Түркияда екі актер «билікке тіл тигізді» деген күдікке ілінді

0

Түркия прокуратурасы екі актерді президент Режеп Тайып Ердоған үкіметіне тіл тигізді және «төңкеріс жасап, кісі өлтіру қаупін тудырды» деген айыппен тергеп жатыр.

23 желтоқсан күні Стамбул прокуратурасы актерлер Метин Акпинар мен Мюджат Гезеннің БАҚ-та олардың телеарнадағы ток-шоуда айтқан сөздеріне қатысты тергеуге шақыртылғанын хабарлаған. Акпинар мен Гезен 21 желтоқсан күні оппозиция қолдайтын Halk TV телеарнасының бағдарламасына қатысқан. Бағдарламада Акпинар Түркияға демократиялық жолмен сайланған үкімет керегін, олай болмаған жағдайда халық оппозиция басшыларын «қалай өлтіргеніне куә болатынын» айтқан.

Ердоған актерлерді атын атамай, сынға алған. «Олар — жалған актерлер. Олар осы сөздеріне жауап береді» деген президент.

Түркия билігі оппозиция өкілдерін 2016 жылғы бүлікке қатысы бар деп қудалап отыр. Қазірге дейін елде бүлікке қатысты 77 мыңға таяу адам қамауға алынған.

Дереккөз: Азаттық