Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегінің уақыты анықталды

0

Астана, BAQ.KZ. Екінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (4-0, 1 КО) кәсіпқой рингтегі бесінші жекпе-жегінің қашан өтетінін мәлімеді

«2 ақпанда Американың Техас штаты, Фриско қаласында Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы 5 жекпе-жегін өткізеді. Қарсылас осы аптада белгілі болады. Жаттығу қызу жүріп жатыр», — деп жазыпты боксшы facebook желісінде.

Еске салайық, соңғы рет 25 жастағы Әлімханұлы Техас штатындағы Эль-Пасо қаласындағы бокс кешінде шаршы алаңға шыққан. Оның қарсыласы «Айуан» лақап атты жергілікті боксшы Вон Александер (12-2, 8 КО) болды. Жекпе-жек толық сегіз раунда өтіп, қазақстандық боксшы төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жеткен болатын.

Осылайша, Жәнібек төрт жекпе-жегінің барлығында жеңіске жетіп отыр (біреуі нокаутпен) және АҚШ-та екінші рет жұдырықтасты.














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:

Дереккөз: BAQ.KZ