Йемендегі қырғыншылықта АҚШ-тың да жауапкершілігі бар
АҚШ-тың танымал басылымы The New York Times Сауд Арабиясына қару-жарақ сату Йемендегі қырғыншылықтың басты себебінің бірі екенін жазды.
Аталған басылым, қазіргі және бұрынғы АҚШ лауазымдыларының деректеріне сілеме жасай отырып, Сауд Арабиясының Йемендегі соғысына Құрама Штаттардың қолдау білдіргенін айтады.
«Йемендегі әуе шабуылдарынан қаза тапқан 5 мыңға жуық жазықсыз бұқараның өліміне АҚШ-тың да жауапкершілігі бар», – деп жазылған басылымдағы арнайы мақала. Мешіттерге, мерек немесе қазалы жиындарды нысанаға алған әуе шабуылдарында Сауда Арабиясы басқарған халықаралық коалиция күштері АҚШ бомбаларын пайдаланған. Дегенмен, АҚШ тарабы Сауд Арабиясы басқарған коалиция күштеріне нысаналар туралы ескерткен. Бірақ, дұрыс нысаны анықтау туралы ескертулер елеусіз қалғанын айтады.
Аталған мақалада, Сауд Арабиясы күштері шабуыл жасамауға тиісті орындардың тізіміне қарамастан әуе және құрылық шабуыл әрекеттерін жүзеге асырғанын сынға алады.