғали Меңдіғалин.

Айта кетейік, адам өліміне байланысты басқа ақпараттар әзірге айтылмаған.

Фото:mgorod.kz

Фото:mgorod.kz