Дүйсенбіде ауа райы қандай болады

0

2018 жылғы 24 желтоқсан 03:28 230

Дүйсенбіде ауа райы қандай болады

АСТАНА. ҚазАқпарат -«Қазгидромет» РМК 24 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болып, солтүстік және оңтүстік аудандарда ашық ауа райы күтіледі.

Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшейюі мүмкін.

Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, түнде Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, Жамбыл, БатысҚазақстан облыстарының кей жерлерінде көктайғақ, Қызылорда облысының кей жерлеріндегі жолдарда көктайғақ болады.

Түркістан облысында кей бөлігінде тұман, күндіз жаяу бұрқасын, желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз- көктайғақ болады.

Ақтөбе облысының Муғалжар ауданында жел 15 м/с. Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, түнде Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығ 18-23 м/с жетеді.

Түнде  Қарағанды облысының кей жерлерінде қатты аяз күтіледі.

 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz