Әңгіме – эпикалық шығарма | Скачать Курстық жұмыс

0

ӘҢГІМЕ ЖАНЫРЫН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … .3

І НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1.1 Прозаның шағын түрі – әңгіме жанры туралы түсінік … … … … … … … …4
1.2 Әңгіме жанрын оқытудың маңызы мен әдіс-тәсілдері … … … … … . … … .9
1.3 Әңгімені талдау жолдары … … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..16

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі. Әңгіме жанры – прозаның шағын түрі. Онда оқиға, кейіпкердің іс-әрекеті қысқа болып, уақыт жағынан да аз мерзімді қамтиды. Әңгіме жанрының осы қасиеті оқушылардың оны тез игеріп, түсінуіне жағдай жасайды. Алайда, бұл әңгімені жеңіл деп, үстірт оқыту дегендік емес. Керісінше, оқушылар әңгіме жанрынан бастап, көлемді прозалармен танысады. Ендеше, әңгімені мұқият меңгерген оқушы повесть, роман жанрларын талдауды тез игереді. Мұғалім осы үлкен прозаның бастауы болатын әңгімені меңгертуге көп көңіл бөлгені жөн.
Әңгімені оқытуда тек мазмұны ғана емес, ең бастысы, оның негізгі проблематикасы, жазушының идеялық-эстетикалық мұраты, сол жолдағы табысы сөз етілуі керек. Сюжет, композиция тұтастығы, тіл көркемдігі, характерлердің жасалу жолдары айналасындағы еңбекте ең негізгі мәселелер. Әдеби-теориялық ұғымдарын тереңдету, хикая, прототип, кейіпкерлерді психологиялық күй-жайы, сюжет, композиция, суреттеу, портреттеу, баяндаулар туралы да түсінік беру сабақтың басты мақсаттарының бірі болып табылады. Әңгімені талдау ең алдымен мазмұнын меңгеруден басталмақ. Сондықтан мұғалім ең тиімді деген әдіс-тәсілдер іздеуі керек. Мазмұнын сыныпта, әрі үйде меңгерту жөн. Шығарманың ұзақтығын ескеріп, әрі оқушының тез оқуы, қызығуын ұйымдастыру мақсатында, тарауларына тақырып қойып, ол талдаулардағы басты оқиғаларды көрсетіп, үлгіде көрнекі етіп жазып, пайдаланып отырудың маңызы зор.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Әңгімені оқытуда берілетін білім мен тәрбиенің аясы өте кең. Аталған жанрды оқытуда берілетін теориялық ұғымдар туралы түсінік үшін, ең алдымен, материалды неше сағатта өтуге болады, әр сағатта өтілуге тиісті материал көлемі мен мазмұны және оның оқушыларға бұрыннан таныс, не таныс еместігі, сондай-ақ, оқушылардың қабылдай алу қабілеттілігі, өресі, дағдыларының бар-жоғы сияқты мәселелерді күні ілгері ойластырып, жоспарлап алу қажеттілігі туады. Әңгімені оқытуда оқушыға берер тәрбиесі мол. Әңгіменің идеясы, ондағы кейіпкерлердің мінез-құлқы оқушыларды ойға жетелейді. Яғни, оқушы әңгіме мазмұнын түсіне отырып, оның кейіпкерлерінің бойындағы ұнамды, ұнамсыз қасиеттерін ажыратып отырады. Сол арқылы өзін-өзі тәрбиелеуге көп көңіл бөледі. Сондай-ақ, әңгіме авторы оқушыларға жеке тұлға ретінде жақсы қасиеттерімен танылады. Кей оқушылар әңгіме авторын үлгі етіп, тіпті кейбір кейіпкерлерге еліктеп, оларды өнеге тұтуға ұмтылады.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
– прозаның шағын түрі – әңгіме жанры туралы түсінік беру;
– әңгіме жанрын оқытудың маңызы мен әдіс-тәсілдері туралы айқындау;
– әңгімені талдау жолдарын үйрету.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

0.1 Прозаның шағын түрі – әңгіме жанры туралы түсінік

Эпос (грекше epos – баяндау, әңгімелеу, тарихтап айту) – көркем әдебиеттің байырғы, негізгі тектерінің бірі, дәлірек айтқанда, өмір шындығын мейлінше мол қамтып, кең суреттейтін, адам мінезін мүмкіндігінше терең ашып, жан-жақты танытатын іргелі, күрделі жанр.
Құрамына аңыз, ертегі, әңгіме, новелла, повесть, роман, поэма, эпопея жанрлары, сондай-ақ көркем очерктер кіреді. Эпостың басты ерекшелігі – өзі әңгімелеп отырған өмір құбылыстарын кең көлемде, эпиалық тұрғыдан қамтып, кейіпкер образын, көркем әдебиеттің алуан түрлі әдістерін мейлінше мол қамту арқылы суреттеу. Көбінесе шығарма жазылудан әлдеқашан бұрын болған оқиға туралы жазылатындықтан, эпоста баяндау тәсілі басым болып келеді. Эпостық шығармада суреттелетін оқиға оған тікелей куәгер болған адамның атынан баяндалады. Мұндай шығармалардың ерекшелігі оған бірігетін жанрлардың ішкі өзгешеліктерінен айқын көрінеді. Эпостық шығармалар халық ауыз әдебиетінен бастау алады.
