Өсімдік ұлпасының түрлерінің жіктелуі | Скачать Курстық жұмыс
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институт
жаратылыстану математика факультеті
Жаралыстану ғылымдарының кафедрасы
курстық жұмыс
Тақырыбы: Әр түрлі жерлерде өсетін бір түрдің анатомо-морфологиялық
сипаттамасы
Орындаған: Жеңіс Н.А
Қостанай 2016 ж
Мазмұны:
Кіріспе
І. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ … … … … … … … … … … .
… … … … … … … … … … .3
1.1 Биология – тірі ағзаларды зерттейтін көп салалы ғылым
… … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … … .. … .3
1.2. Қазақстандық және шетелдік биолог
ғалымдар … … … … … … … … … …3
1.3. Өсімдіктер мен жануарларды қорғау
… … … … … … … … … … … … … … .5
ІІ. ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ … … … … … …7
2.1. Өсімдік, өсімдік тарихы, өсімдік ұлпасының түрлерінің жіктелуі,
Кэтрин Эзаудың ұсынған
жіктелуі … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … ..7
2.2. Өсімдіктің адам өміріндегі
маңызы … … … … … … … . … … … … … … … … .16
2.3. Әр түрлі жерлерде өсетін бір түрдің анатомо-морфологиялық
сипаттамасы … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … …19
ІІІ.
Қорытынды … … … … … … .. … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … .27
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі … … … … … … … . … … … … … … … … … …
30
Кіріспе
1.1. Биология – тірі ағзаларды зерттейтін көп салалы ғылым
Адамдар ертеден-ақ тіршілік әрекетінің табиғатпен, тірі ағзалармен
тығыз байланысты екенін жақсы түсінген. Табиғатта қандай өсімдіктер,
жануарлар бар, олардың құрылысы, тіршілігі қандай екенін білуге ұмтылған.
Пайдалыларын сақтап, көбейтуге, зияндыларының санын азайтуға тырысқан.
Осылайша тірі ағзалар туралы адамның білімі молайып, биология ғылымы
қалыптасты.
Биология (көне грекше: βιολογία; βίος – өмір + λόγος – ғылым) —
жаратылыстану ғылымдарының бір саласы. Тірі организмдерді және олардың
қоршаған ортамен арақатынасын зерттейтін ғылым. Биология жанды нәрселерде
тіршіліктің барлық көріністерімен айналысады. Биология ғылымы тірі
организмдердің құрылысын, функциясын, өсіп-жетілуін, шығу-тегін, эволюциясы
мен Жер бетінде таралуын қарастырады. Бұл ғылым организмдердің
классификациясын жасап оларды суреттейді, олардың функцияларына үңіледі,
түрлердің қалай пайда болатынын сипаттаумен қатар организмдердің бір-
бірімен қатынасын және табиғи ортасымен арақатынасын зерттейді.
Кез келген адам өзінің туған жерінде кең таралған тірі ағзалар,
олардың тіршілігі жайлы білуі керек. Сонда ғана адам табиғат қорғау ісіне
белсенді қатысады. Туған жеріне, табиғатына зор пайда келтіреді.
1.2. Қазақстандық және шетелдік биолог ғалымдар
Қазақстан Ғылым Академиясының академиктері Н.В. Павлов, И. Байтулин,
Б.А. Быков, Ғ.Бияшев, корреспондент мүшелері Л.Қылышев, А. Ғаббасов, ғылым
докторлары Б. Қалымбетов, М.В. Бессчетнова, т.б. қатысуымен кең ауқымды
ботаникалық-географиялық, геоботаникалық зерттеулер жүргізілді. Ең үлкен
гербарий жинақталды, өсімдік биологиясы туралы аса бағалы басылымдар жарық
көрді. Мысалы, 9 томдық “Қазақстан флорасы”, 13 томдық “Қазақстанның
споралы өсімдіктер флорасы” (Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы, 1986), т.б.
Республика зоологтары омыртқалы және омыртқасыз жануарлар фаунасын
зерттеді; кәсіптік мәні бар бірқатар сүтқоректі жануарлар (ондатр, америка
құндызы) мен балық түрлері (ақ амур, дөңмаңдай, көксерке, т.б.)
жерсіндірілді.
Сирек кездесетін, жойылып бара жатқан құстар мен сүтқоректілерді,
бауырымен жорғалаушылар мен қосмекенділерді, балық түрлерін қорғау, олардың
санын көбейту шаралары қарастырылды. Ақ бөкен, бұлғын, суыр, тиін, саршұнақ
сияқты аңдарды халық шаруашылығында пайдалану жолы табылды.
Қазақстан фаунасы туралы аса құнды басылымдар: мысалы, С.Н. Боевтың
“Легочные нематоды копытных животных Казахстана” (1957), И.Г. Галузоның
“Природная очаговость болезней и вопросы паразитологии” (1961) және
“Токсоплазмоз животных” (1965) деген монографиялық еңбектері ағылшын тіліне
аударылды. Академик Галузо, А.Д. Долгушин, т.б. ғалымдардың қатысуымен
“Қазақстанның қансорғыш кенелері” (КСРО Мемлекеттік сыйлығы, 1951), Э.И.
Гаврилов, А.Ф. Ковшарь, т.б. ғалымдардың қатысуымен 5 томдық “Қазақстанның
құстары” (Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы, 1978) және А. Бекеновтың
“Қазақстандағы ақ бөкенді қорғау және оны пайдаланудың ғылыми негіздерін
жасау” (1978) (Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы, 1982), Қазақстан Ғылым
Академиясының корреспондент мүшесі А.А. Слудский, Бекенов, т.б. ғалымдардың
қатысуымен 4 томдық “Қазақстанның сүтқоректілері” (Бүкілодақтық табиғат
қорғау қоғамы сыйлығы, 1988) деген еңбектер жарық көрді. Адам және
жануарлар физиологиясы инсститутында академик А.П. Полосухиннің
басшылығымен лимфа және қан айналым, ас қорыту, т.б. жүйелерін зерттеу
жұмыстары үлкен табыстарға жетті. Академик Н. Базанованың ауыл шаруашылығы
жануарларының физиологиясы жөніндегі зерттеулері — малдың өнімділігін
жоғарылатудың теориялық негізін қалады. 1946 ж. құрылған Экспериментальді
биология институтында (қазіргі “Биоген” жабық акционерлік қоғамы) жануарлар
селекциясының генетикалық негіздерін зерттеуге бағытталған түр аралық
будандастыру жүргізіліп, соның нәтижесінде қойдың (“қазақ арқар-мериносы”,
“жартылай биязы жүнді қой”, т.б.), шошқаның (“жетісулық”, т.б.) жаңа
тұқымдары шығарылды.
1940 — 50 ж. республикада өсімдіктердің тұзға, қуаңшылыққа төзімділігі
зерттеле бастады, соның нәтижесінде бидайдың сабағы жапырылмайтын,
құрғақшылыққа және ауруларға төзімді “Эритроспермум-350” және “Көкбидай”,
суыққа төзімді “Эритроспермум-260” және “Комсомол-1”, т.б сорттары
шығарылды. Жаздық және күздік бидай, т.б. өсімдіктер биохимиясы, олардың
қуаңшылыққа төзімділігі, физиологиясы анықталды. Бидайдың биохимиялық
көрсеткіштері, ұны мен дәнінің сапасы корреляциялық байланыста болатыны
байқалды. Дәннің биохимиясы мен сапасы өсіру экологиясына байланыстыра
зерттелді.
1920-1930 жылдары Өсімдіктану оқулығын Ж.Күдерин жазды. Биология
ғылымдарының докторы, академик Н.И.Павлов Қазақстан Республикасының
өсімдіктерін зерттеді. Өсімдіктің жаңа 130 түрін ашты. Өсімдіктер туралы
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын В.П.Голоскоков, М.С.Байтенов
жазған, А.Ы.Жандеркин, Б.М.Мусин, К.Мыңбаев, Қ.Дүйсембин және т.б. ғалымдар
биология ғылымына көп еңбек сіңірді.
Х.Досмұхамедов Жануарлар оқулығын жазды. А.Бекенов, В.А.Грачев,
М.И.Исмагилов, А.Ф.Ковшарь, А.А.Слудский, К.Ысқақова және басқа ғалымдар
еліміздің жануарлар әлемін зерттеді. Қазақстандағы жануарлардың зерттелуі,
биологиясы, арнайы шаралар қолданылып қорғауға алынуы тиіс түрлер туралы
еңбектер жазды. Сиреп кеткен және жойылып кету қаупі бар жануарлар мен
өсімдіктерді тіркеп, сипаттау Қазақстан Республикасының Қызыл кітабының
жарыққа шығуына негіз болды.
Елімізде молекулалық биология, биохимия, генетика, т.б. ғылым
салаларынан жүргізілген зерттеулердің мәні зор. Ауыл шаруашылығы
дақылдарының, жаңа іріктемелері мен малдың асыл тұқымдарын шығаруда зор
көмегін тигізеді. Осы салады еңбек еткен, еңбектеніп жүрген ғалымдар көп.
Ғылымда аты жарық етіп шыққан академик М.Ә.Айтхожинның, академиктер
Т.Б.Дарханбаев, М.Ә.Ермеков, К.У.Медеубеков сияқты ғұламалардың еңбектерін
біліп, мақтан тұтуға әбден лайық.
Биология ғылымын дамытуға шетелдік ғалымдар С.Г.Навашин (өсімдіктің
ұрықтаныуын ашқан), К.А.Тимирязев (фотосинтезде хлорофилдің рөлін алғаш
сипаттаған), т.б. атауға болады.
1.3. Өсімдіктер мен жануарларды қорғау
Қызыл кітап. Қорықтар мен қорықшалар.
Жүздеген жылдар бойы шаруашылық мақсаттар үшін ағаштарды кесуге,
құстарды, сүтқоректілерді, балықтарды жыртқыштықпен аулауға шек қойылмады.
Мұндай жағдай жер бетіндегі өсімдіктер түлерін, кәсіптік жануарлар санын
күрт азайтты. Кейбір түрлер мүлдем жойылып кетті.
