жолдан өтіп бара жатқан қызды автобус қағып кетті

0
165
Оқиғалар

Қысқа сілтеме алу

57 0 0

Зардап шеккен қыз ауруханаға жатқызылды, полицейлер жол апатына қатысты тергеу жүргізіп жатыр

АСТАНА, 27 желтоқсан — Sputnik. Астанада №61 жолаушылар автобусы Шыңғыс Айтматов көшесімен келе жатып, жаяу жүргіншілер өткелінде бойжеткенді қағып кетті.

Жол апаты салдарынан әртүрлі жарақат алған қыз ауруханаға жеткізілген.

«Айматов көшесіндегі көлік апатына қатысты полиция тексеріс жүргізіп жатыр. №61 бағдарлы автобусы жаяу жүргіншілер өткелінде жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол апаты салдарынан дене жарақатын алған қыз ауруханаға жеткізілді», — деп хабарлады Астананың полиция департаменті баспасөз қызметі.

Астанада өткен аптада дәл осындай оқиға болған еді. Ол кезде жол апаты 54-ші автобус жүргізушісінің кесірінен болды. Жаяу жүргіншіні қағып кеткен ер адам жұмыстан шеттетілген.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/