Өмір шындығын қамту, адам мінезін ашу мүмкіндіктеріне қарай эпикалық жанр үш түрге бөлінеді: 1) шағын көлемді эпикалық түр; 2) орта көлемді эпикалық түр; 3) кең көлемді эпикалық түр.
Шағын эпикалық шығармалар әдебиет тарихының әр кезеңінде әр сипатта болған. Мәселен, ежелгі көне дүниедегі бұл тектес көркем туынды – миф, одан кейінгі әр тұстардағы үлгілері – аңыз, ертегі, мысал, новелла т.б.[9,18].
Әңгіме – оқиғаны қарасөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры. Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері оқиғаны баяндау тәсілі, композициялық, сюжеттік құрылысы, көркемдік жүйесі арқылы айқындалады. Әңгіменің көлемі шағын, кейіпкерлер саны аз, сюжет ұйытқысын құрайтын оқиғаның басталуы, шарықтау шегі мен шешімі болады. Онда адам, оның өмірі мен тағдыры, аса маңызды деген оқиға жинақы беріледі. Мұнда бір айтылған жайларға қайта оралуға, тәтпіштеп баяндауға, ұзақ суреттеуге орын жоқ. Әңгіме жанры аз сурет арқылы көп жайды аңғарта білетін айрықша көркемдік шеберлікті талап етеді. Оқиға көбіне бірінші жақтан баяндалып, әңгімешінің оқиғаға тікелей қатыстылығын көрсетеді. Б. Майлин, Ж. Аймауытов, М. Әуезов,
Ғ. Мүсірепов, Ә.Кекілбаев, М.Мағауин, Т.Әбдіков т.б жазушылардың әңгімелері – қазақ әдебиетіндегі осы жанрда жазылған үздік шығармалар [1,137].
Академик З.Ахметовтің пікірінше, әңгіме оқиғаны баяндап айтуға негізделетін, қара сөзбен жазылған шағын көлемді шығарма. Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері алдымен оқиғаны баяндау тәсілі, композициялық, сюжеттік құрылысы, кейіпкер жүйесі арқылы анықталады. Әңгімеде әдетте бас-аяғы жинақы, тиянақты бір оқиға айтылады… Әңгімеде де басқа жанрлар секілді, алдымен адам – оның өмірі мен тағдыры көрінуі тиіс. Аса маңызды деген оқиға суреттелуі керек. Сөйтіп әңгіме көлемі шағын шығарма болғанымен, қаламгер үшін нағыз шеберлік мектебі екеніне сөз жоқ. Оған қатысатын кейіпкерлер де көп болмайды. Сюжет желісі бір арналы, ширақ келіп, тақырыбы мен идеясы айқын болады. Мұнда бір айтылған жайларға қайта оралуға, тәптіштеп баяндауға, ұзақ-сонар суреттеме жазуға орын жоқ. Бір оқиға, тартыс-қақтығысты бейнелеумен кейіпкерлердің мінез-тұлғасы толық, айқын көрініс тауып, маңызды ой-түйіндер жасалуы қажет. Әңгіме жанры аз сурет арқылы көп жайды аңғарта білетін айырықша көркемдік шеберлікті талап етеді.
Қысқа мерзімде оқылатын әңгіме оқырманға қыруар эстетикалық ләззат беру тек шебер жазушыларының ғана қолынан келеді: бес-он бет қана кішкене шығарма көлемінде үлкен өмірдің бір бөлген жарқ еткізіп жайып тастап, оқырман алдына қилы-қилы мінездің адамын жетелеп әкеп, жақсысына сүйсінтіп, жаманынан түңіліп отыру – ірі шеберлік[15, 37].
Әңгіме туралы ұғым. V сыныпта бірнеше авторлардың әр түрлі тақырыпқа жазған әңгімелері өтіледі. Әңгімені оқытпас бұрын оқушыларға біз ең алдымен әңгіме дегеніміз не екенін түсіндіріп кетеміз. Әдеби-теориялық ұғым беріп кеткен соң, оны мәнерлеп оқи білуге үйретеміз. Мәнерлеп оқи білген оқушы әңгімедегі оқиғаларды жақсы түсінеді, есінде ұзақ сақтайды.
Әңгімеде адамдар арасында болған әр алуан оқиғалар, қарым-қатынастар сөз болады.
Адамдар арасындағы оқиғалар адам мінезін жан-жақты көрсету арқылы беріледі. Ал шығармадағы адамдар арасында болған оқиғаларды көрсету әдісі – баяндау (оқиға туралы әңгімелеу) деп айтадыё. Екінші сөзбен айтсақ, оқиға қалай болғанын, қатысушылардың қимыл-әрекеттерін, олардың арасындағы тартыстың себебін автор өз атынан немесе қатысушы кейіпкер атынан не бірінші жақта, не үшінші жақта баяндайды.