Халқымыз ежелден-ақ өсімдіктер мен жануарлардың табиғаттағы, адам
өміріндегі қадір-қасиетін, маңызын жақсы білген. Жас ұрпақтың көкейіне
құйып, оларды сақтап, қорғауға баулып, тәрбиелеген.
Ер – елдің көркі, орман-тоғай жердің көркі, Бір тал кессең, он тал
ек, Дәрі шөптен шығады, дана – көптен шығады, Қорада малың болсын,
көшенде талың болсын, Тау бұлағымен көрікті, бұлақ құрағымен көрікті,
Дала көркі – мал, өзен көркі – тал, Мал өсірсең – қой өсір, өнімі оның
көл-көсір деген сияқты мақал-мәтелдер бұған толық дәлел.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасында бидай масағы мен
қанаттанған пырақ бейнеленген. Бұл – туған жерімізге деген терең
сүйіспеншілік. Өсімдіктер мен жануарлар әлемін қадірлеп құрметтеуден
туындаған.
Халқымыздың өз ұрпағын, табиғатты аялап, сақтауға тәрбиелейтін алуан
түрлі өсиеттері бар. Солардың бірі – тыйым салынатын сөздер: Көк шөпті
жұлма, таптама, Көктемде жан-жануарларға тиіспе, Үйге кірген жыланға ақ
құйып шығар, Құс ұясын бұзба және т.б.
Қызыл кітап сирек кездесетін және жойылып кету қауіпі бар өсімдіктер
мен жануарлар түрлерін қорғау мақсатымен жазылған. Қазақстанда Қызыл
кітап тұңғыш рет 1978 жылы шықты. Онда омыртқалы жануарлардың сиреп бара
жатқан түрлері тіркелді. Екінші басылымы 1991 жылы, үшінші басылымы 1996
жылы шықты. Мұнда балықтардың 16, қосмекенділердің 3, жорғалаушылардың 10,
құстардың 56, сүтқоректілердің 40 түрі енгізілген. Өсімдіктерге арналған
Қазақстанның Қызыл кітабы 1981 жылы жарық көрді. Бұл кітапта
өсімдіктердің 303 түрі сипатталған.
Елімізде өсімдіктері мен жануарлары арнай қорғалатын тұтас табиғи
аймақтар – қорықтар ұйымдастырылған:
Бұлардан басқа өсімдіктер мен жануарлардың жекелеген түрлерін қорғау
мақсатында 57 қорықша, 7 ұлттық саябақ (Алтынемел, Баянауыл, Көкшетау, Іле
Алатауы, Қарқаралы, Қатонқарағай, Шарын) ұйымдастырылған. Табиғат қазынасы
сарқылмас қор емес. Адам игілігіне пайдалану, қайта қалпына келтіру ісі
адамның қамқорлығының арқасында жүзеге асады.
ІІ. ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1. Өсімдік, өсімдік тарихы, өсімдік ұлпасының түрлерінің жіктелуі,
Кэтрин Эзаудың ұсынған жіктелуі
Өсімдік ұлпасы (лат. textus, грек. hіstos – шығу) – шығу тегі,
құрылысы, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобы. Қарапайым өсімдіктердің
денесі қабат-қабат болып орналасқан, қызметі мен морфологиялық жағынан
бірдей клеткалардан қалыптасады. Кейбір жағдайда “қабаттар” 2 – 3 түрлі
клеткалардан тұрады.
Өсімдік ұлпасының түрлерінің жіктелуі
Өсімдік ұлпасының жіктелімі олардың белгілерінің жиынтығына, шығу
тегіне, клеткаларының басты ерекшеліктеріне және қызметіне негізделген. Осы
уақытқа дейін бір келісімге келген жіктелім жоқ.
Тарихы
Ұлпа туралы ғылымның негізін салған белгілі италия ғалымы М.Мальпиги
мен ағылшын ғалымы Н.Грю (1671 ж.) болған. Олардан кейін микроскопиялық
техниканың даму барысында ұлпалар туралы көптеген жаңалықтар мен жаңа
эксперименттік деректер жинақтала басталды.
1807 жылы фитогистолог Г. Линк өзінің зерттеулерінің нәтижесінде
ұлпаларды жасанды түрде паренхималық және прозенхималық деп екі топқа
бөлді. Бұл сипаттама әлі күнге дейін сақталып қалды. Ал П. Ван-Тигем (1891)
ұлпаларды тірі және өлі ұлпалар деп бөлді. Олай бөлу заңды да еді, егер
олардың атқаратын қызметтерін ескермегенде.
Алғашқы табиғи әрі нақты жіктеуді физиолог Ю.Сакс (1868) ұсынды. Ол
морфологиялық ұқсастықтарын, физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып
ұлпаларды үш топқа бөлді:
1. жабындық,
2. негізгі,
3. өткізгіш. Және олардың элементтеріне, өсімдіктер денесінде
орналасуына, атқаратын қызметтеріне түсінік беріп кетті. Сонымен қатар
ұлпалар туралы түсініктерді дамытуда С.Швенденер мен С Габерландт
(1879) өз үлесін қосты. Олар ұлпаларды физиологиялық қызметі
тұрғысынан зерттеп өсімдіктер әлемінің анатомиялық және физиологиялық
дамуына зор үлесін қосты. Бірақ олардың жіктеулерінің барлығы жасанды
болғандықтан, бұл нақты ғылыми жүйе жасауға, тіпті ол туралы ғылыми
пікірлер айтуға қиындықтар туғызды. Оның себебі біріншіден, белгілі
бір жасқа келгенде ұлпа қызметін өзгертеді немесе алғашқы
қызметтерінің кейбіреулері ғана сақталады. Екіншіден өсімдік
ұлпаларының басым көпшілігі бір мезгілде екі, үш қызмет атқарады.
Өсімдік ұлпасы клеткааралық заттардың даму деңгейіне қарай:
• тығыз және
• борпылдақ болып дамиды.
Кэтрин Эзаудың ұсынған жіктелуі
Қазір 1980 жылы американдық анатом К.Эзаудың ұсынған жіктелімі бойынша
өсімдік ұлпасын үш жүйеге бөледі:
1. жабындық ұлпа, эпидермис – өсімдік органдарын қаптап тұрады, жапырақ
пен сабақта қорғаныш қызметін атқарса, тамырда су және минералды
ерітінділерді сіңіреді;
2. негізгі ұлпа – паренхима (өсімдіктің негізгі ұлпасы, ол сан алуан
тіршілік процестеріне қатысады), колленхима (өсімдіктің жаңа өсіп келе
жатқан мүшелерінің механикалық тірі ұлпасы, мұнда клетка қабықшасының
қалыңдығы әр түрлі болады) және склеренхимадан (қабықшасы қалың, қатты
сүректенген өсімдіктің мех. ұлпасы) дамиды;
3. өткізгіш ұлпа – ксилема (құрлықта өсетін өсімдіктердің әр түрлі
клеткалардан құралған негізгі өткізгіш ұлпасы) мен флоэмадан
(өсімдікте органик. заттарды тамырға жеткізетін түтікше-талшықты
күрделі ұлпа) тұрады.
Өсімдік ұлпаларының қазіргі жіктелуі
Соңғы ғылыми зерттеулердің нәтижелері бойынша ұлпаларды негізінен мынадай
алты топқа бөледі:
• меристемалық (түзуші),
• жабындық,
• негізгі,
• арқаулық (механикалық),
• өткізгіш және
• бөліп шығарушы ұлпалар.
Осылардың ішіндегі түзуші ұлпалардан басқалары түпкілікті ұлпалар.
Түзуші ұлпалар (меристемалар)
Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің жануарлардан басты айырмашылығы сол,
олар өмірінің соңына дейін өсуін тоқтатпайды және жаңа мүшелер (органдар)
түзіп отырады. Бұл жағдай өсімдіктердің белгілі бір жерлерінде түзіліп
қалыптасатын меристемалық ұлпалардың (түзуші ұлпалардың) болуымен
байланысты. Түзуші ұлпалар (меристемалар) деп — түпкілікті ұлпалардың
жасушаларын жасап, үнемі толықтырып отыру арқылы өсімдіктердің денесін
құрайтын ұлпаларды айттады (грекше меристос — бөлінгіш, стема — ұлпа).
Меристемалық ұлпалардың өзіне тән цитологиялық ерекшеліктері бар. Олар
тығыз болып орналасқан тірі жасушалар тобынан тұрады. Мұндай жасушалардың
қуысын цитоплазма толтырып тұрады, оның ортасында үлкен ядро орналасады,
үлкен вакуольдері болмайды, жасуша қабықшасы өте жұқа болып келеді және
алғашқы қабықшадан тұрады. Жасушаларының пішіні төрт бұрышты, изодиаметрлі,
көп қырлы, кейбіреулері жіңішке ұзын болып келеді. Меристемалық
жасушалардың негізгі екі қасиеті болады — белсенді түрде бөлінуі және
дифференциациялануы, яғни басқа ұлпалардың жасушаларына айналуы.
Түзуші ұлпалар өсімдіктердің денесінде өте ұзақ уақыт сақталады.
Өйткені тамыр мен өркеннің ұшындағы төбелік меристемаларының ең жоғарғы
жасушалары шексіз бөлінуінің нәтижесінде жас жасушаларды түзіп, қайтадан
өзінің бастапқы қалпына келіп меристемелық қасиетін үнемі сақтап отырады.
Мұндай жасушалардың саны біреу болса – инициальды, ал бірнешеу болса –
апикальды инициальды жасушалар деп атайды. Инициалды немесе апикальды
инициальды жасушалар шексіз бөлініп меристема жасушаларын түзеді. Ал
меристема жасушалары шексіз бөлінуге қабілетті емес, шамалы бөлініп жас
жасушалар түзеді де, біртіндеп түпкілікті ұлпаға айналып тамыр мен сабақтың
анатомиялық алғашқы құрылысын түзеді.
Түзуші ұлпалар пайда болуына байланысты алғашқы және соңғы
меристемелар деп бөлінеді.
Алғашқы және соңғы меристема. Алғашқы меристема өскіннің, ұрықтың
жасушаларынан дами бастаған кезінен пайда болады да өсімдік мүшелерінің
алғашқы өсуін қамтамасыз етеді. Соңғы меристема (камбий, феллоген), әдетте
алғашқы меристемадан кейін тұрақтанған (дифференциацияланған) ұлпалардан
пайда болады. Алғашқы меристемадан алғашқы ұлпалар, ал соңғы меристемадан
соңғы ұлпалар түзіледі.
Түзуші ұлпалар орналасу ерекшеліктеріне қарай төрт топқа бөлінеді:
1. Төбелік меристема
2. Бұйірлік меристема
3. Қыстырмалы меристема
4. Жарақат меристема
• Төбелік (апикальдық) меристема. Төбелік меристема және олардың
инициальдары сабақтың, тамырдың негізгі және бұйірлік өстерінің
ұштарында орналасады (35,А-сурет). Ол негізінен мүшелердің
ұзындыққа өсуін қамтамасыз етеді. Шығу тегі жағынан төбелік
меристема алғашқы меристемаға жатады.
Сабақ пен тамырдың ең жоғарғы ұштарында, тез бөлінуге қабілетті
паренхималық жасушалардың аздаған тобы (сиректеу бір жасуша) орналасады.
Оларды белсенді (инициалды) жасушалар деп атайды. Бұлардан сәл төмендеу
сирек бөлінетін жасушалар орналасады. Олардан төменірек, меристемадан үш
түрлі жасушалардың тобы оқшауланып шығады. Осы жасушалардан алғашқы
вегетативтік дененің тұрақты ұлпалары қалыптасады (дифференцияланады): 1)
протодерма — жасушалардың үстіңгі қабаты, олар жабын ұлпасының бастамасын
береді; 2) прокамбий — вертикальды өсінің ұзына бойында топтасып (тяжами)
орналасқан, ұштары үшкір болып келетін меристеманың ұзынша жасушалары,
олардан өткізгіш және арқаулық ұлпалар, сонымен бірге соңғы меристема
(камбий) пайда болады; 3) негізгі меристема — негізгі ұлпаларға бастама
береді.
• Бүйірлік (латералды) меристема. Өстік мүшелердің ұзына бойында,
олардың үстіне параллель, цилиндр тәрізді орналасады. Әдетте ол
соңғы меристемаға жатады және мүшелердің көлденеңінен жуандап
өсуін қамтамасыз етеді. Бұйірлік меристемалар шығу тегіне,
орналасуына қарай алғашқы бүйір меристема және соңғы бүйір
меристема деп бөлінеді. Алғашқы бүйір меристемаға прокамбий және
перицикл жатады. Олар төбе меристемасымен тікелей байланысты
және соған жанаса пайда болады. Соңғы бүйір меристемаға камбий
мен феллоген жатады. Бұл ұлпалар соңынан түпкілікті ұлпалардан
пайда болады. Көп жағдайда оны камбий деп атайды.
• Қыстырмалы (интеркалярлық) меристема. Сабақтың буын
аралықтарының төменгі жағында және жапырақтың гүл сағағының түп
жағында орналасады (36-сурет). Бұл алғашқы меристема болып
табылады, ол мүшелердің ұзындыққа өсуін қамтамасыз етеді.
Төбелік және бүйірлік меристемалардан айырмашылығы, кейбір
жіктелген элементтердің, мысалы өткізгіш ұлпаларының болуы және
инициальды жасушалардың болмауы.
Қыстырмалы меристема өсімдікте үнемі сақталып қалмай, біртіндеп түпкілікті
ұлпаларға айналады және олардың бөлінуінен өркен қосымша ұзарып өседі.
• Жарақат (зақымдық) меристема. Өсімдік денесінің жарақаттанған
жеріндегі түпкілікті ұлпалардың тірі жасушаларынан пайда болады.
Өсімдіктің денесінің кез келген зақымдалған бөлігінде пайда
болады. Шығу тегі жағынан ол соңғы меристемаға жатады.
Негізгі ұлпа.Қоректік ұлпа мен фотосинтездеуші ұлпаны қосып негізгі
ұлпа дейді. Негізгі ұлпа деп аталу себебі бүкіл өсімдік денесін құрап
тұрады. Вегетативті және генеративті мүшелерінде кездеседі. Жасушалары
тірі, пішіндері дөңгелек, сопақша, цилиндр тәрізді жасуша қабықшасы жұқа
(кейде қабықшасы қалындап ағаштанады, мысалы, сүрек, кофе, пальма
тұқымдары).
Атқаратын қызметіне қарай фотосинтездеуші ассимиляциялық, қоректік
(қор жинаушы), су жинаушы, ауа жинаушы(аэренхима) деп бөлінеді.
Фотосинтездеуші ассимияляциялық ұлпа жапырақтың жас сабағы мен
піспеген жемістердің негізін құрайды.
Жапырақ тақтасының ортаңғы жұмсақ бөлігі (мезофилл) түгелдей
фотосинтездеуші ұлпа болғандықтан жасушаларында хлорофилл дәндері өте көп,
сондықтан фотосинтез процесі жүреді. Жасушалары орналасуына қарай бағаналы
және борпылдақ деп бөлінеді. Бағаналы жасушалы жапырақ тақтасының үстіңгі
бетінде өңнің астына бағана тәрізді ұзынша бір-біріне тығыз орналасады. Ал
борпылдақ жасушалары жапырақ тақтасының астыңғы бетінде орналасып, жасуша
арқылы қуыстары кең болғандықтан борпылдақ деп аталады. Бағаналы жасушалар
ауадағы көмірқышқыл газын қабылдап органикалық зат түзуге қатысса,
борпылдақ жасушалар суды көбірек буландырып газ алмасуға қатасады,
сондықтан газ алмастыратын ұлпа деп те аталады. Көлеңкелі жерде өсетін
өсімдіктерде бағаналы ұлпа жақсы жетілмейды. Фотосинтездеуші ұлпаларда
түзілген органикалық заттардың өсу дәуірінде жұмсалғаннан артылғандары қор
жинаушы қоректік ұлпаға қарай ағады.Қоректік ұлпа.Өсімдіктегі органикалық
заттардың (нәруыз, көмірсулар, май) артығын қорға жинауға бейімделген
жасушалардың тобы. Әдетте жасуша қабықшасы жұқа болғанмен атқаратын
қызметіне қарай біртіндеп қалыңдайтын кездері болады. Өсімдіктердің барлық
мүшелерінде қоректік ұлпа кездеседі, мысалы: бір жылдық және көп жылдық
өсімдік тұқымдарының эндоспермінде (ұрығында), түйнегінде, пиязшығында,
жуан тамырларында, сабақ өзегінде, жапырағында. Қор заттары ерітінді
күйінде(пияз қабыршағында, қант қызылшасының тамырларында) қатты күйде
(картоп түйнегінде, бидай дәнегінде, тұқымында, түйнек тамырда) кездесе
береді. Сабақтың өзегінде, өзек сәулелерінде күзге қарай жапырақтың сүзгілі
түтіктері арқылы ағып келген қанттан крахмал түзіледі. Қоректік заттардың
қорға жиналуы өсімдіктің белгілі мүшелерін түрөзгеріске ұшыратады. Мысалы,
картоп түйнегі алғашында жіңішке болса да крахмал қорға жиналған кезде
қысқарып, жуандап түйнекке айналып түрін өзгертеді. Оның жер асты өркені
екенін бірден түсіну қиын. Пиязшықтың жапырақтарда органикалық заттар қорға
жиналғандықтан қалыңдап етженді болып түрін өзгертеді. Демек, жапырақтары –
түрін өзгертен жер асты өркен. Қоректік ұлпалар сабақ пен жапырақтан басқа
да мүшелерінде кездеседі. Мысалы, шалқан, сәбіз, қызылша өсімдіктерінің
тамырында крахмал қоры жиналады. Тұқым ұрығының қоректік ұлпалар жарнағында
(емен, үлмебұршақ, асбұршақ, күнбағыс, т.б.) және ұрықтан тыс эндоспермінде
(үпілмәлік, көкнәр, шырмауық, қарабұрыш, астық тұқымдастардың дәнектері)
болады, органикалық заттарды қорға жинайды.
Су қорын жинаушы қоректік ұлпаларда аты айтып тұрғандай су көп
мөлшерде қорға жиналады. Шырынды өсімдіктерде (кактус, алоэ, агава, т.б.)
де сортаң топырақта өсетіндерде (соран) су жинайтын жасушалары өте ірі,
қабықшасы жұқа болады. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің құрамында 85 %-ға
дейін су кездеседі. Бұл өсімдіктің күнделікті тіршілік әрекетін қамтамасыз
ететін су. Көптеген өсімдіктердің белгілі мүшелеріндегі арнаулы
жасушаларында су қоры сақталады. Ол көбінесе суы тапшы жерде басқа бір
өсімдікке жабысып өсетіндерде (эпифиттер) және өте шырынды өсімдіктерде
кездеседі.
Суы тапшы, ауасы құрғақ, күн сәулесі көп түсетін жерде өсетін
өсімдіктерді ксерофиттер дейді. Олардың құрамына жусан, изен, сиыр
құйрық, кекіре сияқты өсімдіктер кіреді. Жасуша қабықшасы жұқа, вакуольі
ірі, шырыны сұйық болып ыстық күнде қорға жиналған суды пайдаланады. Су
қорын жапырағына жинайтындар: сораң, алоэ, агава, бозклем, жасаңшөп, ал
сабағына жинайтындар кактустар, сүттігендердің біраз түрлері.
Ауа қорын жинаушы өсімдіктер сазды, батпақты, сулы ортада өседі. Суда
өсімдіктердің сабағы мен тамырындағы жасушаларының жасушааралық
кеңістіктері өте кең болғандықтан жиналған ауа, оттегі және көмірқышқыл
газымен қамтамасыз етеді. Сонымен негізгі ұлпаға, фотосинтездеуші,
органикалық заттар, су, ауаны қорға жинаушы ұлпалар кіреді.
Тірек ұлпа. Тірек ұлпа өсімдіктің мүшелеріне беріктік қасиет
беретіндіктен жануарлардың қаңасы сияқты салмақ күшіне, қатты соққан желге,
нөсер жамбырға майыспай, сыңбай төтеп береді. Жылдан-жылға өсімдіктің
өзарып өсуі, бұтақ жаюы оның көлемін ұлғайтып, көп салмақ түсіретіндігне
қалың жауған қарға, желге, соққан дауылға тірек ұлпасы болса ғана қарсы
тұра алады. Алғаш түзіле бастаған мүшелерде тірек ұлпасы бірден жетіле
қоймағанымен, өсіп ұлғая келе жақсы жетіліп, тірек қызметін атқара
бастайды. Сабақтағы тірек ұлпалар сақина тәрізді тұтаса немесе үзік-үзік
болып орналасатандықтан үш қырлы, төрт қырлы, көп қырлы. Сабақтар барлық
салмақ күшіне төзімді болып, қанша дауыл соқса да қатты майысып, иіліп
барып қайта қалпына келеді. Жасуша пішіні мен құрылысна қарай тірек ұлпашс
3 типке бөлінеді: колленхима, склеренхима, склереида (склеренхима мен
склереида бірге топтастыруға болады).
Колленхима — өсіп келе жатқан жас сабақта, жапырақ сағағында, жапырақ
жүйкелерінде болатын жасушаларында цитоплазма, ядро, вакуоль, хлорофилл
дәндері бар қабықшасы қалыңдамаған тірі жасушалардан тұратын, өсу қабілетін
жоймаған алғашқы тірек ұлпа. Жасушалары бір-біріне тығыз орналасқан.
Жасушааралық қуыстары болмайды, пішіндері қабықшаның қалыңдауына байланысты
бұрышты (әр жерінен қалыңдайды), ұзынша, т.б. Бұрышты колленхима бегония,
алабота, қызылша, картоп, раушан жапырақтарының сағағында, асқабақтың жас
сабағында өңнің астын ала қатарласып жатады.
Жасуша қабықшасы қатайып ағаштанбайды, целлюлозадан тұрады. Осы
себепті жасуша өскен сайын еркін созылып өседі, бөлінеді, пішінін өзгерте
алады.
Склеренхима жасушаларының пішіндері ұзынша қабықшасы біркелкі қалыңдап
ағаштанған қатты, орналасқан жеріне қарай тін талшығы және сүрек талшығы
деп екіге бөлінеді. Тін талшығының жасушасы ірі жіңішке ұшы сүйір, талшық
сияқты, ұзындығы 1-200 мм, өте берік, қабықтың тін қабаты мен түтікті
талшық шоқтарында болады. Талшықты өсімдіктер: зығыр, талшығының ұзындығы 4-
60 мм; қарасоранікі 8-40 мм; қалақайда 5-55 мм. Тін талшығы қабық бөлімінде
болатындықтан өсімдік қатты майысқан кезде мықтылық қасиет береді. Әсіресе
тығыз талшығы таза жасуынықтан тұратындықтан сапалы тоқыма өнеркәсібінде
жоғары бағаланады.
Сүрек талшығы камбий жасушаларының бөлінуінен сүректе түзіледі.
Қабықшасы сүректенген тін талшығынан қысқарақ, ағаш сұлбасы (корола)
діңінің салмағын жеңілдетеді. Сүрек талшығы дара жарнақты және қос жарнақты
өсімдіктердің сабағында, жапырағында және тамырында болады.
Ағаш сүрегінің қатты, тығыз немесе жұмсақ жеңіл болуы сүрек талшығы
жасушалары қабықшасының қалындауына байланысты. Жасушасы өте қалың
қабықшалы ағаштар: емен, талшын, қайың, т.б. Сүрегі өте тығыз, салмақты
және берік қабықшасы онша қалыңдамағандарға тал, үйеңкі, шаған, т.б.
жатады. Ал сүрегі әрі жұмсақ, әрі жеңіл, бұл қасиеті әр түрлі өнеркәсіп
орындарында түрлі бұйымдар (ыдыс, аспап, уық, кереге, шаңырақ, есік,
терезе, т.б.) жасағанда еске алынады.
Склереида (склероз — қатты) – жоғары сатыдағы өсімдіктердің әр түлі
мүшелерінде кездесетін, жасуша қабықшасы біркелкі қалыңдаған тірек
ұлпасының бір түрі. Кейде оны қиыршық тасты жасушалар деп те атайды. Хинин
ағашының тамырында, сарғалдақтың тамырсабағында, алхоры, шие, шабдалы,
өрік, жиде, алша, долана жемісінің сүйегінде, жаңғақ, емен жаңғағы, тары
тұқымының сыртындағы қатты қабығы және қауызында, алмұрт, беже (айва)
жемістерінің жұмсақ етінде болады. Сонымен склереида өсімдік мүшелерінде
бірдей кездеспей, кейбір мүшелерінде дара жасуша болып, топтанып немесе
сыртын тұтас қаптап жататын қабық түрінде кездеседі. Егер оның жеке бір
жасушасын алып қараса, қабықшасы өте қалың, арасында тармақтанып жатқан
саңылаулары бар, цитоплазмасы болмағандықтан өлі жасуша, дегенмен ағаш
пайда болған кезде жасушалары тірі болады. Қорыта келгенде тірек ұлпасы
өсімдіктің барлық мүшелерінде қаңқа қызметін атқарады, сыртқы қоршаған
ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғап, өсімдікке мықтылық, иілгіштік,
серпімдік қасиет беріп, морт сынудан сақтайды.