Мысал үшін Бейімбет Майлиннің Түйебай атты әңгімесін мәнерлеп оқып, жалпы мазмұнымен танысқаннан кейін әңгімені талдауға үйретеміз. Ол үшін мұндағы баяндалған оқиғаны оқушыларға бірнеше сұрақтар беріп ауызша мазмұндатамыз.
– Бұл әңгімедегі оқиғаға қатысқан кімдер? (Түйебай, Түйебайдың ауылдас баласы, молда, ауыл балалары).
– Оқиға, негізінде, кімнің маңында берілген? (Түйебайдың басынан өткен оқиғалар).
– Түйебайдың басынан қандай оқиғалар өтті, атап айтыңдар? Оқушылар өздерінің жауаптарында Түйебайдың кімнің баласы екенін, тұрмыс күйін, әкесі оқуға қалай әкеліп бергенін, ескі ауылдағы молданың айуандық тәртібін, Түйебайдың көрген жәбірін, оның оқи алмай қалғанын кезекпен айтып шығады.
Сабақтың келесі сатысында оқытушы теориялық білім беру мақсатымен төмендегідей қорытынды пікірін айтады.
– Дұрыс, балалар, Түйебайдың басынан кешкен оқиғаларды рет-ретімен дұрыс айтып бердіңдер.
Міне, көркем шығармада өстіп оқиға қалай болғанын, қатысушылар не істегенін автор өз атынан немесе қатысушы кейіпкерлер атынан айтып береді. Бұл адамдардың қарым-қатынасын, әрекетін оқушыға білдірудің бір әдісі болып табылады. Мұндай әдісті әдебиет ғылымында баяндау деп атайды. Сонымен, баяндау дегеніміз оқиғаны автордың айтып берушілігі. Жоғарғы айтқандар түсінікті болу үшін оқытушы әңгімеден әжесі ауырып қалғандықтан, Түйебай бұзауға қарайлап, молданың сабағына кешігіп келгенін, молданың аяусыз жазалағанын, күн батарда жолдас баламен үйіне қайтып бара жатып, Келмеймін, шоқынып кетсем де, енді молданың алдын көре алман! деп, өкіріп қоя берген жеріне дейін үзіндіні оқып шығып, баяндаудың үлгісі осындай болатынын түсіндіреді. Баяндау туралы ұғым оқушының есінде қалуы үшін оқытушы оқушыларға оқулықтағы текстен баяндау бар жерлерді тауып оқып беруді ұсынады. Оқушылар оқып берген үзінділерге қарағанда, автордың оқиғаны баяндап беруін олардың дұрыс түсінгені байқалады. Ақырында осы Түйебай әңгімесінің тексті негізінде оқушыларға өз сөздерімен үшінші жақта баяндап, жазып келу тапсырылды.
Көркем шығармадағы баяндау әдісін түсіндіруге лайықты текстің бірі – Күн астындағы Күнікей қыз ертегісі. Ертегідегі жесір кемпірдің жалғыз баласының басынан өткен оқиға бастан-аяқ айтушының атынан баяндалып отыратынын оқушыларға білдірсек, баяндау ұғымы туралы түсінікті қайталап, есінде бекем сақтайды.
Бұл жерде баяндау әдісі шағын әңгімеде ғана емес, көлемді қара сөзді ертегіде де қолданылатынын байқатамыз.
Әңгімені өтуге арналған келесі сабақтарда баяндау әдісімен берілген оқиғаларды айтқызып, текстен тапқызып, оқытушы оқып беріп есіне түсіріп отырады.
Әңгімеде адамдар, олардың бір-бірімен қарым-қатысы, байланысы, күрес-тартысы немесе оқиғаның дамуы баяндау жолымен берілетінін түсіндіргеннен кейін, шығармада кездесетін суреттеулерді үйретеміз. Әңгімеде адамдар арасындағы оқиғалар баяндалумен бірге; олардың сыртқы пішіні, кескіні, мінез-құлқы, іс-әрекеті, күйініш-сүйініші, сейлеген сөзі, табиғат көрінісі, айналадағы заттардың суреті – барлығы да суреттеу тәсілімен беріледі.
Суреттеудің бір жолы – адам портретін, яғни қатысушылардың кескінін, келбетін, пішінін, тұлғасын оқушының көз алдына елестету. Мысалы, Ғ. Мүсіреповтың Ананың анасы деген әңгімесінде ананың портреті: Ана-бейшараның боз көйлегі жырым-жырым. Қолдары қарғаның тұяғындай қап-қара. Еріні қырық тілінген, жарық-жарық. Бірақ түйілген қабағынан, отжанған көзінен жаның шошырлық[18,56]. Не болмаса Б.Майлиннің Түйебай деген әңгімесінде молданың келбеті былай суреттеледі: Молдамыз – байдың үйінің ұстаған молдасы,түбі – қожа ма, сарт па, әлдекім. Сұрғылттау келген адам; шоқша сақалы бар. Мұртын таңқита қырып, көзіне сүрме сүртіп, төрт көзденеді де жүреді. Осы үзіндіден-ақ молданың қандай адам екені көрініп тұр. Молданың сыртқы суық суретінен оның қатал мінезді, мейірімсіз адам екені сезіледі. Жазушы молданың портретін сүйкімсіз, суық, оқушылар жиренетіндей етіп берген. Одан әрі оның Түйебайға жасаған қаталдығын оқығанда, оның портреті мен әрекеті сай, барып тұрған сүйкімсіз, ұнамсыз адамның бейнесі көз алдымызға келеді. Ал, керісінше, кедейдің баласы Түйебайдың портреті былай суреттелетінін салыстыра кетуге болады:
…Өзі жаяу, жалан аяқ, ерні кезеріп тілінген. Үстінде шоқпыт-шоқпыт қима шапанның жұрнағы бар.
Бұл үзіндіден Түйебай кедей баласы болғандықтан ауыр азапта өмір сүріп, ішсе тамаққа, кисе киімге жарымай жүргені, мүсәпір қалпына оқушының аянышты сезімін оятатыны баяндалады.
Осылайша оқушыларды суреттеудің бір түрі – портретпен таныстырып, оны текстен өздеріне тапқызуға да төселдіруіміз керек. Бағдарламаға сай өтілетін басқа әңгімелерді оқытқанда да портретпен жоғарғы айтқандай тәртіппен таныстырып, қайталап отырамыз. Ал жоғары сыныптарға барғанда портрет туралы мәліметтерінің басқа детальдарын айтып, білімдерін толықтыра, тереңдете түсеміз. Ақырында портрет те жазушының шығарма арқылы айтайын деген идеялық ойына лайықты жасалатынын айтамыз. Автор ұнамды кейіпкерлерінің портретін оқушы сүйсінерліктей ұнамды етіп суреттесе, ал ұнамсыз кейіпкерлерінің портретін, оның іс-әрекетін, мінез-құлқын ұнамсыз етіп суреттейді. Сондықтан шығармадағы кейіпкердің портретіне оның іс-әрекеті, мінез-құлқы, ой-арманы сай шығып отырады.
V сынып оқушыларын суреттеудің бір түрі – мінездемемен таныстырамыз.
Мінездеме туралы тақырып сұрақ-жауап түрінде өткізіледі. Оқытушы адам мінезі деп нені айтатынымызды, қандай мінездегі адамдарды білетінін, сыныптас жолдастарының мінездері қандай екенін айтқызады. Содан кейін өтейін деп отырған М. Әуезовтің Бүркітші әңгімесіне сүйене отырып, Бекболдың мінезін автор қай жерде, қалай бергенін байқатамыз.
Мінездеме туралы мәлімет бергенде оқушыларға ұнамды кейіпкердің мінездемесі мен ұнамсыз кейіпкердің мінездемесіндегі айырмашылықтарды байқата отыру қажет. Мысалы, Бекболдың мінездемесін жағымды кейіпкер ретінде танытсақ, ал сол әңгімедегі Сәтбектің мінездемесі ұнамсыз кейіпкерге тән болып төмендегідей шыққанын салыстыра байқатамыз
Бұл жерде ескере кететін бір жағдай – біз келтірген Сәтбектің мінездемесінде оның тек портреті (сырт пішіні) ғана емес, онымен бірге іс-әрекеті, шыққан ортасы, кәсібі, амал-айласы, т. б. аралас берілгендігін айта отыруымыз керек. Өйткені, осы көрсетілген қасиеттердің барлығы жан-жақты ұнамсыз тұрғыдан берілген.
Бағдарламаға сай өтілетін басқа әңгімелердегі ұнамды, ұнамсыз кейіпкерлерді, олардың портретін, мінездемесін жоғарғы тәсілдермен үйретеміз.
Шығарма кейіпкерлерінің күйініш-сүйініші де суреттеудің бір түріне жатады. Мұны да өтілейін деп отырған шығарма тексіне сүйене отырып түсіндіреміз. Мысалы,
Б. Майлиннің Түйебай атты әңгімесінде молданың Түйебайды сабағаны, Түйебайдың күйініші мынадай суреттеумен берілген:
Доңыз, сен тіл алмайтын кім едің! – деп молда қамшымен осып жіберді… Түйебай Молдекелей өкіріп қоя берді… Түйебай өксігі баспай кешке дейін жылады.
Оқы, – деп молда құлағын бұраса да, алақанымен жаққа шапалақтаса да, жылауды үдетпесе, қойған жоқ…
Бұл үзіндіден оқушылар Түйебайға аяушылық білдірсе, ал молдаға жиренішпен қарайды. Бұдан кейін Түйебайдың Шоқынып кетсем де молданың алдын кере алман!… деген түйінді сөзі кінәсіз жазаға шексіз күйініп ашынғанын керсетеді. Ескі оқудың ұнамсыз жақтарын көрсетуде Түйебайдың оқи алмай қалуына кімнің кінәлі екенін түсіндіруде, Түйебайдың күйінішін суреттеудің күшті тәрбиелік мәні бар.
Қөркем шығармаларда кейіпкерлердің күйініші ғана емес, сонымен қатар, олардың сүйініші де берілетінін текстен оқып беріп, одан кейін өздеріне тапқызып оқыттырып, білдіріп отырамыз. Кейіпкердің күйініш-сүйінішін оқушыларға мысалмен түсіндіргеннен кейін, оның қысқаша анықтамасын жаздырамыз.
Кейіпкерлердің өміріндегі қуанып, шаттануын, ренжіп, қайғыруын сипаттауды – күйініш-сүйінішін суреттеу дейміз.
Бағдарламаға сай басқа әңгімелерді өткенде кейіпкерлердің күйініштері мен сүйініштері суреттелген жерлерді оқушыларға байқатып, өздеріне тапқызып отырған жөн.
Оқушыларға суреттеудің бір түрі – п е й з а ж туралы да мәлімет береміз. Пейзаж – оқиғаның қандай жағдайда болғанын және сол оқиғаның болған жерлерін, мезгілін білдіру үшін қолданылады.
Ол үшін тағы да оқылып жатқан тектске байланысты оқушыларға сұрау қойып, жауап алу арқылы түсіндіреміз. Мысалы, Б. Майлиннің Түйебай әңгімесін өткенде, оқиға Түйебайдың құрдас баласының атынан баяндалатынын және мынадай суреттеуден басталатынын айтып, оқып береміз:
Біздің ауылдың жайлауы – Қоржынтомар дейтін жер… Томардың ортасы – кұрақты көл: біздің ауыл ылғи күншығыс жағында отырады. Ауыл отыратын жағында томардың кезең суаты бар. Бала-шаға күн ұзаққа сол суатқа суға түсіп, ішіміздегі бойшаңдарымыз орталықтағы құраққа да барады, ел жаңа көшіп келген әзірде, кұрақтың ішінде, ескі қамыс-саңылтырларды судың бетіне жинап үйіп, шағала жұмыртқа салады… Жұмыртқа іздейміз… Қей жерлерде су бетінде қалқыған ұя, шағып тастаған жұмыртқаның қабықтары кездеседі… Қей кездерде, ырысымыз жеңсе, қалқыған ұяның үстінен тап-тарғыл боп жатқан шағаланың кішкене сопақ жұмыртқасы кездеседі…
Бұл жерде Түйебай ауылының жайлауы қандай жерде болатынын, оның көрінісі, құстардың қайтып жұмыртқалайтыны шебер суреттелгенін байқатумен бірге, осы көріністерден:
– Оқиға жылдың қай мезгілінде болған? – деп сұрастырамыз. Оқушылар өздері-ақ:
– Жаз кезі – деп тұжырымдайды [4, 259].
Сонымен қорыта келгенде оқушыларға теориялық білімді бергеннен кейін

1.2. Әңгіме жанрын оқытудың маңызы мен әдіс-тәсілдері

Мектептегі оқу мен тәрбие оқушылардың жас ерекшелігіне, психологиясына байланысты ұйымдастырылады. Балаларға көркем шығарманы оқыту, кітапқа деген құмарлығы, сөз өнеріне деген ынтасы мен құлшынысын дамыту әдебиет пәнін оқытудың күрделі жұмыстарының бірі болып саналады. Бұл мәселелерде де оқушының психологиялық ерекшелігі, жасы, оқып жүрген сыныбы ескеріледі. Осыған орай әңгіме жанры мектептегі қазақ әдебиеті курсының бағдарламасында әр сыныпқа жіктеліп берілген. Бұл бағытта әңгіменің көлемі, мазмұны, көркемдік ерекшелігі ескерілген. Мысалы: 5-6 сынып оқушыларын әңгімеде көтерілген мәселелерден бұрын оның сюжеттік оқиғасы қызықтырады. Бұл жастағылар психологиясы, мінез-құлқы, физиологиялық жағынан балалықтан кетсе де, әлі қалыптасып, толысып жетпегендер. Сондықтан олардың жасына және қабылдау қабілетіне қарай қызықты, жалықтырмайтын көлемдегі әңгімелер беріледі. Әсіресе, 5-сынып оқушылары өте қиялшыл, сенгіш болып келеді. Олар қимыл-қозғалысы жағынан шапшаң, өте әсершіл, барлық нәрсені шындық деп қабылдайтын, жақсылыққа да, жамандыққа да құлай берілетіндер. Сондай ерекшеліктеріне қарай, тіпті, олардың оқулықтарында Құран Кәрімдегі түрлі аңызга ұқсас оқиғаларға құрылған Сымайыл, Зәмзәм деген әңгімелер де берілген. Әдеби шыгармаларды оқу, қабылдау ерекшеліктеріне келсек, бұл оқушылар поэзия, драмалық шығармалардан гөрі, әңгімелерді, қара сөзбен жазылған шығармаларды оқуға ынталы болып келеді. Олардың осы қасиеттерін мұғалім дер кезінде бағалап, одан айрылып қалмаудың жолдарын іздестіруі керек. Ол үшін оларға кітапты қалай оқу керектігін, оқып отырып, неге назар аудару керектігін меңгертіп, оқырмандық мәдениетін дамыту мақсатында үнемі басшылық жасап, ақыл-кеңес беріп отыру керек. Бұл бағытта оқушыға арнайы дәптер бастатып, оқыған әңгімелерін, оның қысқаша мазмұнын, кейіпкерлерін жазғызып отыру тиімді. Бұл жұмысты жасай отырып, оқушы үнемі кітап оқуға оның мазмұнын есте сақтауға дағдыланады[14, 20].
7-8 сынып оқушылары әңгіменің жалпы табиғатына, тақырып, идеясына, көтерілген мәселелерге терең үңіліп, жүйелі түсінуге ұмтылады. Себебі, балалар есейген сайын психологиясы, физиологиялық даму барысында өзіндік ерекшеліктері айқындалады. Олар айналаға, соның ішінде өнер туындыларына өз көзқарасымен қарай бастайды.
Әңгіме – эпикалық шығарма. Сондықтан басқа жанрға қарағанда әңгіме жанрын оқытудың өзіндік ерекшеліктері баршылық. Әңгіме жанрын оқытуда алға қояр мақсаттар:
1.Оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып, эстетикалық, интеллектуалдық, көркемдік, сезімдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру;
2.Оқырмандық тұрақты ынта-ықыласты, биік талғамды қалыптастыру;
3. Оқушыны әңгіме жанрын және онда бейнеленген құбылысты эстетикалық қабылдауына қажетті білім және білікпен қаруландыру;
4. Оқушының логикалық ойына, ауыз екі және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру.
Аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін әңгімені оқытуда белгілі бір міндеттер жүзеге асуы тиіс. Олар:
– әңгіме мәтінін оқытып, мазмұндап меңгерту;
– әңгімені табиғатына сай оқуға үйретіп, оның идеялық- эстетикалық мән-мағынасына терең бойлап, тебірене қабылдауына әсер ету;
– әңгімені оқуға деген қызығушылығын, ынтызарлығын оятып, жоғары эстетикалық талғам мен қажеттілікті қалыптастыру;
– әңгіме жанрының ерекшеліктерін түсініп тануға, ой көзімен зерделеуге болатын білім, білік, икем-дағдыларды қалыптастыру;
– әңгіме жанрын оқытудың шығармашылық сипатын күшейту, оқушылар шығармашылығына жүйелі педагогикалық ықпал жасау;
– оқу еңбегіндегі ой дербестігін, оқу әрекетін, образды ойлау, қайта елестете алу қабілеттерін дамытуға ықпал ету.
Оқушыларға ауызекі сөйлеу, жазу мәдениетін үйрету-оқыту мен тәрбие жұмысының ең маңызды мәселесі. Адамның күнделікті тұрмыста, қоғамдық жұмыс барысында өз ойын ауызша және жазбаша жүйелі, дұрыс сөйлей білуі мен сауатты жазуының маңызы зор. Бұл мектеп қабырғасында қалыптасады. Оқушыларды сөз қадірін біліп, оны орынды қолдануға үйретеді, өз пікірін анық, айқын жеткізе білуге баулу, мектепте, әсіресе, қазақ әдебиеті, қазақ тілі сабақтарында жүзеге асады. Оқушылар қазақтың әдеби тілін көркем шығармаларды оқу барысында жаттығу жұмыстары арқылы меңгереді. Әңгімені оқытуда тіл дамыту жұмыстарын мәтінді талдаумен, әңгімені мәнерлеп оқумен, ауызша мазмұндаумен, жоспар құрумен тығыз байланыста жүргізген тиімді. Ауызша, жазбаша тіл дамытуда мынадай жұмыс түрлері орындалуы тиіс:
1. Сөздік жұмысы;
2. Мазмұндау: а) әңгімеге жуық мазмұндау, ә) мәтін мазмұнын қысқартып тезис ретінде мазмұндау, б) мәтінді екінші жақта мазмұндау, в) қажетті үзінділерді мазмұндау, т. б.
3. Мәтінге жоспар құру: а) жай жоспар, ә) күрделі жоспар.
4. Шығарма жаздыру: а) әңгіме тақырыбына сай шығарма; ә) ұнаған эпизод бойынша шығарма; б) әңгіме мазмұнын қабылдауын байқау үшін эссе жаздыру. Әңгімені оқытуда да жалпы оқыту үдерісіндегідей мына екі түрлі қызмет жүзеге асады:
Біріншісі – мұғалімнің оқытуы, екіншісі – оқушының окуы. Мұғалім мен окушының осы арақатынасы әртүрлі оқушының қызметтері, оқыту әдістеріне жатады. Мысалы, мұғалімнің әңгімелесуі – әңгіме әдісі немесе кітаппен жүргізілетін жұмыс түрлері – кітаппен жұмыс әдісі, оқушының жауап беру әдісі – оқушының білімін тексеру әдісі деп аталады. Сонымен, әдіс-тәсіл оқытушы мен оқушы арасындағы жұмыс түрлеріне байланысты әртүрлі болып келеді. Мектептегі оқыту үдерісі – оқыту әдістері арқылы жүзеге асады. Мысалы, әңгіме мазмұнына сай пікірталас тудыратын сұрақтар оқушы белсенділігін арттыратын тәсілі болып келеді. Әңгімені оқытуда сөздік әдіс, көрнекілік әдіс, тәжірибелік әдіс, түсіндірмелі-иллюстративтік әдіс, эвристикалық әдіс, зерттеу әдісі, өзіндік жұмыс әдісі, проблемалық баяндау әдісі, мәнерлеп оқудың орны ерекше.