Өсімдік ұлпалары
Аттары Ұлпалардың құрылысы және маңызы Өсімдікте орналасуы
Түзуші ұлпа Жасушалары жас, ұдайы Өркен мен тамырдың
бөлінетіндіктен өсімдік өседі, ұшында. Астық тұқымдас
жапырақтары, бүршіктері, өсімдіктердің (бидай,
гүлшанақтары ашылады. Тұқымынан жүгері, тары)
жас өсімдіктер(өскін) өсіп сабақтарының буын
шығады. Сабақ пен тамыры ұзарып аралықтарында. Сабақ пен
өседі. Ағаш діңі жуандайды. тамырдың қабық астында
Басқа ұлпалар осы ұлпадан
түзіледі.
Жабын ұлпа Жасушалары бір-біріне өте тығыз Өсімдіктің барлық
жанасады, сондықтан өсімдіктердімүшелерінің (тамыр,
сыртқы ортаның қолайсыз сабақ, жапырақ, тұқым,
жағдайларынан (ыстық, суық, гүл, жеміс) сыртын
қатты жел, зиянкестермен қаптап тұрады.
зақымдану) сақтап қорғайды. Жапырақтар мен сабақтар,
Сыртқы ортамен қатыныс жасайды жемістер, тұқымдардың
(ауа мен пайдалы газдарды, күн сыртындағы жұмсақ және
сәулесін ішке өткізіп, сыртқы қатты тікенекті түктері.
судың артығын буландыру).
Тірек ұлпа Жасушаларының қабықшасы Өсімдіктің барлық
алғашында жұқа болғанымен мүшелдерінде белгілі бір
біртіндеп қалыңдайды, мықтылық,тәртіппен орналасады.
тірек қызметін атқарады. Тамыр мен сабақта.
Сабаққа, жапыраққа мықтылық Жапырақ жүйкелерінде.
қасиет беріп, сыныудан, Жемістің жұмсақ етінде.
майысудан қорғайды. Өсімдік Тұқымда (өрік, шие
қанша нәзік болса да тірек сүйектері мен жаңғақтың
ұлпасының арқасында қатты сыртын қаптап тұрған
дауылға, нөсер жамбырға майысып қатты қабықтар) т.б.
барып, қайта қалпына келеді. жерлерде.
Негізгі ұлпа (қор Жасушалары ірі, сондықтан зат Өсімдіктің барлық
жинаушы, алмасудың артық өнімдері қорға мүшелерінде қабықтан
фотосинтездеуші) жиналады, онымен ұрық және тағы бастап барлық ұлпалардың
басқа өсімдіктердің жас мүшелеріарасын толтырып тұрады.
қоректенеді. Жапырақтағы Жапырақтың ортаңғы
фотосинтездеуші ұлпаның қабаты, сабақтың,
жасушаларында хлорофилл дәндері тамырдың, тұқымның,
болатындықтан жарықта түйнектің, пиязшықтың,
органикалық зат түзеді. Онымен тамырсабақтың барлығында
бүкіл тірі организмдер болатындықтан негізгі
қоректенеді. Жасуша арасында босұлпа д.а.
кеңістікте ауа жиналады. Онымен
өсімдіктер тыныс алады. Ірі
жасушаларда су жиналады.
Қуаңшылық жерде өсетін
өсімдіктерді ылғалмен қамтамасыз
етеді. Атқаратын қызметіне
байлансты жасуша пішіндері де әр
түрлі.
Өткізгіш ұлпа Жасушаларының пішіндері әр Тамырда, сабақта,
түрлі, ұзынша. Жасушааралық жапырақ жүйкелерінде.
перделері мен қабырғаларында Өсімдіктің барлық
сүзгі тәрізді ұсақ тесіктері мүшелерін бір-бірімен
болады. Сол арқылы жапырақта байланыстырады.
түзілген органикалық заттарды Сондықтан барлық
жер асты мүшелері мен сабақ, мүшелерінде өткізгіш
жеміс, тұқымға өткізеді. ұлпалар орналасады.
Топырақтан тамырдың сорып алған
минералды заттарының ерітіндісі
жер үсті мүшелеріне жеткізіледі.
Бөліп шығарушы Жасуша пішіндері әр түрлі, Өсімдік мүшелерінің әр
ұлпа қабықшасы жұқа біртіндеп жеріде шашыранды болып
қалыңдайды, сүтті шырын, эфир жатса да барлық
майы, шірне бөлінеді. Зат мүшесінде: тамыр,
алмасуда бөлінген артық заттар тамырсабақ, жапырақ,
мал жемеуден, ауру тудыратын сабақ, гүл, жеміс
микробар мен зиянды тұқымдарда кездеседі.
бунақденелілерден сақтайды.
Сүтті шырыннан резеңке, каучук
жасалады. Эфир майын сабын,
дәрі, иіс суға қосады, хош иіс
… жалғасы
Дереккөз: https://stud.kz