[14, 20].
Академик Ю.Н.Бабанский өзінің Оқу-тәрбие процесін оптималандыру деген еңбегінде әдістерді үш топқа жіктейді:
1. Оқушыларды оқу-таным қызметін ұйымдастыру әдістері;
2. Оқушылардың оқу таным қызметін көтермелеу әдісі.
3. Оқу-таным қызметінің тиімділігін бақылау әдістері.
Оқыту әдісі дегеніміз оқушылар мен мұғалімнің білімді меңгеру жолындағы тәсілі. Әңгімені оқытуда әдістерді оқыту құралдарынан ажырата алуымыз керек. Әдіс тек әрекетпен байланысты, ол үшін әрекеттің негізгі мақсаты болуы керек. Ал әр түрлі құралдарды қолдану әдістерге бағынышты. Құралдардың әр түрлі болуы әдістің құрылымын өзгертуге ықпал етеді. Әдістің жекелеген бөлімдерін амал деп атаймыз. Әдістер арқылы білім мазмұнын меңгертеміз.
Мұғалім оқушыларды оқытуда соңғы нәтижеге жеткізер деген әдіс-тәсілдерді таңдап алады.
Әңгімені оқытуда әдістерді қай мәнге пайдалану тиімді екенін төмендегі кесте арқылы көрсетуге болады: сөздік әдісі, көрнекілік әдісі, тәжірибелік әдісі, зерттеу әдісі.
Әңгімені оқыту әдісі тәісілдерді қай мәнге пайдалану тиімді екенін төмендегі кесте арқылы көрсетуге болады:

Сөздік әдісі
Көрнекілік әдісі
Тәжірибелік әдіс
Зерттеу әдіс
Сөздік әдістерінің әдебиет пәнінің күретамыры деуге болады. Сөздік әдістеріне әңгіме, лекция, пікірлесу, т.б. жатады. Әңгімені оқытуда жазушы өмірінен мәлімет бергенде, мәтін мазмұнын түсіндіргенде, талдағанда қолданылады.
Әңгімені оқытуда берілетін білім мазмұны көрнекілікті уакыт үнемдеуде, оқушының психологиясына әсер ету мақсатында қолданылады. Бұл топқа иллюстрация, суреттер, мүсіндер, портреттер, т.б. жатады. Оқушыны қызықтыру, ынталандыру мәселелерінің де маңызы зор.
Оқушылардың теориялық білімін практикада пайдалана білу дәрежелерін жетілдіреді. Бұл топқа әңгіме мәтінін меңгеру, көркем мәтінмен жұмыс, т.б. жатады. Әңгімені оқытуда кітаппен жұмыс кезінде жа- зушы тілін, стилін анықтауда тиімді.
Берілген білімнің ғылымилығын арттыру, қосымша материалдармен байыту, окушыларды іздендіру, өз беттерімен проблема шештіру мәселелерінде тиімді. Оқушылардың өз беттерінше қорытынды шығару дағдыларын же- тілдіруде өте пайдалы.

Сөздік әдістерінің әдебиет пәнінің күре тамыры деуге болады. Сөздік әдістеріне әңгіме, лекция, пікірлесу, т. б. жатады. Әңгімені оқытуда жазушы өмірінен мәлімет бергенде, мәтін мазмұнын түсіндіргенде, талдағанда қолданылады.
Әңгімені оқытуда берілетін білім мазмұны көрнекілікті тілеп тұрғанда, уақыт үнемдеуде, оқушының психологиясына әсер ету мақсатында қолданылады. Бұл топқа иллюстрация, суреттер, мүсіндер, портреттер, т. б. жатады.
Оқушыны қызықтыру, ынталандыру мәселелерініңде маңызы зор. Оқушылардың теориялық білімін практикада пайдалана білу дәрежелерін жетілдіреді. Бұл топқа әңгіме мәтінін меңгеру, көркем мәтінмен жұмыс, т. б. жатады.
Әңгімені оқытуда кітаппен жұмыс кезінде жазушы тілі, стилін анықтауға тиімді. Берілген білімнің ғылымилығын арттыру, қосымша материалдармен байыту, оқушылардың іздендіру, өз беттерімен проблема шештіру мәселелерінде тиімді. Оқушылардың өз беттерінше қорытынды шығару дағдыларын жетілдіруде өте пайдалы[8, 10].
Оқушылардың мәтінді түсініп, нақты сюжетті меңгеруінде жоспардың атқаратын рөлі айталықтай. Мұғалім жоспарды екі жолмен ұсына алады. Жоспарды оқушыларға дайын күйде алдын ала беріп, сол арқылы әңгіменің
сюжетін ашып, рет-ретімен баяндауға жол салуына болады немесе мұғалім мәтін мазмұнын аша отырып, оқушылармен бірлесе жоспар құрады. Мәселен, Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері бойынша бірнеше жоспар жасайық.
Бақша ағаштары әңгімесі.
Жоспар
1. Әке мен бала.
2. Баласының әкесіне қойған сауалы.
3. Әке сөзінің ғибраты.
Таза бұлақ әңгімесі.
Жоспар
1. Жолаушылардың бұлақ басында кездесуі.
2. Бұлақ басындағы сөздің мәнін ашуы:
– саудагердің сөзі;
– молданың сөзі;
– жас жігіттің сөзі.
– cөздің тәлімдік мәні.
Бай баласы мен жарлы баласы әңгімесі.
Жоспар
1. Асан мен Үсеннің адасып кетуі.
2. Үсеннің әрекеті.
3. Үсеннің әкеден алған тәлімі.
4. Балалардың ауылды табуы.
Осы әңгімелердің көлемі шағын болса да, маңызы аса терең. Жалпы, Ы.Алтынсарин шығармаларына тән қасиет қандай мәселенің де тәрбиелік, ғибраттың мәнін жете ашады. Әңгіме сюжетін терең береді. Алғашқы әңгімеде бақша ағаштарына қатысты баласы қойған сауалға әкесі бала, ұрпақ тәрбиесімен сабақтастыра жауап береді. Ағаштың екі түрлі өсу себебін балаға беретін тәрбиенің оң, терістігімен байланыстырады. Айнала қоршаған табиғаттың әдемілігін тануға, оны қорғауға үйретеді, ой салады. Сол арқылы айнала жаратылыстың көркемдігі адамға қаншалықты маңызды болса, сол табиғат ортасында жасайтын адамның оны қорғап, сақтауы соншалықты мәнді екенін ұғындырады. Мұғалім осы әңгіменің жетегінде өз оқушыларының табиғаттың жанды, жансыз құбылыстарын сақтап, қорғауға деген ойларына қозғау салады. Табиғат кереметіне байланысты аңыз, мақал-мәтел айтып, оның мәнін ашады.
Екінші әңгімеде бұлақ басында кездескен үш жолаушының ондағы тасқа жазылған Әй, жолаушы болсаң, осы бұлақтай бол деген сөздің мағынасын ашуда айтқан уәждерін келтіреді. Саудагер де, молда да өз түсініктерінің, жасап жүрген кәсіптерінің төңірегінде пікір білдірсе, әлі жас, ой-көңілі таза жас жігіт ойын сол таза қалпында береді. Бұлақтың көпті аялдататын себебінің өзі оның кірбіңсіз таза екендігінде. Ендеше ақын осы әңгімелері арқылы жас ұрпақтың санасына жер бетіндегі, айнала қоршаған ортадағы жақсылықты, мейірімділікті, еңбекқорлықты, тазалықты сіңіргісі келеді.
Үшінші әңгімеде автор екі түрлі әлеуметтік ортада өскен балалардың ауылдан көз жазып қалғандағы әрекеттерін суреттейді. Асан мұндай жағдайда не істерін білмей, дәрменсіз болып қалса, Үсен саспастан, ескі жұртты қарап, тауып алған заттарды балық аулауда, құсқа тұзақ құруда кәдеге жаратады. Соның бәрінде әкеден көрген, естіген тәлімдерін жадында ұстап, солардан түйгендерін пайдаланады. Тіпті, құсты ұстап алғанда, онымен ойнап барғысы келген Асанға тыйым айтып, әкесінің тірі жан иесінің обалы болатындығын айтқанын еске алады. Автор алдымен екі баланың екі түрлі жағдайда өскен әлеуметтік ортасынан хабар берсе, екіншіден еңбектің рөлін дәріптейді. Еңбекпен табылған дәмнің тәтті болатыны сияқты, Үсен әке қасында жүріп, күнделікті тамағын әрекетпен табумен бірге, әкесінің айтқандарын құлағына құйып өскендігін, соның керек жерде пайдаға асқанын көрсетеді. Осы әңгіме арқылы ата-ана кәсібіне құрметпен қарап, еңбек етуге жақын болу керектігін, халықтың салт-дәстүрін сақтау қажеттігін айтудың артықтығы жоқ.
Жазушы Ә.Кекілбаев жас ұрпақтың тәрбиесі туралы былай дейді: Өмірдегі бүгінгі өзгерістер қауырт, әрі түбегейлі. Қазір бір орында қадалып тұрып, ілгері басу қандай мүмкін болмаса, бар нәрсені сол қалпында қалдырып жаңа сапаға көтерілу сондай мүмкін емес. Осындай өзгеріске бірден-бір зәру жер – мектеп. Өйткені, мектеп өзгермей тұрып, адам өзгермейді. Бүгінгі мектеп өсіп-өніп жатқан адамзаттың кезекті бір жаңа буынын көзқарақты етумен қатар, дүниені сын кезеңнен алып шыға алатындай жаңа парасатты ұрпақ тәрбиелеуге тиіс. Ендеше, шағын әңгімеден түйетін тәлім терең екен. Оқушы көркем шығарма арқылы көптеген жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, көркем ойлауға, одан алған төлімін өмірде қолдануға үйренеді.
Қазақ әдебиетінде балаларға арналған шығармалар әр кезеңде де жазылып келеді. Халқымыз Баланы – жастан деген қағиданы алға ұстап, кемел адам қалыптастырудың қиын да киелі парызын … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз